Home » Бастауыш » Біздің Елбасымыз

Біздің Елбасымыз

Ш. Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернатының «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы және аға тәлімгер А.К. Жусупбаеваның ұйымдастыруымен бастауыш сыныптар арасында Тұңғыш Президент күні қарсаңында «Біздің Елбасымыз» зияткерлік ойын-сайыс өтті. Сайысқа әр сыныптан алты-алты баладан бес топ қатысты. Сайыс келесі кезеңдерден тұрды: 1. Таныстыру, 2. Алғыр алтау/Сұрақ – жауап/ 3. Полиглот (үш тілде жауап беру), 4. Мақал — мәтелдің жалғасын табу, 5. «Егер мен елбасы болсам…» жобасын қорғау. «Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады» деген дана халқымыз. Біз білім теңізінен жүзіп өткенде ғана еліміздің тірегі, сүйеніші боламыз.

Тәуелсіздіктің көк байрағын көтерген сәті – Қазақстанның әр азаматы үшін қуаныш, көл-көсір зор оқиға, тарихтың үлкен бетбұрысы болғаны анық. Ғасырлар бойы бостандықты аңсаған қазақ халқы үшін бұл шынында да айтып жеткізілмейтін мол бақыт, асыл арманның жүзеге асуы еді. Осының бәрі еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың көрегендігі мен салиқалы саясатының арқасында!

       

Қаппас Фариза

Ш. Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернатының

«Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы мүшесі

Павлодар облысы, Баянауыл ауданы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.