Home » Жаңалықтар » ҰБТ-ны жаңа форматта басталады

ҰБТ-ны жаңа форматта басталады

    2019 жылы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы өзі қатысқан Тамыз кеңесінде тапсырма берген болатын. Ұлттық бірыңғай тестілеуді өзгерту, оны балаларға ыңғайлы әрі барынша ашық өткізу бойынша мақсат қойылған болатын. Біз бүгін осы мақсатқа жетіп, ҰБТ-ны жаңа форматта өткізіп жатырмыз. Ең бастысы, қоғамда айтылып жүрген сын-пікірлерді ескеріп, жаңа технологияларды қолдана отырып, үлкен өзгерістер жасап жатырмыз.

Енді ҰБТ электронды форматта өтіп жатыр. Бұған дейін балалар қағаз жүзінде тест кітапшаларын алып, одан кейін тиісті парақтарда жауаптарды бояу арқылы тапсыратын. Тест кітапшаларын басып шығартынбыз, ол кітапшалар жеткенге дейін әртүрлі тәуекелдер де болатын. Екіншіден, 2 мыңға жуық кезекші мұғалім жазда бір өңірден екінші өңірге жіберілетін, оған үлкен қаражат бөлінетін және бұл ретте де әртүрлі тәуекелдер болатын. Үшіншіден – бұл ашықтық. Қазір көріп отырсыздар, әр ата-ана баласының қалай тапсырып жатқанын онлайн бақылай алады. Әр балада бір компютер, бір бейнекамера бар, прокторинг жүйесі арқылы бақылау жүргізіліп жатыр. Сондықтан көшіріп алу деген сияқты академиялық адалдық қағидаларын бұзуға ешқандай мүмкіндік жоқ. Тағы да бір өте маңызды мәселе, бұрын балалар тестті бір-ақ рет тапсырып, соның нәтижесі бойынша грантқа конкурсқа қатыса алатын. Қазір балаларда екі мүмкіндік бар. Бір рет тапсырып көреді, егер алған нәтижесі ұнамаса, екінші мәрте қайта тапсырып, сол сертификатпен конкурсқа қатыса алады. Бұл да – үлкен жаңалық.

Бұған дейін 7 немесе 10 күннің ішінде 120 мың бала жанталасып ҰБТ тапсырып жататын. Өздеріңіз білесіздер, бұрын ҰБТ айт пен той сияқты үлкен шара болатын. Енді қазір екі-үш айдың ішінде түлектер өздері қалаған уақытта, өткізілетін орынды да өздері таңдап, ҰБТ тапсыра алады. Балаларға осындай үлкен жағдайлар жасалып жатыр.

Жалпы мақсатымыз, ең біріншіден, академиялық адалдық қағидаларын ұстану, екіншіден – балаларға эмоционалды тұрғыдан қолайлы жағдай жасау, үшіншіден – ашықтықты қамтамасыз ету, төртіншіден – екі рет тапсыру бойынша таңдау еркін беру.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.