КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУ

Жақында  Павлодар қаласындағы химия-биология бағыты бойынша тереңдете оқытатын Назарбаев Зияткерлік мектебінде базалық мектептерге арналған критериалды бағалау жөнінде семинар өтті. Семинар жұмысына облыстың 60-тан астам педагогтары мен Инновациялық орталағының әдіскерлері қатысты.
Іс-шара екі кезеңді қамтыды. Теориялық бөлімінде «Павлодар қаласындағы педагогикалық шеберлік орталығы» филиалының тренері Айдарханова Ирина Ивановна «Қысқа мерзімді жоспарлаудың негізгі компоненттері» атты тақырыпта келелі мәселелерді қозғады. Биология пәнінің мұғалімі Кощеуглова Бибигуль «Қалыптастырушы бағалауды тиімді ұйымдастыру (дескриптор, кері байланыс, тиімді сұрақтар)», Балыкова Бибигуль «Жиынтық бағалауды жүргізу» тақырыптарында тұшымды ойларымен бөлісті.

Екінші бөлімде семинарға қатысушылар математика, химия, биология, физика пәндерінен қалыптастырушы және жиынтық бағалаулар бойынша практикалық жұмыстар орындады.   Соңынан семинар қорытындысы жасалып, ұстаздарға әдістемелік ұсыныстар жасалды.

Айгүл МОЛДАШ,
Павлодар қаласы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.