Балабақша — бұл әр баланың өміріндегі маңызды кезеңі. Осы жерден баланың әрі қарай дамуына көз жеткізе аламыз. Көптеген жаңа нәрселерге үйренеді, басқа балалармен тіл табыса бастайды. Және мектепке дайындалады. Бақытты, уайымсыз балалық шақтары, алғашқы достары, алғашқы жетістіктері осы балабақшаның ішінде өтеді. Сондықтан да балабақша – бұл әр адамның өміріндегі қайта өткізгісі келетін кезеңі. Ал тәрбиешілер – баланың жан дүниесі, жақсы ...
Толығырақ »Балабақша
«Ризамыз саған», «Өзін-өзі тану әлемі»
«Өзін-өзі тану» адамзаттық құндылықтарды оқыту арқылы бойымызға рухани-адамгершілікті дамытады. Сондықтан балаға балабақшадан бастап ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, имандылық қасиеттерін сіңіріп, өз-өзіне сенімді, адамдар арасында өз орнын білу, өзін тұлға ретінде сезінуге тәрбиелейді. Бұл пән балаларды өмірге шынайы қарауға үйретеді. «Өзін-өзі тану» пәнінің өзіндік әдіс-тәсілдері, ерекшеліктері, шартты белгілері бар. Бұл пән біздің мектебімізде 2010 жылдан бері өткізіліп келеді. «Өзін-өзі тану» кабинеті ерекше ...
Толығырақ »«Тalent show» жобасы — болашақтың айнасы
2018 жылдың бірінші айынан бастап Тараз қаласының «Інжу» балабақша-мектеп гимназия кешенінде шығармашылық «Тalent show» жобасы басталды. Мектепке дейінгі мекеме — балалардың денсаулығын нығайтумен бірге бойындағы шығармашылық, тілдік қабілеттерін анықтап, дамытуға арналған ұйым. Еліміздің бүлдіршіндерінің болашағы жарқын болу үшін «Інжу» балабақшасы барлық жағдайды жасап, әрбір баланың бойындағы асыл қасиеттерді кәсіби мамандармен бірге анықтап, жеке тұлға қалыптастыруға өз үлесін қосуда. Осының нәтижесінде ...
Толығырақ »БАЛАБАҚША АЯСЫНДАҒЫ ТЕАТР – РУХАНИ ТӘРБИЕНІҢ ҚАЙНАР КӨЗІ
«Театр – адамның өзін-өзі сахнадан көріп, өзін-өзі түсінетін орын». Григори Ревзи Мектепке дейінгі жасөспірім баланы тәрбиелеу мен дамыту ісіне байланысты мақсаттарды шешуде театр ерекше рөл атқарады. Театрландырылған ойындар ойын-қойылымдары болып саналады, бұл жерде балаларға арналған көркемдік шығармаларды сахналық қойылымдарға айналдырып, оларды кейіпкер ретінде қатыстырудың маңызы зор. 2018 жылдың 1–ақпанында №39 «Балдәурен» балабақшасында Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімі мен М.Х. ...
Толығырақ »Мектеп алды даярлық тобына арналған сынып сағаты
Тақырыбы: Тілашар Мақсаты: Білімділігі: Баланың ойын дамытып, дүниетанымын қалыптастырып, ана тілінде сөйлеу шеберлігін түсіндіру. Дамытушылығы: Өлең жолдарын жаттатқызып, би билеуге үйрету. Тәрбиелігі: Оқушы бойындағы ерекше қабілетін ашу, адамгершілікке тәрбиелеу. Сабақтың көрнекілігі: Сандық, асықтар, презентация, суретті плакаттар, буклет. Сабақтың барысы: Мұғалім. Бақытты балдырғандар, құрметтері меймандар, тілашар сабағы ашық деп жариялаймыз. Тілі шыға бастаған бөбектің, тіл үйренуге құштар балдырғанның тілін одан әрі дамытып, ойы мен қиялын шарықтату ...
Толығырақ »Сарсекеева Галия. Құтты болсын, сиқырға толы Жаңа жыл!!!
ӘКЕМ, АНАМ ЖӘНЕ МЕН
Жақында Павлодар қаласының №20 балабақшада «Әкем, анам және мен» атты отбасылық спорт сайысы ұйымдастырылды. Мерекеге балабақша басшысы, әдіскер және барлық топтар қатысты. Ойынның әділ-қазылар құрамына: балабақша басшысы Гүлнәр Шаменовна мен тәрбиешісі: Бақыт Смағұловна сайланды. Сайысқа үш отбасы: Шабамбаевтар, Аблезовтар, Мұратбековтар отбасы қатысты. Жарыс 6 бөлімнен тұрды. «Менің жанұям», «Желаяқтар», «Теңге ілу», «Арқан тарту», «Қол күресі», «Қаппен секіру». Қызықты ойынның бірі — «Арқан тарту» ...
Толығырақ »БАЛА БОЙЫНА САЛТ-ДӘСТҮРІМІЗДІ СІҢІРЕ БІЛЕЙІК
Ұлттық өнер, мәдениет, ұлттың тарихи болмысы – ең қымбат байлық, қастерлі мұра. Сонымен қатар, ол – талай ғасырдан бері сақталып, бір арнаға тоғысқан, небір өткелден өтіп, қалыбына келген дүние. Оны бұзу, өзгерту, ұмыту мүмкін емес. Сондықтан, халқымыздың осындай әдет-ғұрыптарын жас сәбилердің бойына осы күнінен бастап сіңірген дұрыс. Қазіргі кезде балабақша табалдырығын аттаған балалардың көбі орысша тәрбиеленгендіктен, өз ана тілдерін қажетті ...
Толығырақ »Рухани дүниені қайта жаңғырту арқылы балаларымызды тәрбиелейміз
– Рухани жаңғыру жайы –көптен бері ойда жүрген мәселе. Ғалымдар да, зиялы қауым өкілдері де әр сөзінде, мақалаларында, басқа да жерлерде айтып жүретін. Жалпы, бізге қазір керегі – ХХІ ғасырда рухани дамудың жаңа парадигмасын жасау. Сол үшін нақты-нақты іс-шаралар керек. Шындығында, әлемдік дағдарыс болып, нарық экономикасына өтеміз, барлығын базар реттейді деп әуреленіп, біз руханиятты ұмытып бара жатырмыз. Руханият екінші сатыда ...
Толығырақ »«Балалық шақтың бесігі»
Жуырда «Жұлдыз» бөбекжай-балабақшасында «Балалық шақтың бесігі» деген атпен балабақша тәрбиеленушілерінің ата-аналарына арнап ашық есік күні болып өтті. Бұл ашық есік күнін ұйымдастырудағы мақсаты: ата-аналарларға балабақшаның тыныс-тіршілігін, бүлдіршіндерін іс-әрекетін және бала денсаулығын нығайтудың үйлесімді даму жағдайын көрсету. Таңертеңнен бастап ата-аналар ағыла келіп, балабақшаның күн тәртібімен танысып, баланың бір күндігін бақылау үшін топтарға бет алды. Қонақтар балабақша меңгерушісі С.Далдекеева жылы лебізбен қарсы ...
Толығырақ »