Home » Жаңалықтар » Жаңа дәуірдің — төртінші революциялық кезеңнің жастары

Жаңа дәуірдің — төртінші революциялық кезеңнің жастары

Биылғы жылғы дәстүрлі Елбасы Жолдауы әрбір қазақстандықтарға тың серпін бергені анық. Елбасы Жолдауында сол төртінші өнеркәсіптік революцияның берер мүмкіндіктерін табуға арналған және ел болып, мемлекет болып әрекеттенудің анық алгоритмін беретін, қазақстандық қоғамды технологиялық және әлеуметтік жаңарту стратегиясына бағытталған 10 міндетті қойды. Мемлекет басшысы заманауи технологиялар әлемді өзгертті дей келе, «Жаһандық технологиялық ілгерілеулер өзімен бірге өсудің сын-қатерлері мен жаңа мүмкіндіктерін алып келуде» деп атап өтті.
Елбасы Жолдауындағы төртінші өнеркәсіптік революция дегеніміз — цифрлық технологиялар ревалюциясы. Жолдаудағы төртінші міндет «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы да жастар үшін өте маңызды деп ойлаймын. Өйткені қазір жоғары оқу орындарында ашылып жатқан цифрлық кабинеттер жастардың болашақта өнімді жұмыс істеуіне түрткі болады. «Елбасы әрдайым болашақ жастардың қолында, мен жастарға сенемін» деп жатады. Біз жастар Қазақстанда болып жатқан өзгерістерге атсалысуға, түсінуге және соны енгізуге үлес қосу үшін жұмыс жасауымыз керек. Мысалы; Жолдаудағы адам капиталының сапасын арттыру деген жетінші міндетке келер болсақ, жастардың ішкі рухани дамуына үлес қосуға міндеттіміз.
Жолдаудың басты бағдары экономиканың барлық саласын қамтитын жаппай цифрландыру болып табылады. Елбасы «Барлық жастағы азаматтарды қамтитын білім беру ісінде өзіміздің озық жүйемізді құруды жетілдіру. Білім беру бағдарламаларының негізгі басымдығы өзгерістерге үнемі бейім болу және жаңа білімді меңгеру қабілетін дамыту болуға тиіс»-деп атап өтті. Жастардың ақпараттық технолгияны және үштілді игеруіне, тиіпті IT-технологиялар салаларын зерттеу ісінде басымдық берді. Жас ғалымдарымыздың ғылыми гранттар аясында квота бөліп, олардың қолдаудың жүйелі сасатын жүргізу керектігін ашып айтты. Бұл жастар үшін таптырмас мол мүмікіндік.
Жаңа дәуір-төртінші революциялық кезеңнің жастары қандай болу керек? Индустрияның қалыптасу барысында жаңа манадықтардың пайда болуы, түлектер құзіреттілігіне қойылатын талаптардың өзгеруі білімнің мағынасы мен мазмұнын түбегейлі қайта қарауды, оқытудың жаңа технологиялары мен әдістерін енгізуді талап етеді. Осындай жаңа талапқа сай мамандықты игерген жасар Жолдауда көрсетілген кез-келген міндетті атақара алатын креативті, басқар білуді, өз әрекетін басқалармен үйлестіре білетін жаңа дәуірдің толқындары болары анық.

Нұрғалиева Назым,
И.Әбдікәрімов атындағы
жоғары аграрлық техникалық колледжінің
«Құрылыс бұйымдары және құрастырылымдар өнірісі»
мамандығының І курс студенті

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.