Home » Балабақша » Мектеп алды даярлық тобына арналған сынып сағаты

Мектеп алды даярлық тобына арналған сынып сағаты

Тақырыбы: Тілашар

Мақсаты:

Білімділігі: Баланың ойын дамытып, дүниетанымын қалыптастырып, ана тілінде сөйлеу шеберлігін түсіндіру.

Дамытушылығы: Өлең жолдарын жаттатқызып, би билеуге үйрету.

Тәрбиелігі: Оқушы бойындағы ерекше қабілетін ашу, адамгершілікке  тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Сандық, асықтар, презентация, суретті плакаттар, буклет.

Сабақтың  барысы:

Мұғалім.

Бақытты балдырғандар, құрметтері меймандар, тілашар сабағы ашық деп жариялаймыз. Тілі шыға бастаған бөбектің, тіл үйренуге құштар балдырғанның тілін одан әрі дамытып, ойы мен қиялын шарықтату үшін халқымыз тілашар дәстүрін қалыптастырып, оны салтқа айналдырған. Тілашар дәстүріне жаңылтпаш айтқызу, санамақ жұмбақ, мақал – мәтел, өлең – жыр, мазақтамалар айтқызу жатады.

— Қане бәріміз орнымыздан тұрып бір – бірімізге күлімсіреп қарайық. — Жақсы балалар отырындар! Бүгінгі сабағымызды өте жақсы  көңіл күймен  өткізейік.

Бүгін біздің өтетін тақырып тілашар. Тілашар  дәстүрі – ана тілін үйретудің  негізі. Ананың ақ сүтімен бірге дарыған ана тілін терең білу  үлкен  бақыт.

Ана тілің арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте.

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тілінді  құрметте, — деп айтқандай, басқа тілді білу үшін ең әуелі ана тілін жақсы  білуіміз керек.

Енді балалардың өнерін тамашалайық

1- оқушы:

Отан – туған еліміз,

Отан туған туған жеріміз.

 2 – оқушы:

Отан дейміз от жаққан жерімізді,

Отан дейміз  өсірген елімізді.

3 – оқушы:

Отан дейміз туған жер, атамекен

Биік тау, орман, тоғай көлімізді.

4 – оқушы:

Отан туған жеріміз

Отан туған еліміз.

Мұғалім: Уа халайық, халайық.

Мұнда назар салайық.

Бүлдіршінің  ортада,

Тілашарын алайық.

Қайсы күйші, кім биші,

Талабына қарайық.

Кімдер зерек, кім тақыл,

Таланттарын табайық.

Бүлдіршіндердің әнін қабыл алыңыздар:

Ән. Біз өмірдің гүліміз оқушылар хормен.

Зеңгір көктен

Нұрын төккен,

Ортақ біздің күніміз.

Жайнап өскен,

Жайдары өскен,

Біз – өмірдің гүліміз.

Бал достыққа,

Жолдастыққа,

Шақырады  әніміз.

«Сырсандық» ойыны

Мақсаты: Балаларды берілген тапсырманы ойлана отырып шешуде, тапқырлыққа, шапшандыққа баулу. Ойын шартын түсініп, ондағы мақал – мәтел, жұмбақ, жаңылтпашты дұрыс, анық айтуға үйрету.

Көрнекілік: Сандық, түрлі – түсті асықтар, тапсырмалар жазылған

Ойын шарты: Сандық ішіне салынған түрлі – түсті асықтар қызыл, жасыл, сары түске боялған. Әр түске берілетін тапсырмалар әр түрлі. Ол тапсырмалар конвертке салынады.

Жасыл асық алған бала: жұмбақ жасырады, шешкізеді.

Сары  асық  алған бала: мақал – мәтел айтады.

Қызыл асық алған бала: тақпақ.

Көк асық алған бала: өлең оқиды.

Бүлдіршіндеріміз санамақ  та айта біледі.

Ал айтайын санамақ,

Аңғар санын санап – ақ.

Бір – білеу

Екі – егеу,

Үш дегенім — үскі

Сабы – бесеу,

Саны – нешеу?

Қорытынды:

— Құрметті көрермендер осымен біздің сабағымыз өз мәресіне жетіп қалды, тамашалағандарыңызға көптен – көп алғысымызды білдіреміз! Қош сау болыңыздар!

 Қарлығаш Накенова

 

[Total_Soft_Poll id=»2″]

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.