Home » Жаңалықтар » Отанымыздың тәуелсіздік күні құтты болсын, көк аспанымызбен астасқан көк туымыз әрдайым биіктен желбірей берсін!

Отанымыздың тәуелсіздік күні құтты болсын, көк аспанымызбен астасқан көк туымыз әрдайым биіктен желбірей берсін!

Сіздерді  16  желтоқсан  —  Қазақстан    Республикасының        Тәуелсіздігі      күні мерекесімен    шын   жүректен    құттықтаймын!   Халқымызға   ғасырлар     бойғы   арман    болған   тәуелсіздік, егемендік  ұстанымдарын    биікке    көтеретін    бұл   күн     –     біздің      Отанымыздың       әрбір   азамат    үшін    қастерлі   мереке.   Бұл      мереке        күнтізбеде   « Қазақстан   Республикасының   мемлекеттік  тәуелсіздігі   туралы»         Конституциялық  Заңының   1991   жылы   16   желтоқсанда  қабылдануына    байланысты   тұрақты     түрде аталып  өтіледі.

Бізді  бұл  күнге дейін  жеткізген  ұмытылмас  оқиғалар  — ел  қорғау  соғыстары,  ұлт- азаттық  көтерілістері, қандай  ауыртпалақты  да  көтере  білген,  жасымайтын  асқақ жігерлі рухы, қайтпайтын  табандылығы —  өшпес  өнеге,  өлмес мұра   ретінде   сақталуға тиіс.   Бұл   еркіндік  сүйгіш,  патриоттық   дәстүр   16 —  желтоқсан    оқиғаларын а  дейін  жалғасты.       Осылайша       бұл        тәуелсіздік      күннің     оңайлықпен         келмегенін   білеміз.Тәуелсіздігімізді жариялағаннан  бергі мезгіл ішінде көптеген елеулі    табыстарға қол   жеткіздік.  Бұл   Президентіміздің   жүргізіп  отырған парасатты  көреген саясатының  нәтижесі- Еліміздің   тыныштығы  мен   қаупсіздігінің ,  көп   ұлтты   Қазақстан  халқының жарастығы  мен  ынтымақтастығының арқасында  болып  отыр.

Отанымыздың   Қазақстанға   деген     құрметтеу    сезімін   әкелетін   бүгінгідей мереке  күні  алға  қарай  тағы  да   берік сеніммен   қарап  болашақтың  тыныш  өмірінің негізін  қалау  үшін қазір  де  бұл  бағыттағы  іс- әрекетті жалғастыру   керек.    Қоғамдық өмір  сабақтары  мен   Отанымыздың   мүддесі  қазіргі  таңда  патриоттық  дәстүрге   сай  келетін  жатқан   жаңа  талаптарды   қойып  отыр. Ендеше    әрқашан   да  әрқайсмыздың «кішкіне  отбасымыздан басталатын кеңбайтақ  ұлы   Отанымыздың»   тәуелсіздік   күні құтты  болсын, көк   аспанымызбен  астасқан  көк  туымыз  әрдайым  биіктен   желбірей берсін!

Курбанова Сахидям Ташмухамедовна
Алматы  қаласы №101 мектеп- гимназияның

кітапхана меңгерушісі 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.