Бүгін Қазақстанда жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша ХІV Президенттік олимпиаданың республикалық кезеңі басталды. Биыл министрлік пен отандық жоғары оқу орындары арасында қол жеткізілген уағдаластықтың нәтижесінде жеңімпаздар жоғары оқу орындарында оқуға арналған білім беру гранттарын жеңіп ала алады. Қорытынды кезең Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті базасында өтіп жатыр. Олимпиада 15 қараша басталып, 18 қарашаға дейін жалғасады. Зияткерлік байқауда еліміздің барлық өңірінен 182 ...
Толығырақ »Жаңалықтар
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУШЫЛАР ФИЗИКА ПӘНІ БОЙЫНША ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОЛИМПИАДАДА 11 МЕДАЛЬ ЖЕҢІП АЛДЫ
Қазақстандық оқушылар Әл-Ферғани атындағы физика пәні бойынша бірінші халықаралық олимпиадада 11 медаль жеңіп алды. Ұлттық құраманың қоржынында 2 алтын, 6 күміс және 3 қола медаль бар. Олимпиада Өзбекстанның Ферғана қаласында 8-13 қараша аралығында ұйымдастырылды. Зияткерлік байқауға 18 елден, соның ішінде Ресей, Әзірбайжан, Беларусь, Румыния және тағы басқа елдерден 130-ға жуық оқушы қатысты. Әл-Ферғани атындағы физика пәні бойынша халықаралық олимпиада екі ...
Толығырақ »ҒАЛЫМНЫҢ ХАТЫ ӨЛМЕЙДІ
Бүгін теріскей төрінде ақ түйенің қарны жарылған күн. «М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті» Коммерциялық емес акционерлік қоғамы Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына, ғұлама тарихшы ғалым, мемлекет және қоғам қайраткері, тарих ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының академигі, Қазақстан Республикасының халық депутаты, Ш.Ш. Уәлиханов атындағы сыйлықтың, Қазақстан Республикасы мемлекеттік сыйлығының, Қазақстан Республикасы Президентінің «Бейбітшілік және рухани келісім» сыйлығының иегері ...
Толығырақ »Ғани Бейсембаев жұмыс сапарымен Атырау облысына барды
Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының президенті Ғани Бейсембаев жұмыс сапарымен Атырау облысына барды. Іс-сапардың мақсаты – облыстағы әдістемелік орталықтардың қызметімен танысу және олардың жұмысын оңтайландыру жолдарын анықтау. Бұған дейін аппараттық жиналыста Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов әдістемелік кабинеттердің нақты міндеттерін бекіту және олардың жұмысын бір жүйеге келтіру бойынша тапсырма берді. БҒДМБ сәйкес Ұлттық білім академиясы әдістемелік кабинеттердің қызметіне жетекшілік ...
Толығырақ »15 қараша — Батырлар күні!
2019 жылы тұсауы кесілген Қазақ ұлттық күнтізбесі жобасында 15 қараша күні Батырлар күні болып бекітілді.Бұл күн қазақ батырларының елдің бүтіндігін сақтаудағы еңбектерін жас ұрпаққа паш етуге бағытталған. Осы күні 1915 жылы Ұлы Отан соғысында басқыншылармен күресте үлкен қажыр-қайрат көрсеткен, Кеңес одағының батыры Мәлік Ғабдуллин дүниеге келді. Мәлік Ғабдуллин батыр ғана емес, сонымен қатар жазушы, ғалым – педагог, филология ғылымдарының докторы, ...
