Home » Жаңалықтар (page 58)

Жаңалықтар

Қазақстанның үздік Жоғары оқу орындары анықталды

2020 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанның үздік Жоғары оқу орындарының рейтингі жарияланды. Білім және ғылым министрлігінің тапсырысымен зерттеуді «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жүргізген. Рейтингте тек Ішкі істер министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті және Қорғаныс министрлігіне бағынышты білім ордалары қамтылмапты. Зерттеу кезінде 68 мың түлектің жұмысқа орналасу көрсеткіші, орташа айлық жалақының мөлшері, білім беру бағдарламаларының сапасы, білім алушылардың жетістіктері, сондай-ақ халықаралық байланыстар ескерілген. Бұл ...

Толығырақ »

Педагогтерді марапаттау жүйесі өзгереді

Білім және ғылым министрлігі педагогтерді ведомстволық наградаларымен марапаттау жүйесіне өзгерістер енгізбек. Ол үшін арнайы  бұйрық дайындалған. Бұл жайлы өзінің Әлеуметтік желідегі парақшасында сала басшысы Асхат Аймағамбетов жазды. Оның айтуынша, бұл министрлік тарапынан ұсынылатын дипломдарға, грамоталарға, төсбелгілер мен алғыс хаттарға қатысты мәселе. Себебі, мүғалімдер арасында аталған марапаттарды берудің объективтілігіне қатысты сұрақтар туындапты.  Осыған байланысты барлық күмәнді жою үшін Министрлік жанынан жұмыс ...

Толығырақ »

Алматы: Биыл Медеу ауданында  8 мектеп салынады

Биыл Алматы қаласының Медеу ауданында  8 мектептің құрылысы басталады. Сонымен қатар, 17 қосымша құрылыс салынады. Осы жұмыстардың нәтижесінде 23 мың оқушы орны пайда болып, орта білім ордаларындағы орын  тапшылығы 73 процентке азаяды. Бұл деректерді оңтүстік астананың Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Медеу ауданының әкімі Әсет Масабаев келтірді. Оның айтуынша, білім ордаларының бірі — Орманов көшесінде, яғни «Шығыс айналма» жолының аумағында ...

Толығырақ »

Қазаққа осынау ұлан-ғайыр аумақты сырттан ешкім сыйға тартқан жоқ-Қ. Тоқаев

Қазаққа осынау ұлан-ғайыр аумақты сырттан ешкім сыйға тартқан жоқ. Біз бабалардан мұра болған қасиетті жерімізде тұрып жатырмыз. Бүгін республикалық басылымда жарияланған «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осылай мәлімдеді. Президенттің айтуынша, Қазақстанның бүгінгі тарихы 1991 жылмен немесе 1936 жылмен өлшенбейді. Халқымыз Қазақ хандығы кезінде де, одан арғы Алтын Орда, Түрік қағанаты, Ғұн, Сақ дәуірінде де осы жерде ...

Толығырақ »

Қазақстанда «Тәуелсіздік ұрпақтары» атты грант тағайындалады

Елімізде «Тәуелсіздік ұрпақтары» атты грант тағайындалады. Бұл жайлы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың республикалық басылымда жарияланған «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында айтылған. Президенттің сөзінше, аталмыш жұмыс азаттық жылдарында дүниеге келген, әлі танылып үлгермеген талантты жастарды қолдау мақсатында қолға алынбақ. «Біз не істесек те, бәрін келер ұрпақ үшін жасаймыз. Мемлекеттік саясаттың болашақ алдындағы жауапкершілігін терең сезінеміз. Бұл ұстанымнан ешқашан айнымаймыз. Ең ғажайып ...

Толығырақ »

ХХІ ғасыр – білім мен біліктің дәуірі – Қ. Тоқаев

ХХІ ғасыр – білім мен біліктің дәуірі. Әр адам өзін үздіксіз жетілдіріп, жаңа кәсіптерді игеріп, үнемі заман ағымына бейімделу арқылы ғана бәсекелік қабілетін арттыра алады. Білім мен технология, жоғары еңбек өнімділігі ел дамуының басты қозғаушы күші болуға тиіс. Бүгін республикалық басылымда жарияланған «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев осылай деп атап көрсетті. Мемлекет басшысының пайымынша, Тәуелсіздік жылдарында ...

Толығырақ »

Көк пияздың қандай пайдасы бар?

Бүгін біз кәдімгі көк пияздың адам ағзасына пайдасы жайлы айтамыз. Ғалымдардың зерттеуінше, көк пияздың талшықтарында оның өзіне қарағанда дәрумен көп болады екен.  Көктемде ағзадағы витамин жетіспей жатқан кезде оны көптеп тұтынған абзал.  Оның 100 грамм талшығында  ересек адамға қажетті Аскорбин қышқылының бір күндік нормасы бар. Сондай-ақ, құрамына В дәрумені мен каротин де кіреді. Көк пияздың пайдалы қасиеттерінің бірі — ол ...

Толығырақ »

ПЕДАГОГТАРДЫҢ ЖАЛАҚЫСЫ ТАҒЫ 25% ӨСЕДІ

Жамбыл облысы әкімдігінің  білім басқармасының баспасөз қызметі         Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап педагогтардың жалақысы тағы 25% өседі. Бұл туралы білім басқармасының басшысы Гүлнар Ходжабергенова Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында мәлімдеді. Сондай-ақ, мектеп мұғалімдері Ұлттық біліктілік тестілеуін тапсыру арқылы біліктілік санатына қарай еңбекақысын 30-дан 50 пайызға дейін көтере алады. ҚР «Педагог мәртебесі» заңына сәйкес ...

Толығырақ »

КОЛЛЕДЖДЕРДІҢ 1-КУРС СТУДЕНТТЕРІ ШТАТТЫҚ РЕЖИМДЕ ОҚИДЫ

Жамбыл облысы әкімдігінің  білім басқармасының баспасөз қызметі            Екінші семестрден бастап облыстағы кәсіптік және техникалық білім беру ұйымдарындағы 1 курстың 5659 студенті штаттық режимде оқиды. Бұл туралы білім басқармасының басшысы Гүлнар Ходжабергенова Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында мәлімдеді. Штаттық режимде оқыту жергілікті атқарушы орган және Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес 15 студенттен аспайтын шағын топтарда жүргізіледі. Өндірістік ...

Толығырақ »

ҚАЗАҚСТАНДА 3D СОТ САРАПТАМАСЫ  ЕНГІЗІЛУІ МҮМКІН

«Жыл сайын Қазақстанда 30 мыңға жуық аутопсия жүргізіледі», – деп мәлімдеді медицина ғылымдарының докторы, сот-медициналық сарапшы Франц Галицкий. Бұл туралы профессор «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сот-сараптама қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын талқылау жөніндегі онлайн-дөңгелек үстел барысында айтты. Оның айтуынша, бұл көрсеткіш еліміздің сот-сараптамалық құрамы үшін айтарлықтай жүктеме және бірқатар аймақтарда кадрлардың жетіспеушілігі байқалады. «Аутопсия, ...

Толығырақ »