Home » Бастауыш » Туған жер — тұғырым

Туған жер — тұғырым

«Туған ел» ұғымы – адам жанына жылылық ұялататын өте ыстық ұғым. Қай кезеңде болмасын алыста жүрсе елін, туған жерін сағынбаған жан болмаған. Туған елге деген сүйіспеншілігін музыканттар көркем музыкамен, суретшілер әсем бояумен, ал ақындар еліне, жеріне, атамекеніне деген сүйіспеншілігін, махаббатын жыр жолдарымен, өлеңмен өрнектеген. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы «Туған жер» бағдарламасының да  мәні мен мазмұны осында болса керек. Біз – Қазақстан елінің ұрпағымыз. Осында туып, осында өсіп, білім алып келеміз. «Отан» деген ұғымды біз де ерекше түсініп, ерекше мән береміз. Сондықтан, біздің туған елге деген, Отанға деген, кіндік кескен жерімізге деген сүйіспеншілігіміз сезіну мақсатында Ө.Жолдасбеков атындағы №50 орта мектебінің 1 «Ә» сыныбында «Туған жерге туыңды тік» тақырыбында ертеңгілік өтті. Ертеңгілікте оқушылар Тараз қаласы туралы мағлұмат алды.

Г. Доланова,

Ө. Жолдасбеков атындағы №50 орта мектебінің

бастауыш сынып мұғалімі

Тараз қаласы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.