Home » Жаңалықтар » Ақпараттық технологияны дамыту — заман талабы

Ақпараттық технологияны дамыту — заман талабы

Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты — бәсекеге қабілетті маман дайындау. Мектеп – үйрететін орта, оның жүрегі — мұғалім. Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше тұс — оның сабақты түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне жол таба білуі. Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау — әр мұғалімнің борышы. Ол өз кәсібін, өз пәнін, барлық шәкіртін, мектебін шексіз сүйетін адам. Өзгермелі қоғамдағы жаңа формация мұғалімі – педагогикалық құралдардың барлығын меңгерген, тұрақты өзін — өзі жетілдіруге талпынған, рухани дамыған, толысқан шығармашыл тұлға құзыреті. Бір уақытта педагог, психолог және оқу-процесін ұйымдастырушы технолог бола білуі керек. Сонымен қатар оқушының шектеусіз қабілетін дамыта алатындай білім берудің әлемдік кеңістігін құруға қабілетті бола білуі шарт. Бұдан мұғалімнің мамандық шеберлігі анықталады. Басқаша айтқанда, білім беруді ақпараттандыру процесі мұғалімнің дайындық деңгейі мен мамандық сапасына үлкен талап қояды. Ол мұғалімнің өзін-өзі дамуына, өзіндік білім алуына және шығармашылық түрде өздігінен қызметтерін іске асыруға мүмкіндік береді. Сондықтан мұғалімдерді жаңа ақпараттық технологияны өз қызметтеріне еркін пайдалана білуіне және оқыту құралы ретінде пайдалану бағыттары бойынша білімдерін көтеру және қайта даярлау курстарының мазмұнын өзгертіп, жасақтау қажеттілігі туындады. Педагог мамандардың біліктілігін көтеру және қайта даярлауда ақпаратттық әлемде оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың негізгі құралдарын, жаңа әдістер мен формаларды кез келген уақытта таба білуіне мүмкіндік туғызу. Мұндай жағдайда педагог мамандар өзін-өзі дамытуына және өздігінен білім алуына мүмкіндік алады. Бұл жағдайда дамытудың өзектілігі – жаңа ақпараттық коммуникациялық технологияны оқу-тәрбие процесіне жан-жақты, әрі еркін пайдалана білуге үйрету дайындау кезеңдерінің сапалығымен анықталады.
Адамзаттың қолы жеткен ең үлкен табыстарының бірі – осы ақпарат. Бірақ оны шектен тыс ашық қолдана берсе, жастар санасын улайтын да нәрсеге айналып кетуі мүмкін. Бұл ақпараттың пассивті түрде пайдаланатын бөлігінің артуына байланысты болып отыр. Интернеттің кең таралуына орай ақпарат таратудың бақылауға көнбейтін кері процесінің күнен-күнге артып бара жатқаны байқалады.
Біріккен ұлттар ұйымының шешімімен «ХХІ ғасыр – ақпараттандыру ғасыры» деп аталады. Қазақстан Республикасы да ғылыми-техникалық прогрестің негізгі белгісі – қоғамды ақпараттандыру болатын жаңа кезеңіне енді. Қоғамды ақпараттандыру – экономиканың, ғылымның, мәдениеттің дамуының негізгі шарттарының бірі. Осы мәселені шешудегі басты рөл мектепке жүктеледі.
Соңғы жылдары заман ағымына сай күнделікті сабаққа компьютер, электрондық оқулық, интерактивті тақта қолдану жақсы нәтиже беруде. Білім беру жүйесі электрондық байланыс, ақпарат алмасу, интернет, электрондық пошта, телеконференция, On-line сабақтар арқылы іске асырылуда.
«Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет» деп, Елбасы атап көрсеткендей жас ұрпаққа білім беру жолында интерактивті технологияны оқу үрдісінде оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы зор. Қазіргі заманғы ақпараттық технологиялар әрбір оқушының білім беру үрдісіне шығармашылық қабілетін дамытуға айқын мүмкіндіктер береді. Сондай-ақ оқушының танымдық іс-әрекеттері күшейіп, өзіндік жұмыстарды тез орындау мүмкіндіктері артады.
