Home » Балабақша » «Жұлдыз» тобының күзгі серуені

«Жұлдыз» тобының күзгі серуені

29 Қыркүйек күні Төлеби ауданы, Бірінші мамыр ауылында орналасқан «Айсұлтан» балабақшасының «Жұлдыз» ересек тобының тәрбиешілері күзгі табиғат құбылыстарымен балаларды таныстырып, табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін арттыру, күзгі табиғаттың сұлулығы мен әсемдігін көре-білуге тәрбиелеу мақсатында күзгі серуенге шықты. Олар серуенді шаттық шеңберіне тұрып, күзге байланысты өлең жолдарымен бастағанды жөн көрді.

Алтын күз бірде шуақ, бірде салқын,                              

Жер мен көк жалтыраған сап-сары алтын.

Ағашта жапырақтар сылдырлайды,

Төгілген алтын теңге сансыз жатқан.

Сары-алтын батсайыдай дала бидай,

Үйілген мая-мая қызыл бидай.

Қырманда қызыл алтын, қызыл маржан,

Жинайды жаратылыс берген сыйдай.

«Жұлдыз» тобының тәрбиешілері Жакипова Бақыт пен Жунисбекова Ботагөз балаларға күзгі табиғаттың ерекшеліктері мен табиғат құбылыстары жайлы кең мағлұмат берді.

  • Балалар, біз серуенге қайда шықтық?
  • Қазір жылдың қай мезгілі екен?
  • Күз мезгілінде қанша ай бар?
  • Бүгін ауа райы қандай екен?

Осы сынды сұрақтарға балалар қуанып, ерекше көңіл-күймен жарыса жауап берді. Осылайша балалар ойындар ойнап, еңбекке қажетті құрал-жабдықтармен айналаны жапырақтардан тазартуға ат салысты. Күзгі серуеніміз балаларға қатты ұнап, осы саяхат-сабақтан олар үлкен әсер алды.

 

Жұлдыз тобының тәрбиешілері:

Жунисбекова Ботагөз, Жакипова Бақыт

ОҚО, Төле би ауданы, Бірінші Мамыр ауылы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.