Home » Назарбаев Зияткерлік мектептері (Назарбаев Интеллектуальные школы) (page 17)

Назарбаев Зияткерлік мектептері (Назарбаев Интеллектуальные школы)

«Көктем шақырады» атты шеберлік сағаты өтті

Павлодар қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде Павлодар облысының 80 жылдығына арналған 7-9 сынып оқушылары арасында «Көктем шақырады» атты шеберлік сағаты өтті. Бұл іс-шара өңіріміздегі саусақтарынан бал тамған, соның ішінде өз істерінің қас шеберлері Кенжекөл орта мектебінің, №1 балалар өнер мектебі, Павлодар мемлекетті педагогикалық университеті және өзіміздің мектебіміздің ұстазы мен жатақхана тәрбиешілерінің қатысуымен жүзеге асты. Оқушылардың таңдауына аниматор сурет, қыш ...

Толығырақ »

КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУ

Жақында  Павлодар қаласындағы химия-биология бағыты бойынша тереңдете оқытатын Назарбаев Зияткерлік мектебінде базалық мектептерге арналған критериалды бағалау жөнінде семинар өтті. Семинар жұмысына облыстың 60-тан астам педагогтары мен Инновациялық орталағының әдіскерлері қатысты. Іс-шара екі кезеңді қамтыды. Теориялық бөлімінде «Павлодар қаласындағы педагогикалық шеберлік орталығы» филиалының тренері Айдарханова Ирина Ивановна «Қысқа мерзімді жоспарлаудың негізгі компоненттері» атты тақырыпта келелі мәселелерді қозғады. Биология пәнінің мұғалімі Кощеуглова ...

Толығырақ »

Зияткерлік мектептердің «алтын» наурызы

Назарбаев Зияткерлік мектептері үшін наурыз шынайы «алтын» ай болды. Жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы республикалық олимпиаданың қорытындысы бойынша НЗМ үздік деп танылды. Зияткерлік мектептердің жалпы қоржынында – 16 алтын, 22 күміс, 25 қола медалі бар. Назарбаев Зияткерлік мектептері жаратылыстану-математикалық бағытта 12 алтын, 12 күміс, 15 қола медальді жеңіп, республикалық олимпиаданың «2018 жылдың үздік олимпиадалық тобы» атанды. Олимпиада Атырау қаласында ұйымдастырылып, оған ...

Толығырақ »

Теміржан мен Тенгиз табысты оралды

Семей қаласындағы физика – математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12 сынып оқушылары Теміржан Юсупов пен Тенгиз Ибраевтардың танымалдығы күн сайын артып келеді. Білімге құштар, жаңашылдыққа жақын жүретін жас өрендер  жуырда ҚР Білім және Ғылым министрлігі ұйымдастырған жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушылардың республикалық олимпиадасында жүлделі орыннан көрінді. Қарт Каспийдің жағасы Атырауда өткен биылғы білім бәйгесінде Теміржан информатика пәні бойынша бағын ...

Толығырақ »

Әріптесіміз Еуропаны мойындатты

Алған біліміне тоқмейілсімей, үнемі ізденіс үстінде жүретін ұстаздардың бірі – Асхат Жұмабеков. Жуырда ол тағы бір халықаралық сында бағын сынап, жеңімпаз атанды. Мектебіміздегі физика пәні мұғалімдері әдістемелік бірлестігінің жекешісі Еуропалық білім беру саласындағы зерттеулер қауымдастығының болашақ (PhD) ғылым докторлары үшін ұйымдастырған сайыста жақсы жағынан көрінді. Зерттеушілер арасындағы байланысты нығайтып, докторлық диссертацияларға қолдау білдіруді, әлемнің мықты ғалымдары мен сарапшылары тартылған түрлі ...

Толығырақ »

Мектеп кітапханаларын дамыту уақыт талабы

Бүгін химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің кітапханасында «Білім салтанаты – кітап салтанаты» тақырыбында кең көлемде семинар-практикум өткізіліп, іс-шараға облыстық, қалалық және аудандық кітапхана қызметкерлері қатысты. Семинар-практикум «Назарбаев Зияткерлік мектеп кітапханасының жобалары», «Электронды ресурстармен жұмыс», «Оқу мәдениетін қалыптастырудағы белсенді әдістер» сынды үш бағытта ұйымдастырылды. Мектеп кітапханашылары А.Е.Демишева мен А.М.Алпамысова Назарбаев Зияткерлік мектептеріндегі «Bookcrossing»,  «Readx», «Reading time», «100 кітап» жобаларының жүзеге асырылуы ...

Толығырақ »

Гүлфарида Накипбекова. Жаңа мазмұнды білім беруде не өзгерді?

“Жаңа заманның жаңа адамын тәрбиелейтін ұстаздар, сіздер, ізденіс пен ілгерілеуден жалықпаңыздар. Олар заман талабына сай тәрбиеленуі тиіс” Н.Ә. Назарбаев. Жиырма бірінші ғасырдың оқушысына білім беру үшін ұстаз да сол ғасырға сай болу тиіс. Техникалық заманауи құралдарды қолдану сауаттылығы немесе қолданудағы ептілік пен шапшаңдық жағынан өскелең ұрпаққа ілесе отырып, оларға үлкен ақпарат ағынында адасып кетпеуге зор ықпал ететін мұғалім ғана өзін ...

Толығырақ »

Аягөздегі апатқа ұстаздар жылу жинады

Өткен аптада облысымызға қарасты Аягөз ауданында болған табиғат апаты ел тұрғындарын елең еткізді. Айтып келмейтін апат салдары қалалықтарды айтарлықтай әбігерге салды. Абырой болғанда адам шығыны жоқ. Дегенмен, қолындағы барынан айрылып, көңілі құлазып отырған ағайынға жәрдем беріп, жұбатуға ұмтылған жанашыр жандар алғашқы күні –ақ табылды. Солардың қатарында Семей қаласындағы физика –математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің ұжымы да бар. Мектеп кураторы Кристина ...

Толығырақ »

Ұлы мақсаттар мекені

  Жақсы өмірдің үш ингредиенті бар: оқу, табыс және сағыныш Кристофер  Морлей[1]    Мен, Шолтық Нартай Советханұлы, иісі қазақтың маңдайына біткен, Алаштың ордасы, қасиетті қарт Семейдің төріне жайғасқан қастерлі мекен – «Назарбаев атындағы зияткерлік мектебінің» шаңырағы астында еңбегінен бақытын тапқан ұлағатты жандардың қатарындағы жауынгерлердің бірімін. Осынау келбетіне мазмұны жарасқан, кілең тұлпарлар мен тарландарды тағалайтын заманауи білім ордасында 2011 жылдың сәуірінен ...

Толығырақ »

Жаңартылған білім мазмұны сабақтан тыс іс–шараларда да маңызға ие

Жаңартылған білім мазмұны — еліміздің білім саласына жаңа леп алып келген тың үдерістің бірі. Қазір жалпы білім беретін орта мектептерде осы бағдарламаның мән-маңызы тереңдете түсіндіріліп, ұстаздарға сабақ беру барысы үйретілуде. Бұл тарапта Семей қаласындағы физика –математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің де атқарып отырған шаруасы аз емес. Жуырда Зияткерлік мектеп ұстаздары шаһарымыздағы №3 жалпы білім беретін орта мектебінде өткізілген пәндік апталыққа ...

Толығырақ »