Толығырақ »АҒЫЛШЫН ТІЛІНДЕГІ ПИЛОТТЫҚ ЖОБА
АҒЫЛШЫН ТІЛІНДЕГІ ПИЛОТТЫҚ ЖОБА «Өрлеу «БАҰО» АҚ Солтүстік Қазақстан филиалы базасында ағылшын тілі мұғалімдеріне арналған «Өрлеу және British Council» деген тақырыптағы пилоттық жоба бойынша баспасөз конференциясы өтті. Бұндай пилоттық жоба теріскейде ғана емес халықаралық деңгейдегі жобаның бір бөлігі. Бүгінгі таңда аталмыш жоба бойынша Қазақстан, Грузия, Украина, Өзбекстан, Армения және Әзірбайжан сияқты алты мемлекет қатысып отыр. Баспасөз конференциясына пилоттық жобаның республикалық ...
Толығырақ »Оралдық педагогтар Алматыда болып, тәжірибелерін толықтырды
Оралдық педагогтар Алматыда болып, тәжірибелерін толықтырды Орал қаласы мектептерінің директорлары мен орынбасарлары «Ұлттық ұстаз» онлайн академиясының «Басқарудың жаңа моделі» курсы бойынша Алматы қаласындағы ең үздік 10 мектептің моделімен танысты. Әр мектеп таңдалған моделіне байланысты оқу бағдарламасын әзірлеу, оны жүзеге асыру, HR саясатын құру, оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалану бойынша іс-тәжірибелерімен бөлісті. Осы ретте Гүлмира Курганбаева, Назым Арзимбетова, Әсем Арын (Алматы ...
Толығырақ »Оралда жас ақындар сыныбы ашылды
Оралда жас ақындар сыныбы ашылды Орал қалалық білім беру бөліміне қарасты мектептен тыс жұмыс орталығының «Шабыт» шығармашылық орталығында жас ақындар сыныбы өз жұмысын бастады. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ашылған «Ақберен» жас ақындар мектебінің жетекшісі, ақын, аудармашы, ғалым-ұстаз Талап Таймасұлының атындағы бұл жас ақындар сыныбының салтанатты ашылуына қаламгердің өмірдегі, өнердегі әріптестері, шәкірттері мен ақындық өнерге құмар жеткіншектер жиналды. Іс-шараға қатысушылар ақынның ...
Толығырақ »ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҒАЛЫМДАР ОНКОЛОГИЯЛЫҚ АУРУЛАРДЫ ДИАГНОСТИКАЛАУҒА АРНАЛҒАН ЕРІТІНДІ ЖАСАП ШЫҒАРДЫ
С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің ғалымдары жатыр мойны обырын кешенді диагностикалау үшін ерітінді жасап шығарды. Екі жыл бойы ғылыми қызметкерлер сауықтыру орталығының өкілдерімен бірлесе цитология саласында сұранысқа ие сұйықтық құрамын әзірледі. Нәтижесінде олар бұрын-соңды шетелден әкелінген отандық өнімді жасай алды. Енді ғалымдардың бұл жаңашылдықтары медициналық қызметтің құнын төмендетуге мүмкіндік береді. Өйткені ол қаржылық жағынан да, географиялық жағынан да қолжетімді ...
Толығырақ »ҚАЗАҚСТАНДЫҚ СТУДЕНТТЕР АҒЫЛШЫН ҚҰҚЫҒЫ БОЙЫНША БІЛІМ ЖАРЫСЫНДА РЕСЕЙЛІКТЕРДІ ЖЕҢДІ
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ СТУДЕНТТЕР АҒЫЛШЫН ҚҰҚЫҒЫ БОЙЫНША БІЛІМ ЖАРЫСЫНДА РЕСЕЙЛІКТЕРДІ ЖЕҢДІ Қазақстандық заңгер-студенттер ойын түрінде өткен халықаралық сот процесінде жеңіске жетті. Байқау жыл сайын «Астана» халықаралық қаржы орталығы мен Халықаралық төрелік орталығының ұйымдастыруымен өтеді. Студенттер арасындағы AIFC Court and IAC Annual Moot заңгерлік жарысы Қазақстанда биыл төртінші рет өтті. Байқаудың коронавирус пандемиясына байланысты онлайн форматта өтуі өзге елдердің білім алушыларына да қатысуға ...
Толығырақ »