Home » Ашық сабақтар » Адамгершілік — ізгілік нұры

Адамгершілік — ізгілік нұры

Мақсаты: Балалардың «жақсылық», мейірімділік», «қайырымдылық» қоршаған ортаға деген махаббат құндылықтары жайлы түсініктерін кеңейту

  1. Шаттық шеңбері: Педагог балаларға шеңбер құрып тұруды ұсынады:

—   Балалар, ортаға шеңбер құрып тұра қалайық. Бір-біріңе жылы жүзбен қарап. Әр бала қасындағы көршісіне оның жақсы қасиетін білдіретін сөздерді айтып жүрекшені ұсынады. Мысалы, Сен мейірімдісің! Сен сыпайысың! Сен кішіпейілсің! Сен әдемісің! Сен ақылдысың! Сен ұқыптысың! Сен ақкөңілсің! Сен қайырымдысың! Сен ізеттісің! Адамгершілік болмай, әділдік болмас.

Өзіңді-өзің сыйламасаң, өзгеден сый күтпе.

Адамның ұяты бетінде, Адамгершілігі ниетінде.

 

 

 

 

 

  1. Жақсылық пен Жамандық. Ерте заманда Жақсылық пен Жамандық дос болыпты. Жақсылық тал ексе, Жамандық сындырып, құсқа ұя салса, бұзып тастапты. Бірде қатты дауыл тұрып, бет қаратпайтын жел болыпты. Бұлар тығылатын жер таба алмай тұрғанда, тал өзінің жапырағымен Жақсылықты қорғапты, Жамандық желмен домалап, үсті-басын қатты жарақаттапты. Қатты шөлдеген екеуі бір жұтым су таба алмай өлер болғанда, қарлығаш бір тамшы су әкеліп Жақсылыққа ұсыныпты. Жақсылық оны Жамандықпен бөлісіпті. Жамандық өзінің жасағандарына қатты ұялып, енді тек қана жақсы істер жасауға уәде беріпті.

  1. «Көбелектер әлемі»

Мақсаты: Релаксация және қиялын дамыту

     

Енді көздеріңді жәймен ашыңдар. Балалар кезекпен өздерінің сезімдері жайлы айтады. Мен көзімді жұмғанда…- деп бастайды. Мен көзімді жұмғанда, кереметтей жерлерді көріп, өзімді көбелекке ұқсаттым т.б                                                                                                                

  1. Қорытынды: Тренингтен алған әсерлерін білдіру үшін балалар өздері қалаған смайликтерге жүрекше іледі.
— Жақсы бала деген атқа лайық болу үшін біз ұқыпты, тілалғыш. Шыншыл, адал, қайырымды, еңбекқор, әдепті болуымыз керек. Тек сонда ғана сендер осындай жақсы қасиеттеріңмен айналаңдағыларға сыйлы, сүйкімді бола аласыңдар. Біз жүрегі жұмсақ, қамқор балалар ғана осындай жақсы азамат болып өсетінін білдік.

Бактыбаева Зауре Тугеловна

№ 9 «Бәйтерек» балабақшасы МКҚК

Педагог-психолог

Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.