«Кір тигізбей ұста ойыңның өресін, мейірім етсең — мейірімділік көресің» Ж.Баласағұн Мейірімділік – ізгіліктің жолы. Жақсылық жасау дегеніміз адамдарға, айналаға, табиғатқа, қайырымдылық пен қамқорлық жасауды, көмек көрсетуді білдіреді. Адамдардың бір-біріне жиі жақсылық жасауы оларды жақындастырады, достастырады. Баланың бойына рухани-адамгершілік қасиеттерді ұялату, жақсы-жаманды ажырата білуге, адамдық асыл қасиеттерді игеруге ықпал етеді. Бір-бірімен қарым-қатынастарын жақсарту, оларды адамгершілікке, имандылыққа. шыншылдыққа, мейірімділікке тәрбиелейді. Жақсылық жасау-адам ...
Толығырақ »Мақалалар
Елбасы кітапханасында өткен ғажайып уақыт
Астана қаласындағы №66 мектеп-лицейдің 1-сынып оқушылары сынып болып «Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасына» барып қайтты. Алаш арысы, ұлт көшбасшысы Әлихан Бөкейхан атындағы көшеде орналасқан бұл зәулім, әрі көркімен көз тартатын ғимараттың іші де сырт келбеті секілді ерекше екен. Мектеп табалдырығын биыл ғана аттаған кішкентай шәкірттерінің асыл ұстазы, құрметті мұғалім Айгүл Таутанқызы бұл экскурсияға өз сыныбын алып барған еді. ...
Толығырақ »Әсерлі кездесу
«Туған жер» патриоттық бағдарламасының аясында Жезқазған қаласының №24 жалпы орта білім беретін мектебінде 9-11 сынып оқушыларының қатысуымен тау-кен өнеркәсібінің ардагері Сутбаев Султан Сутбаевичпен кездесу өткізілді. Кездесудің басты мақсаты – 9-11 сынып оқушыларының болашақ мамандық таңдауына бағыт-бағдар беру болды. Сутбаев Султан Сутбаевич – Жезқазған аймағына танымал инженер-гидреолог, ҚР кен орындарының құрметті барлаушысы, қазіргі уақытта Жезқазған қаласының қоғамдық кеңесінің мүшесі, қаламыздың құрметті ...
Толығырақ »Жаңа дәуірдің — төртінші революциялық кезеңнің жастары
Биылғы жылғы дәстүрлі Елбасы Жолдауы әрбір қазақстандықтарға тың серпін бергені анық. Елбасы Жолдауында сол төртінші өнеркәсіптік революцияның берер мүмкіндіктерін табуға арналған және ел болып, мемлекет болып әрекеттенудің анық алгоритмін беретін, қазақстандық қоғамды технологиялық және әлеуметтік жаңарту стратегиясына бағытталған 10 міндетті қойды. Мемлекет басшысы заманауи технологиялар әлемді өзгертті дей келе, «Жаһандық технологиялық ілгерілеулер өзімен бірге өсудің сын-қатерлері мен жаңа мүмкіндіктерін алып ...
Толығырақ »Ақпараттық технологияны дамыту — заман талабы
Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты — бәсекеге қабілетті маман дайындау. Мектеп – үйрететін орта, оның жүрегі — мұғалім. Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше тұс — оның сабақты түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне жол таба білуі. Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау — әр мұғалімнің борышы. Ол өз кәсібін, өз пәнін, барлық шәкіртін, мектебін шексіз сүйетін адам. Өзгермелі қоғамдағы жаңа ...
Толығырақ »ШӘКІРТ ҚИЯЛЫНА ҚАНАТ БІТІРГЕН ҰСТАЗ
Жаһандану заманында ұлттық бәсекеге қабілетті болудың көрсеткіші – білім деңгейімен өлшенеді. Сондықтан, әлемдік білім кеңістігіне кірігіп, білім беру жүйесін халықаралық биікке көтеру кезек күттірмейтін өзекті мәселе. Бұл мәселені шешудің кілті — ұстаздардың қолында. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев: «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер – бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелетін міндет ауыр» деген еді. Ұрпаққа тәрбие беру, ...
Толығырақ »Қазақстан рухани жаңғыру жолында. Жастар. Қоғам. Тәрбие.
Қазақстанның рухани жаңғыруы экономиканы инновациялылыққа қарай реформалау бойынша ауқымды міндеттер қояды. Бұл көптеген жаңашылдықтарды талап етеді. Сәйкесінше рухани жаңғыру экономиканың жаңа жаңғыруын нығайтуы керек. Бұл тұста мынадай сұрақ туындайды: Қазақстандық қоғамның әлеуметтік-мәдени ортасы осынша жаңашылдықтарға дайын ба? Себебі, олар қоғамның икемділік қабілетіне, білім деңгейіне, ғылым сапасына, халықтың кәсіпкерлік және азаматтық белсенділігіне көптеген талаптар қояды. Қоғамда ғасырлар бойы қалыптасқан мінез-құлық пен құндылықтардың ...
Толығырақ »БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЖҰМЫСТАРДЫ ЖАҢҒЫРТУ — БАСТЫ МІНДЕТ
Білім беру жүйесі — сабақтастығы бар білім беру бағдарламалары мен әр түрлі деңгей мен бағыттағы мемлекеттік білім беру стандарттары жүйесінің, оларды әртүрлі ұйымдастыру құқықтық формадағы, типтегі және түрдегі білім беру мекемелерінде іске асырушы тармақтардың, сонымен бірге білім беруді басқару органдары жүйесінің жиыны. Бiлiм беру жүйесi қоғамның әлеуметтiк – экономикалық дамуында жетекшi роль атқарады, сондай – ақ оны әрi қарай айқындай түседi. ...
Толығырақ »Еліміз үшін латын қарпіне көшудің маңыздылығы
Қазіргі таңда латын тіліне байланысты көтеріліп жатқан мәселе өзекті де, келелі. Себебі, Елбасымыз биылғы жылы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында «қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын бастауымыз керек. Біз бұл мәселеге неғұрлым дәйектілік қажеттігін терең түсініп, байыппен қарап келеміз және оған кірісуге Тәуелсіздік алғаннан бері мұқият дайындалдық» — деді. Сондықтан, латын әліпбиіне көшу кезек күттірмейтін мәселе. Қазіргі таңда ...
Толығырақ »Рухани жаңғыру өзіңнен басталады
Тәуелсіздік алған ширек ғасырда экономика біршама дамыды, халықтың тұрмысы да түзелді. Қазақ елі біреуден ілгері, біреуден кейін болса да әйтеуір тыныштық пен молшылықта күн кешуде. Бірақ, замандастарымыздың көбі күнкөріс қамының, тән құмарының соңына түсіп кетіп, руханияттан алшақтай бастады. Азаматы жан азығын алмаған соң қоғамды түрлі індеттер меңдеп барады. Жалақорлық, жемқорлық, жағымпаздық, жеңілтектік, көзбояушылық, тасбауырлық… Ішімізден ірітіп, адамдықтан алыстатып бара жатқан ...
Толығырақ »