Қазіргі кезде оқу үрдісінде интерактивті тақта мүмкіндіктерін кеңінен қолдану сипат алуда. Үкіметіміздің білімге деген қамқорлығының арқасында мектептер заманауи технологиялармен жабдықталу үстінде. Осы орайда интерактивті тақталардың алатын орны ерекше. Activstudio бағдарламасымен қамтамасыз ету арқылы интерактивті тақтамен оқыту технологиясы – оқу үрдісін белсенді, қарқынды етудің бірден-бір жолы. Интерактивті тақта мүмкіндіктерін пайдалана отырып өткізген сабақтар мұғалімнің оқу процесінде уақытын үнемдей отырып, оқушыларға көптеген ақпараттарды беруге көмектеседі. Ол әр түрлі түспен көркемделіп, дыбыстармен, мултьмедиялық-операциялық ортамен құрылған сабақ. Activstudio бағдарламасының көмегімен жасалатын дыбысты, суретті сабақ көрнекілігі флипчарттарды сабақ барысында тиімді қолдану қолдану сабақ үрдісінің сапасын арттырып, оқушылардың қызығушылығы мен ақпараттық мәдениетін арттыруына және мұғалімнің сабақ кезеңдерін жүзеге асыру уақытын үнемдеуіне септігін тигізетініне бүгінгі таңда көзіміз жетіп отыр. Интерактивті тақтаның керемет мүмкіндіктері оқушыларды таңғалдырады, шабыттандырады.
Жаңа ақпараттық технологияның негізгі ерекшелігі – бұл оқушыларға өз бетімен немесе бірлескен түрде шығармашылық жұмыспен шұғылдануға, ізденуге, өз жұмысының нәтижесін көріп, өз өзіне сын көзбен қарауына және жеткен жетістігінен ләззат алуға мүмкіндік береді. Ол үшін мұғалім өткізетін сабағының түрін дұрыс таңдай білуі қажет.
Сондықтан, ХХІ ғасыр информатика ғасыры, яғни ақпараттандыру технологиясы дамыған заманда мемлекетіміздің болашағы – жас ұрпаққа заман талабына сай білім беріп, жан-жақты дамуына ықпал ету мұғалімнен шығармашылық ізденісті, үлкен сұранысты талап етеді.
Бүгінгі таңдағы ақпараттық қоғам аймағындағы оқушылардың ойлау қабілетін қалыптастыратын және компьютерлік оқыту ісін дамытатын жалпы заңдылықтардан тарайтын педагогикалық технологиялардың тиімділігі жоғары деп есептейміз.
Оқушының білімін көтерудің ең бастысы-пәнге деген қызығушылығын арттыру. Қызығушылықты тудырудың тәсілдері көп. Олар: түрлі дидактикалық ойындар,сайыстар, жарыстар, кештер, үйірмелер, олимпиадалар.Сабақтың ойын түрінде өткізілуі сынып оқушыларының жалпы көңіл-күйлерінің көтерілуін, яғни белсендіктерін және пәнге деген қызығушылықтарын арттыруға ықпал етеді.
Ақпараттық технологиямен оқыту барысында оқушылардың дайындық деңгейін анықтау, келесі деңгейге өткізу сияқты жұмыстарды мұғалім орнына компьютердің басқару мүмкіндігі бар. Сонымен қатар, оқушылардың дайындық деңгейлерін компьютер анықтап, егер оқушы білімі қанағаттандырса келесі тапсырмаға өтуге рұқсат береді, яғни мұнда оқытуды тікелей компьютер басқарады.
Ақпараттық технология негізінде оқушы ақпараттық кеңістіктен өз бетімен білім алып, өзін-өзі дамыта алады. Компьютер жұмысының тиімділігін құрайтын бір бөлік ол – Ғаламтор желісінің қызметін пайдалану. Ғаламтор желісінде көп мұғалімге де, оқушыға да қажет көптеген сайттар бар. Қашықтықтан ұйымдастырылған әр түрлі байқаулар мен олимпиадаларға қатысу балалардың дүниетанымын кеңейтіп, оқуға деген қызығушылығын арттыра түседі. Біріншіден, Ғаламторда қажетті материалдарды іздеп табуға, сондай- ақ түрлі пәндерді оқыту бойынша сабақтардың толық кешендері; екіншіден – компьютер уақытты үнемдеуге және көрнекілік материалдарды тиімді пайдалануға да болады. Оқу- тәрбиелеу үрдісіне ғылым негіздерін тереңірек оқытуға, оқушылардың танымдарын кеңейтуге, түрлі бағдарламаларды меңгеруге бағытталған үйірмелер, факультатив пен курстар енгізу компьютерлік техниканы тиімді қолдану жағдайының бірі болып табылады.
АКТ — педагогтың мүмкіндігін күшейтетін құрал, бірақ ол мұғалімді алмастыра алмайды. Компьютер мүмкіндіктері психология мен дидактика тұрғысынан талданып, керек кезінде педагогикалык талаптарға сай қолданылуы керек. Окыту бағдарламасының тек сыртқы емес, ішкі тиімділігіне көп көңіл бөлген жөн. Компьютердің сызбалық мүмкіндігінің молдығы дәрістік сабақтарды бояулы суреттермен, сызбалармен, кестелермен байыта түсуге жол ашады, оларды есеп шарттарына да пайдалануға болады.
Ақпараттық-коммуникациялық технологияны оқу-тәрбие процессiне пайдалану оның келесi педагогикалық мүмкiндiктердi жүзеге асыруға мүмкiндiк бередi:
— оқушының дайындық деңгейiн, ынтасын және қабылдау жылдамдығын ескеру арқылы жаңа материалды меңгертуге байланысты оқытуды ұйымдастыру және оқыту процесiне жаңа ақпараттық технологияның мүмкiндiктерiн пайдалану;

