Home » Назарбаев Зияткерлік мектептері (Назарбаев Интеллектуальные школы) (page 16)

Назарбаев Зияткерлік мектептері (Назарбаев Интеллектуальные школы)

БАСПАСӨЗ МӘЛІМДЕМЕСІ

Біздің миссиямыз – зияткерлік әлеуетке ие көшбасшыларды өмір бойы білім алуға дайындау және шабыттандыру  Ең үздік стартапқа 300 мың теңге берілді Сәуірдің 21-і күні Ақтау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде 7-11 сынып оқушылары мен колледж студенттеріне арналған «Caspian Start-Up 2018» стартаптар байқауының ақтық кезеңі өтті. Аталған байқау аясында іріктелген 20 стартап жобаның ішіндегі ең үздіктері анықталып, демеушілер және кәсіпкерлер тағайындаған жалпы ...

Толығырақ »

Ойы ұшқыр, қолы жылдам өрендер жарысты

Ұлт Көшбасшысы Н.Ә. Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде Рубик текшесін жылдамдықпен жинау бойынша «NIS CUBE SEMEY» атты 1-қалалық біріншілік өтті.  Біріншілікке қатысуға қала және қала маңындағы ауылдардың  45 орта мектебінен 6 мен 16 жас аралығындағы 360 оқушы ниет білдіріпті. Кейінгі кездері өскелең ұрпақ арасында ерекше қызығушылық тудырған ой-қиял мен жылдамдық жарысына Рубик текшесін ...

Толығырақ »

Мектеп түлегі – мақтанышымыз!

Семей қаласындағы физика –математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің абыройын мектеп оқушылары ғана емес, мектеп қабырғасынан түлеп ұшқан түлектері де аспандатып жүр. Мәселен, алтын ұямыздың 2016 жылғы түлегі Алпамыс Майлыбаев өзі білім алатын Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының базасында ТМД мемлекеттерінің  жоғары оқу орындары курсанттарының арасында математика пәнінен өткен IV Халықаралық олимпиадада екінші орынға қол жеткізіп, Қазақстан Қарулы күштерінің мәртебесін өсірді. ...

Толығырақ »

Зияткерлердің сыйлығы

Орал қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары «Мейірімді жүрек» жобасы барысында Брайн үлгісінде жасалған тактилді қазақ әліппесін және 46 шығарма жазылған алты аудиокітапты облыстық көздері нашар көретін балаларға арналған арнаулы мектеп-интернатына сыйлады. Бұл игі іс «Қоғамға қызмет ету» жобасы аясында «Зияткерлер достарын қарсы алады» дәстүрлі шарасы аясында жүзеге асырылды. Зияткер шәкірттер  дәл осындай кітаптарды облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған ...

Толығырақ »

Ернар ерледі

Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде дарынды балалар жетерлік. Алған білімінің арқасында өз қатарластарынан оз шауып, бәйге алып жүргендердің бірі – Ернар Серік. Мектебіміздің 11 сынып оқушысы жуырда «Әл-Фараби» республикалық олимпиадасында жүлделі орынға ілігіп, 2-дәрежелі дипломмен марапатталды. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің қабырғасында өткен білім додасына Ернар қос бірдей кезеңнен өту нәтижесінде қатысып отыр. Алғашқы екі кезеңде онлайн арқылы ...

Толығырақ »

Алғашқы қадам олжаға толы

Семей қаласындағы физика –математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің өнерлі оқушылары кезекті жетістіктерімен қуантты. Қаламызда «Үркер» шығармашылық орталығының ұйымдастыруымен өткен «Ұлы дала дарыны» атты Халықаралық өнер мен білім байқауына қатысқан 3 шәкіртімізде жеңіс тұғырынан көріне білді. 6 мен 23 жас аралығындағы өнерлі жастардың басын біріктірген байқау Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қолға алынған. Байқау 2 күнге созылып, үміткерлер ...

Толығырақ »

Игі іс жалғасын тапты

Семей қаласындағы физика –математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі мен Шәкәрім атындағы Мемлекеттік университеті арасындағы әріптестік байланыс орнағалы көп уақыт өтті. Өңіріміздегі іргелі білім ошақтарының қол қойған екіжақты меморандумының аясында Зияткерлік мектепте еңбек етуші шетелдік ұстаздар университеттің физика, химия, биология, информатика факультеттері студенттерінің ағылшын тілін жетілдіруге көмектеседі. — Бұл біздің студенттер үшін үлкен мүмкіндік. Өйткені, бүгінгі таңда ешбір жерде ағылшын тілі ...

Толығырақ »

Көркем шығармаларды оқудың тиімділігі

Қазақ әдебиеті түрлі көркем шығармаларға бай. Бірақ сол шығармаларды оқып, өзіне  үлкен ой-түйін алып жатқандардың саны шамалы. Ұлы Абайдай жазушылардың еңбектерін оқудың тиімділігі туралы бірі білсе, бірі білмейді. Егер олар көркем шығармаларды оқудың тиімділігі туралы білгенде, кітапханаларды босатпаушы еді. Көркем әдебиетті оқу адамның рухани баюына  біден-бір септігін тигізеді. Әрбір шығарманың бетін ашқан сайын оқып отырған адам оның тылсым дүниесімен, жаңа ...

Толығырақ »

Үлкен әлемді өзгерту, кішкентай әрекеттерден басталады

Бір көк тудың астында жүздеген ұлт пен ұлыс өкілдерінің, ондаған діни конфессиялардың бірлік пен ынтымақтастықта өмір сүруі – Қазақстанның сырлы тарихы мен асқақ үміт артылған болашағы арасындағы алтын көпір. Бұл – қазақ халқымыздың сұрапыл соғыс, аштық пен небір қиямет кездердегі заманның қатігездігіне мойымай көрсеткен бауырмалдығы, көрегендігі мен рух биіктігінің негізінен бастау алған құндылық. Бұл – қазіргі қазақстандық қоғамның тыныштығын сақтайтын ...

Толығырақ »

КЕМЕРОВОДАҒЫ ОҚИҒА ӘРКІМДІ ОЙЛАНТУЫ КЕРЕК

Кемероводағы өрт әлем назарын өзіне аударды. Қызыл жалын салдарынан қыршынынан қиылған балалардың өлімі қабырғамызды қайыстырып -ақ тұр. Бірақ жүректері қан жылап, жақынынан айрылған жандарға жұбату айтқаннан артық қолымыздан келер шара жоқ. Көршілес Ресейде болған өрт оқиғасы еліміздегі адамдар жиі жиналатын ойын-сауық орталықтарындағы өрт қауіпсіздігін тағы бір мәрте пысықтауға, кем-кетігі болса толықтыруға ескерту жасағандай. Бұл ретте білім ошақтарын бірінші кезекке қоюымыз ...

Толығырақ »