Home » Балабақша » «Тalent show» жобасы — болашақтың айнасы

«Тalent show» жобасы — болашақтың айнасы

2018 жылдың бірінші айынан бастап Тараз қаласының «Інжу» балабақша-мектеп гимназия кешенінде шығармашылық «Тalent show» жобасы басталды. Мектепке дейінгі мекеме — балалардың денсаулығын нығайтумен бірге бойындағы шығармашылық, тілдік қабілеттерін анықтап, дамытуға арналған ұйым. Еліміздің бүлдіршіндерінің болашағы жарқын болу үшін «Інжу» балабақшасы барлық жағдайды жасап, әрбір баланың бойындағы асыл қасиеттерді кәсіби мамандармен бірге анықтап, жеке тұлға қалыптастыруға өз үлесін қосуда. Осының нәтижесінде балабақшамызда педагог пен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту мен балалардың креативтілігін шыңдау мақсатында «Тalent show» жобасы ұйымдастырылды. Байқау үш кезеңнен тұрды. І кезең: «Таныстыру». Педагогтар мен балалар бір-бірін электронды қорлармен, ерекше стильде таныстырды. Мысалы, 5 жасар Егізбай Арда ескіден қол үзбей, жаңаға қол жеткізу арқылы заманауи стильде ұлттық нақышта өзін таныстырды. Педагогтарымыз бен бүлдіршіндеріміз қысқа метражды видео-роликтер түсіріп, балабақшада болатын қызықты сәттерін көрсете білді. ІІІ кезеңде қатысушылар өздерінің актерлік шеберліктерін және жан-жақтылығын көрсетті. 9 жұп 9 түрлі өнер көрсетті. «Өнерлі қыз-жарқыраған жұлдыз» демекші, балабақшамыздың кішкентай арулары ән айтып, би билеп көрермендерді таңқалдырды. Байқау соңында қатысушыларымызға «Кітап білім – бұлағы» демекші кітаптар мен дипломдар табыс етілді. Бас жүлдені 2,5 жасар Нұрғали Айқын мен тәрбиешісі Пусурманова Гүлмира жеңіп алды. 3 жүлделі орын мен 12 номинация бойынша мадақтама қағаздар берілді. Балабақша мен отбасы арасындағы ынтымақтастық бала тәрбиесінде үлкен рөлді атқарады. Байқау барысында балабақшамыздың педагогтары ата-ана-бала-педагог, яғни үштік пирамидасының арасындағы тығыз байланысты көрсете білді.
«Інжу» балабақшасының «Тalent show» жобасы жалғасын табады, себебі әрбір бала жарық жұлдыз, жарқырауына жол көрсету біздің міндетіміз.

Досымбекова Ақерке Тілеубекқызы

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.