— оқытудың жаңа әдiстерi мен формаларын (проблемалық, ұйымдастырушылық-iс-әрекеттiк компьютерлiк ойындар және т.б.);

— проблемалық, зерттеу, аналитикалық және модельдеу әдiстерiн қолдану арқылы классикалық әдiстердi жетiлдiру;

— жаңа ақпараттық технология құралдарын (жаңа типтi компьютерлер, телекоммуникация, виртуальды орта және мультимедиа-технология) пайдалану арқылы оқу процесiнiң материалдық-техникалық базасын жетiлдiру.

Қорыта келгенде ХХІ ғасыр компьютерлік ақпараттар заманы. Жер бетінде болып жатқан жаңалықтар мен өзгерістер туралы спутник арқылы, интернет арқылы күн сайын, сағат сайын мағлұмат алып отырған жас жеткіншектерді басқа нәрсемен таңдандыру жаңа сабақты айтып, тыңдата білу мұғалімнің міндеті және оқушыны қазіргі қоғам сұранысына сай өзінің өмірлік іс әрекетінде дербес компьютердің құралдарын қажетті деңгейде пайдалана алатындай жан-жақты дара тұлға тәрбиелеу.

 

 Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 маусымдағы № 832 Қаулысы).
  2. «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2012 жылғы 27 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауы.
  3. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» («Егемен Қазақстан»), 2012 ж. 10 шілде мақаласы.

Самарканова А.А.,
«Өрлеу» «Біліктілікті Арттыру Ұлттық Орталығы»
АҚ филиалы«Алматы облысы
бойынша педагогикалық қызметкерлердің
біліктілігін арттыру институты

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.