Home » Жаңалықтар » Оралда жас ақындар сыныбы ашылды

Оралда жас ақындар сыныбы ашылды

Оралда жас ақындар сыныбы ашылды

Орал қалалық білім беру бөліміне қарасты мектептен тыс жұмыс орталығының «Шабыт» шығармашылық орталығында жас ақындар сыныбы өз жұмысын бастады.

 «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ашылған «Ақберен» жас ақындар мектебінің жетекшісі, ақын, аудармашы, ғалым-ұстаз Талап Таймасұлының атындағы бұл жас ақындар сыныбының салтанатты ашылуына қаламгердің өмірдегі, өнердегі әріптестері, шәкірттері мен ақындық өнерге құмар жеткіншектер жиналды. Іс-шараға қатысушылар ақынның өмір жолына, балалар әдебиетін дамытудағы, өлең-сөзге құмар балғындарды қолдаудағы рөліне ерекше тоқталды. Сонымен қатар шабыт шалқар жырларын арнады.

БҚО білім басқармасының баспасөз қызметі

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.