Home » Жаңалықтар (page 57)

Жаңалықтар

БжҒМ есеп береді

2021 жылғы 28 мамырда сағат 11:00-де ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтің халық алдында есеп беру кездесуі өтеді Есеп беру кездесуі министрліктің және министрдің әлеуметтік желідегі ресми парақшаларында онлайн форматта жүргізіледі. Министрге сұрақтар мен ұсыныстарды ведомствоның ресми интернет-ресурсындағы арнайы «сұрақ-жауап» бөлімі арқылы жолдай аласыздар.

Толығырақ »

​Шет тілдер және іскерлік карьера университеті лицензиясының күші тоқтатылды

     ҚР БҒМ Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетіне Шет тілдер және іскерлік карьера университетінің білім сапасына қатысты шағым келіп түсті. Осыған байланысты жоғары оқу орнында жоспардан тыс тексеру жүргізілді. Оқу процесінің ұйымдастырылуын бақылау қорытындысы бойынша университет лицензиясын заң бұзушылықтарды жойғанға дейін тоқтату туралы шешім қабылданды. Жүргізілген бақылау барысында Шет тілдер және іскерлік карьера университеті студенттерінің білімі ...

Толығырақ »

Жауынгерлік даңқ лентасы

     Қарағанды қаласында Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Жеңіс күні мерекесіне орай Жауынгерлік даңқ лентасының тұсаукесері болып өтті Өткен күні Қарағанды қаласында «Қазақ халқының мұрасы-Мәңгілік ел» кітаптар сериясының бастамасымен Қазақ халқының әскери салттарын ұлықтауға және оларды жастар арасында насихаттауға арналып шығарылған Жауынгерлік даңқ лентасының тұсаукесері болып өтті. Тұсаукесер салтанатында сөз сөйлеген жоба авторы Н.Сұршаұлы аталған лентаның жастарға патриоттық тәрбие ...

Толығырақ »

ҰБТ-ны жаңа форматта басталады

    2019 жылы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы өзі қатысқан Тамыз кеңесінде тапсырма берген болатын. Ұлттық бірыңғай тестілеуді өзгерту, оны балаларға ыңғайлы әрі барынша ашық өткізу бойынша мақсат қойылған болатын. Біз бүгін осы мақсатқа жетіп, ҰБТ-ны жаңа форматта өткізіп жатырмыз. Ең бастысы, қоғамда айтылып жүрген сын-пікірлерді ескеріп, жаңа технологияларды қолдана отырып, үлкен өзгерістер жасап жатырмыз. Енді ҰБТ электронды форматта өтіп жатыр. ...

Толығырақ »

Мектеп түлектерінің қорытынды аттестаттауы 28 мамырда басталады

9 (10) сынып оқушыларының қорытынды бітіру емтихандары 2021 жылғы 28 мамыр мен 5 маусым аралығында өтеді. Олар қорытынды аттестаттауды үш пән бойынша тапсырады: оқыту тілі бойынша эссе нысанында жазбаша емтихан; математикадан (алгебрадан) жазбаша емтихан; өзге тілдерде оқитын сыныптарда қазақ тілі мен әдебиеті бойынша жазбаша емтихан және қазақ тілінде оқытатын сыныптардағы орыс тілі мен әдебиеті бойынша жазбаша емтихан. 11 (12) сынып ...

Толығырақ »

Мектептерде оқу жылының аяқталу мерзімі бекітілді

   Мектеп оқушылары үшін 2020-2021 оқу жылы 25 мамырда аяқталады. Мұғалімдердің демалыс ұзақтығы еш өзгеріссіз қалды. Педагогтер бұрынғыдай жазда 56 күн демалады. Оқушылар ата-аналарының өтініштері бойынша 19 маусымға дейін жазғы мектептерде сабақ оқи алады. Бүгін Білім және ғылым министрлігінің аппараттық кеңесінде 2020-2021 оқу жылында жазғы мектепті ұйымдастыру мәселелері бойынша түсініктемелер берілді. Тиісті бұйрыққа қол қойылып, педагогтерге арналған әдістемелік ұсынымдар білім ...

Толығырақ »

Республикалық олимпиаданың жеңімпаздары анықталды

   30 сәуірде Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңі аяқталды. Оған Қазақстанның барлық өңірінен 1600-ге жуық жоғары сынып оқушылары қатысты. Олимпиада нәтижесі бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды. 122 оқушы алтын медаль, 214 оқушы күміс медаль және 349 қатысушы қола медальға ие болды. Айта кетейік, олимпиада алғаш рет прокторинг жүйесін қолдана отырып, «бір қатысушы – бір компьютер – ...

Толығырақ »

Мәжілістің отырысында Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың тапсырмаларын заңнамалық тұрғыда бекітетін, білім беру үшін маңызды нормалар қамтылған заң жобасы қабылданды

Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Facebook желісіндегі парақшасында жазды. 1️. Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларға түзету көмегін көрсетуге мемлекеттік тапсырыс беру. Норма мемлекеттік емес ұйымдарға осындай қажет орталықтарды ашуға және көрсетілген қызметтер үшін бюджеттен қаржы алуға мүмкіндік береді. Бұл механизм жеке балабақшалардың қызметімен бірдей. 2️. Мемлекеттік жоғарғы оқу орындарын мемлекет меншігінде қалдыру. Енді мемлекеттің 100% меншігіндегі ...

Толығырақ »

Балаусаның еміне қаражат жинап берді

ҚМДБ-ның  төрағасы, бас мүфтидің бастамасымен Мұхаммед-Ғариф Түлбаев атындағы Орал қалалық мешіті жанынан ашылған «Қайырымды кәсіпкерлер» бірлестігі қасиетті  Рамазан айында қайырымдылық шарасын ұйымдастырды. Бұл туралы қалалық мешіттің баспасөз қызметі мәлімдеді. Белгілі болғанындай, қайырымды кәсіпкерлер Орал қаласындағы Круглоозерный кентінің  тұрғыны Бауыржан Жүсіповтың қызы  Балаусаның Ресейдің Самара қаласынан алатын кезекті ем-шарасына  қаржылай көмек қолын созған.  Балауса Бауыржанқызының еміне жиналған 345 мың теңге қаржыны ...

Толығырақ »

17 өңірден 53 бағдарлама келіп түсті

    «Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығының жұмыс жоспарына сәйкес  ағымдағы жылдың сәуір айында республиканың мектепке дейінгі ұйым педагогтары арасында «Оқу жоспарының вариативтік бөліміне арналған үздік авторлық бағдарлама» конкурсы өтті.          Конкурстың республикалық кезеңіне 17 өңірден 53 бағдарлама келіп түсті, конкурс Ережесінің талаптарына сәйкес 15 бағдарлама іріктеуден өтті. Конкурстық комиссия отырысының қорытындысы бойынша келесі нәтижелер анықталды: Гран-при — Мұханбетқалиева ...

Толығырақ »