Home » Жаңалықтар » Дөңгелек үстел

Дөңгелек үстел

«Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру»

                Алматы қаласы Білім басқармасының 2020 жылғы 18 қарашадағы №4-18-4 / 4219-І хаты негізінде, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес, №102 ЖББМ-де «Болашаққа бағдар : рухани жаңғыру» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. 8-11 сынып оқушылары үш тілде өз ойларын айтып, болашаққа деген өз жоспарларымен бөлісті.

Дөңгелек үстел барысында  көптеген сұрақтар талқыланып, оларға жауап берілді:

  • Тәуелсіздіктің ақ таңы біздер үшін баға жетпес байлық!
  • Тәуелсіз елдің ұланына артылар жауапкершіліктер?
  • Неліктен әрбір қазақстандық бәсекеге қабілетті болуы керек? Неліктен білімге табыну маңызды?…

Сәл тарихқа шегініс жасар болсақ, 1991 жылғы 1 желтоқсанда, алғаш рет жалпыхалықтық сайлау өтіп, егемен Қазақстанның негізін салушы — Нұрсұлтан Назарбаев тұңғыш рет Президент болып сайланды. Сайлауға қатысқандардың 98,78%-ы жақтап дауыс берді. Бұл жаңа мемлекет қалыптасуының өтпелі кезеңінде сенімді басшыға өз тағдырын тапсырған Қазақстан халқының жауапты таңдауы еді. Шын мәнінде, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың салиқалы саясатының арқасында тәуелсіз Қазақ елі қалыптасып, тарихымыз түгенделіп, тіліміз, дініміз және діліміз қайта оралып, мемлекетіміздің ұлттық рәміздері қабылданды. Қазақстанның шынайы егемендігін қамтамасыз еткен маңызды мемлекеттік актілерге қол қойылды. Мәселен, 1991 жылдың 29 тамызында Нұрсұлтан Назарбаевтың Семей ядролық полигонын жабу туралы Жарлығы шықты… Қысқасы, Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігінің іргетасы осылай қаланды.

10 желтоқсан күні Алматыдағы Республика сарайында Президентті ұлықтау рәсімі өтті. Нұрсұлтан На­зарбаев республиканың көпэтносты халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының Конституциясын қатаң сақтауға, азаматтардың еркіндігі мен құқықтарын кепілдендіруге, Қазақстан Республикасының Пре­зидентіне жүктелген міндеттерді адал орындауға ант берді. Одан кейінгі мемлекет құрылысының табысты жылдары Мемлекет басшысының 1991 жылғы 10 желтоқсанда Қазақстан халқына берген антын тұтастай және толық орындағанын көрсетті.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының Конс­титуциялық заңы 1991 жылғы 16 желтоқсан күні қабылданды. Осы заң негізінде еліміз өзінің Тәуелсіздігін жария етті.
Шындығы сол, «Қазақстан Рес­пуб­ликасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заңды қабылдау жаңа тәуелсіз мемлеке­ті­міздің шынайы егемендігінің бастауы болды. Тыңнан түрен салған Қазақстан халқы, оның Көшбасшысы тәуелсіз мемлекеттің басым бағыттарын нығайтты. Ең алдымен шынайы егемендікті жария етіп, сыртқы әлемге танылуға қол жеткізілді. Ғасырлар тоғысып, заман алмасып жатты. Өзгермеген бір-ақ нәрсе! Ол -егемен ел болам деген қазақтың арманы еді. Иә, Елбасы қадап айтқандай, Қазақстан халқы — білімге, ғылымға құмар халық. Оған сауаттылық жа­ғы­нан Қазақстанның әлемдік көрсеткіш бойынша 4-орында тұрғанын айтсақ та жеткілікті.
Н.Назарбаев армандаған болашақ Қазақстан қандай?
Ол — ана тілінде еркін сөйлейтін, орыс тілін игерген, ағылшын тілін меңгерген ұрпақтың Қазақстаны.

Дөңгелек үстел барысында  тәуелсіздігімізді мақтан тұтатындықтарын  жастарымыз жарыса, мақтана  айтса. Енді бірі  болашақта  біздерге  артылар жаупкершілік өте үлкен,- деп тілге тиек етті. Дөңгелек үстел өте тартымды, тартысты өтті. Оқушылар үш тілде жарыса сөйлеп, болашақ жоспарларымен бөлісіп, армандарының ұшан-теңіз екен  жеткізді. Қазіргі  уақытта білекке  емес, білімге сенетін кез екен, әр кездеде мықтылар суырылып алдыға шығатындарын сеніммен айтты.
Қазір сан жылдар бұрын армандаған білімді ұрпақтар біздің ортамызда.Олар бәсекеге қабілетті, егемен елдің тұтқасын ұстар біздің келешегіміз. Мағжан Жұмабаев жырлағандай,- «Арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты,қырандай күшті қайратты . Мен жастарға сенемін!»  Біз жастарға сенеміз!

Директордың тәрбие ісі
жөніндегі орынбасары
Какимбекова Алмагул Исабеккызы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.