Астана қаласының коммуналдық мемлекеттік мекемесі №46 «Самал» санаториялық балабақшасында қыркүйек айының 26 жұлдызында республикалық ғылыми-танымдық «Білім Айнасы» газетінің тілшісі Жансая Құрманғалиқызы мен балабақша тәрбиешілері әрі мұғалімдерінің қатысуымен «Педагогтардың шығармашылық дағдыларын дамыту» атты тренингі болып өтті. Жиын барысында публицистика жанры ретінде мақаланың түрлері мен құрылымы талқыланды. Педагогтар мен тәрбиешілердің тарапынан қойылған сұрақтарға толықтай жауап алынып, «Газет – халықтың көзі, ...
Толығырақ »Балабақша
«Жұлдыз» тобының күзгі серуені
29 Қыркүйек күні Төлеби ауданы, Бірінші мамыр ауылында орналасқан «Айсұлтан» балабақшасының «Жұлдыз» ересек тобының тәрбиешілері күзгі табиғат құбылыстарымен балаларды таныстырып, табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін арттыру, күзгі табиғаттың сұлулығы мен әсемдігін көре-білуге тәрбиелеу мақсатында күзгі серуенге шықты. Олар серуенді шаттық шеңберіне тұрып, күзге байланысты өлең жолдарымен бастағанды жөн көрді. Алтын күз бірде шуақ, бірде салқын, Жер мен көк жалтыраған сап-сары алтын. Ағашта ...
Толығырақ »Ұрпақ тәрбиесі – ұлт болашағы
«Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы» демекші, мақсатым – алдымдағы шәкірттеріме алдымен үлгілі тәрбие бере отырып, заман талабы мен ағымына сай қалыптасуына ықпал ету. Осы мақсатқа жету үшін көкейімде бірнеше сұрақтар туындайды. Мектепалды даярлық тобына алғаш келген бүлдіршінмен тәрбие жұмысын қалай ұйымдастыруға болады? Кешегі бүлдіршін – бүгінгі болашақ оқушы, ертеңгі ел азаматы. Алдымен, Тәуелсіз елде туған ұландар бақытты. Тәуелсіздігіміздің ...
Толығырақ »Тәрбиеші болу – бақыт!
«Адамның жақсы өмір сүруіне үш сапа негіз бола алады, олар – барлығынан басым болатын адал еңбек, мінсіз ақыл, таза жүрек. Бұл саналар адамды дүниеге келген күннен бастап тәрбиелейді» Ш. Құдайбердіұлы Шын жүрекпен қалаған кәсіп арқылы ғана және жемісті еңбек арқылы өмірлік несібеңді, абырой-беделіңді, қоғам алдындағы құрметіңді еселей аласың. Отбасында жеті бала өстік. Ең кішкентай сіңілімді ойнатып жүргенде «Кейін ...
Толығырақ »Мерейі үстем ұлағатты ұстаз
«Жақсының жақсылығын айт» жобасы бойынша Будумбаева Базиза Кашкеновна 19.05.1961 жылы Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауылында дүниеге келген. Семей қаласының М.Әуезов атындағы педагогикалық училищені 1982 жылы «мектепке дейінгі тәрбиеші» мамандығы бойынша бітірген. Ұстаздық қызметті 1982 жылы Семей қаласының Бородулиха ауылында тәрбиешіліктен бастады. Бұдан соң Шығыс Қазақстан облысындағы мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру мекемелерінің даярлық тобында он жылдай адал қызмет ...
Толығырақ »Тәрбиеші болу – бақыт
Мамандық – әрбір адамның болашағы, сондай-ақ шаруашылық көзі болып табылатын сүйікті іс. Мамандық таңдау үлкен жауапкершілікті қажет етеді. Баланың ең алғашқы тәрбиесі – отбасы болса, кейінгі баспалдағы балабақша болып табылады. Менің айтарым, егер, тәрбиеші ақылды болса, тәрбиеленуші дана болады. Тәрбиеші балаға деген ыстық ықыласын бір сөзбен айтып көрсетіп қана қоймай, бар жүрегімен және жан-тәнімен сезіне білуі қажет. Тәрбиешінің жұмысы күрделі де ...
Толығырақ »Адамгершілік — ізгілік нұры
Мақсаты: Балалардың «жақсылық», мейірімділік», «қайырымдылық» қоршаған ортаға деген махаббат құндылықтары жайлы түсініктерін кеңейту Шаттық шеңбері: Педагог балаларға шеңбер құрып тұруды ұсынады: — Балалар, ортаға шеңбер құрып тұра қалайық. Бір-біріңе жылы жүзбен қарап. Әр бала қасындағы көршісіне оның жақсы қасиетін білдіретін сөздерді айтып жүрекшені ұсынады. Мысалы, Сен мейірімдісің! Сен сыпайысың! Сен кішіпейілсің! Сен әдемісің! Сен ақылдысың! Сен ұқыптысың! Сен ақкөңілсің! Сен қайырымдысың! Сен ...
Толығырақ »Заманауи инновациялық әдістерді қолдану арқылы баланы жан-жақты дамыту жолдары
Заманауи инновациялық әдістерді қолдану арқылы баланы жан-жақты дамыту жолдары «Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында» (Н. Ә. Назарбаев) Қазіргі өмірдің өзінен туындап отырған талаптарды орындау, жаңашылдыққа жаршы болу үзіліссіз тәрбие негізінің бастау бұлағы мектепке дейінгі ұйымдардан басталған орынды. Бала тәрбиесі отбасынан бастау алады десек те, ғылымға негізделген әдіс-тәсілмен берілетін тәлім-тәрбие ісі көбінесе балабақшадан басталып, ...
Толығырақ »Жыл мезгілдері. Сайдалиева Элмира Арипжановна
Мақсаты: Білімділік: балаларға жыл мезгілдері жайлы, ондағы өзгерістер мен ерекшеліктер тұралы мағлұмат беру. Дамытушылық: балалардың сөздік қорын, ауызекі сөйлеу мәдениетін жетілдіру. Есте сақтау қабілетін арттыру. Зейінділікке, ұстамдылыққа. Тапқырлыққа баулу. Тәрбиелік: балаларды табиғатты қорғауға, оның сұлулығын сезіне білуге тәрбиелеу. Көрнекі құралдар: табиғат бейнеленген сурет, жыл мезгілдері, ерекшеліктеріне арналған үлестірмелі суреттер, ақ қағаз, жұмсақ түрлі түстегі салфетка, қайшы, желім. Әдіс-тәсілдер: әңгімелесу, түсіндіру, ...
Толығырақ »Ойыншықтар әлемінде. Хайруллаева Юлдуз Фархадовна
Мақсаты: Білімділік: ойыншықтардың атын, түсін қандай заттан жасалғанын, жекеше, көпше атауларын үйрету. Дамытушылық: балаларды сөзді анық айтып, дұрыс сөйлей білуге баулу, сөздік қорларын дамыту. Тәрбиелік: олармен қалай ойнау керектігін түсіндіріп, ұқыптылыққа, эстетикалық талғамдарын кеңейту, талдау, әдемілікке тәрбиелеу. Көрнекіліктер: доп, қуыршақ, жұмсақ ойыншықтар, матадан жасалған ойыншықтар. Іс-әрекет бөлімдері: Тәрбиешінің әрекеттері. Балалардың әрекеттері. Ұйымдастырушылық-оятушылық. Шаттық шеңбері: Балалар шаттық шеңберін құрып, бір-біріне жылы ...
Толығырақ »