Сіздерді 16 желтоқсан — Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Халқымызға ғасырлар бойғы арман болған тәуелсіздік, егемендік ұстанымдарын биікке көтеретін бұл күн – біздің Отанымыздың әрбір азамат үшін қастерлі мереке. Бұл мереке күнтізбеде « Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық Заңының 1991 жылы 16 желтоқсанда қабылдануына байланысты тұрақты түрде аталып өтіледі. Бізді бұл күнге дейін жеткізген ұмытылмас оқиғалар ...
Толығырақ »Жаңалықтар
Дөңгелек үстел
«Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» Алматы қаласы Білім басқармасының 2020 жылғы 18 қарашадағы №4-18-4 / 4219-І хаты негізінде, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес, №102 ЖББМ-де «Болашаққа бағдар : рухани жаңғыру» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. 8-11 сынып оқушылары үш тілде өз ойларын айтып, болашаққа деген өз жоспарларымен бөлісті. Дөңгелек үстел барысында көптеген сұрақтар талқыланып, оларға жауап берілді: ...
Толығырақ »82 МЛРД ТЕҢГЕГЕ ЖУЫҚ ҚАРЖЫ БӨЛІНЕДІ, АЛ ЖАЛАҚЫ – 136 МЫҢ ТЕҢГЕ
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ADAL BILIM жобалық кеңсесінің әкімшісі Сергей Пен университет оқытушылары неге ғылыммен айналыспайтыны туралы айтты. «Оның басты себебі — ғалымдардың жалақысының төмендігі. Егер бакалавриат, магистратура, докторантура түлектері ғылыммен айналысқысы келсе де, экономикалық жағдайлар кедергі келтіреді. Қазір дарынды жастарды академиялық жолға шақыру қиын. Елімізде ғылымға 82 млрд. теңгеге жуық қаржы бөлінеді. Соған қарамастан Ғылым комитетіне қарасты ғылыми ұйымдардың орташа ...
Толығырақ »ЛӘЗЗАТ ҚҰСАЙЫНОВА – ҒАЛЫМДАРДЫҢ ЖАЛАҚЫСЫН ЗАҢДАСТЫРУ ҚАЖЕТ
Ғалымдардың жалақысын заң жүзінде қарастыру қажет. Мұндай ұсынысты ҚР БҒМ Ғылым комитеті төрағасының экс-орынбасары Ләззат Құсайынова ADAL BILIM платформасында өткен тікелей эфир барысында айтты. Қазақстандық ғылымды дамытуға және ғылыми жобаларға гранттық қаржыландыруды бөлуге қатысты мәселелер ғалымдар арасында талқыланды. Эфир барысында Халықаралық ғылыми ынтымақтастық орталығының президенті әлеуметтік қамсыздандыру жүйесі бойынша ғалымдардың жалақысы мемлекеттік қызметкерлермен теңестірілетінін атап өтті. «Мемлекеттік қызметкерлер үшін «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік ...
Толығырақ »Оралдағы зияткерлік мектепте қос жыр бәйгесі өтті
Қазақтың ұлы ағартушысы Абай Құнанбайұлының шығармашылығын дәріптеу мақсатындағы сайыста мектеп оқушылары ақынның өлеңдерін, мектеп қызметкерлері – ойшылдың қара сөздерін, ал ата-аналар – поэмаларын жатқа айтудан додаға түсті. Облыстық көркемсөз оқуларында қарсыластарынан оза шауып жүрген 7-сынып оқушысы Ерасыл Жүсіптің бұл жолы да бағы жанды. Абайдың 40 өлеңін жатқа білетін жас зияткер бас жүлдені қанжығалап, электронды самокатқа ие болды. Ал Манашевтар әулетінде ...
Толығырақ »Жоғары оқу орындарының басты клиенті – қоғам мен жұмыс беруші
2021 жылы қазақстандық жоғары білімнің алдында жаңа сын-қатерлер тұр. Кезекті Бизнес-кеңестің тақырыбы да осы мәселеге арналған: «Жаһандық және жергілікті сын-қатерлер контексіндегі Қазақстанның жоғары білімі». Мұндай кеңестердің мақсаты әлемдік деңгейдегі білім беруді дамытуға және студенттердің еңбек нарығында сұранысқа ие дағдыларды қалыптастыруына ықпал ету дейді ұйымдастырушылар. «Нарықта жоғары білімі бар түлектер саны өте көп, бірақ олардың сапасы нашар. Бүгінде білім ...
Толығырақ »Туризмді дамыту бойынша дәстүрлі консультативтік кеңес өтті
Нұр-Сұлтан қаласында туризмді дамыту бойынша дәстүрлі консультативтік кеңес өтті. KAZGUU Жоғары гуманитарлық мектебі жұмыс берушілермен бірлесіп «Туризм» және «Қонақжайлылық» бойынша білім беру бағдарламаларын талқылады. Жұмыс берушілердің пікірінше, туризм саласында оқып жатқан студенттің кәсіби дамуы өндірістік практика кезінде шыңдалады. Сондықтан тәжірибеден өту уақытын 30%-ға дейін арттыру ұсынылды. Жиында түлектердің цифрлық дағдыларын Digital marketing және It in Hospitality сияқты курстар арқылы ...
Толығырақ »Елордада лингвистерді даярлаудың жолдары талқыланды
Елордада тіл білімі мамандары мен жұмыс берушілер Консультативті кеңесте жиналып, қостілді білім беруді дамытудың жолдарын талқылады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, Қазақстанда қазақ-ағылшын тілдерін бірдей деңгейде білетін кәсіби лингвистердің жоқтығы — өзекті мәселелердің бірі. Кездесу барысында қазақ тілін халықаралық қатынастарда қолданудың жолдары мен «Қазақ-ағылшын тілі және лингвистика» бағдарламасының траекториясы талқыланды. Аталған бағдарлама қазақ және ағылшын тілдері бойынша қостілді мамандарды даярлауға бағытталған. «Қазақстандық жоғары ...
Толығырақ »Тәлімгер мен жас мұғалімнің педагогикалық дуэті
Ұстаз деген сөзді айту сондай бақыт сияқты көрінеді. Еңбектеген баладан, еңкейген қарияға дейін ұстаздың алдынан тағылымы мол тәрбие алатынымыз ақиқат. Ханды да, қараны да тәрбиелейтін — ұстаз. «Қазақтың ханы бір, жаны бір жолбасшысы – мұғалім». «Алты алаштың баласы бас қосса, қадірлі орын- мұғалімдікі», — деп алаштың ардақтысы Мағжан Жұмабаев айтқан еді. Алаш баласы үшін өзінің емес, өзгенің бақытын аялаған теріскейлік ...
Толығырақ »Жамбылдық студенттер үздіктер қатарында
27 қараша күні Жамбыл облыстық білім басқармасының мәжіліс залында «ҚР колледждерінің ТОП 100 студенті» байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. ҚР Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова бейнебайланыс арқылы барлық өңір жеңімпаздарын құттықтады. Сондай-ақ, әр өңірдің жеңімпаздары қатарластарын жеңістерімен құттықтап, ұстаздарына Алғыстарын жеткізді. Биылғы жылы «ҚР колледждерінің ТОП 100 студенті» байқауы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ұйымдастыруымен екінші жыл қатарынан ...
Толығырақ »