Кеше, Павлодар облысының көп салалы дарынды балаларға арналған лицей-интернатында биология пəнінен VII облыстық жасөспірімдер олимпиадасының қорытынды сайысы өтті. Оған 88 оқушы қатысты. Іс-шара соңында қазылар алқасының шешімімен жүлдегерлер анықталды. Барлық жеңімпаздар Мақтау қағаздары мен Құрмет грамоталарымен марапатталды. Айгүл МОЛДАШ Білім айнасы Павлодар қаласы
Толығырақ »Жаңалықтар
Тағылымды іс-шара
Қазан айының 2-14 аралығында Павлодар қаласында Алматы қаласының республикалық ғылыми-тəжірибелік психиатрия орталығы мамандарының семинары өтуде. Оған облыстың техникалық жəне кəсіптік білім беру ұйымдарының психологтары қатысады. Іс-шара педагог-психологтардың құзыретін арттыруға бағытталған. Сондай-ақ, кəмелетке толмағандардың арасында өз-өзіне қол жұмсау фактілерінің алдын алуды мақсат тұтады. Айгүл МОЛДАШ Білім айнасы Павлодар қаласы
Толығырақ »Ақмола облысының педагог-психологтары мен медицина қызметкерлеріне арналған жоба
Көкшетау қаласындағы №1 мектеп-гимназиясында Ақмола облысы білім басқармасының ұйымдастыруымен педагог-психологтардың арнайы курсы басталды, деп хабарлайды Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының Өңірлік коммуникациялар қызметі. Кәмелетке толмаған балалардың арасында өз-өзіне қол жұмсауды болдырмау, сондай-ақ балалар мен жасөспірімдердің психикалық денсаулығын нығайту мақсатында Қазақстандағы ЮНИСЕФ Біріккен Ұлттар Ұйымы балалар қорының өкілдігі Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесе отырып, Қазақстан Республикасындағы кәмелетке толмаған балаларды ...
Толығырақ »Шыңдалу – үздіксіз білімде
Павлодар қаласындағы педагогикалық шеберлік орталық базасында «Педагикалық қоғамдастықтағы мұғалім көшбасшылығы» бағдарламасы бойынша 3 айлық курс қыркүйек айының 25-ші жұлдызында басталды. Біліктілікті арттыру курсында Павлодар облысы аудандары мен қала мектептерінің тәжірибелі педагог мамандары дәріс алуда. Бұл бағдарлама педагог қызметкерлердің білімі мен дағдыларының ауқымын кеңейту, қарқынды өзгеріп жатқан әлем жағдайында мұғалімдердің үздіксіз кәсіби дамуына ықпал ету мақсатын көздейді. Алдағы уақытта сертификатталған мұғалімдер ...
Толығырақ »Павлодар – велоқала
Аптаның алғашқы күні Павлодар қаласында «Павлодар-велоқала» эковеложарысы өтті. Іс-шараның жүзеге асуына Павлодар қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебі ұйытқы болды. Спорттық жоба велосипедті қауіпсіз, экологиялық, үнемді көлік түрі ретінде күнделікті өмірде қолдану мақсатын көздеген. Игі шараға 200-ден астам спортсүйер қауым атсалысты. Айгүл МОЛДАШ Білім айнасы Павлодар қаласынан
Толығырақ »Павлодарлық астрономдар жүлдегер атанды
Жақында Обск (Бердск) теңізінің жағалауындағы «Юбилейный» санаториялық-сауықтыру лагерінде ХІІ Сібір астрономдарының форумы өтті. Оған Павлодар қаласынан М.М. Катаев атындағы Оқушылар сарайының «Антарес» астроклубының 6 тəрбиеленушісі қатысты. Ғылыми-зерттеу жұмысына қатысып, жеңіске жеткен Еренғайып Қобыланды мен Беличенко Алексей Новосібір білім беру департаментінің Дипломдарымен марапатталды. Айгүл МОЛДАШ Білім айнасы Павлодар қаласынан
Толығырақ »Футбол сабағы өтетін болады
Биыл ҚР Білім жəне ғылым министрлігінің «Орта білім беру ұйымдарының 1-4 сыныптарында дене тəрбиесінің əр үшінші сабағы «Футбол сабағын» сынақтан өткізу туралы» шыққан бұйрығы шыққан болатын. Осыған орай, республикамыздың барлық облыстарында бастауыш сыныптарда мектеп сабағы ретінде аталған жаңа пəннің пилотты жобасы енгізілетін мектептер анықталды. Павлодар облысы бойынша бұл жобаға 27 мектеп қатыспақ. Айгүл Молдаш Білім айнасы Павлодар қаласынан
Толығырақ »Турнир өтуде
Павлодар бойынша спорт комитетінің мұрындық болуымен шағын футболдан қаланың 24 мектебінің 12-13 жас аралығындағы жасөспірімдері қатысуымен қалалық турнир өтуде. Турнир жасөспірімдерді облыстық, республикалық жарыстарға қатыстыру үшін мықты спорт командалары мен спортшыларды анықтау мақсатында өткізілуде. Басы-қасында төрешілік жасап жүрген ұлттық санаттағы төреші Азамат Мейрамұлы Қарғужионов. Бұл турнир футболдан жасөспірімдерді жаттықтырушы, спорт ардагері Александр Александрович Клопковты еске алу құрметіне орай ұйымдастырылған. ...
Толығырақ »Үштілділік — уақыт сұранысы
Павлодар қалалық білім бөлімінің мұрындық болуымен мемлекеттік тілді және басқа да тілдерді игерген көптілді тұлға, жалпы полимәдениетті тұлға қалыптастыру мақсатында «Үштілділік — уақыт сұранысы» тақырыбында барлық мектептерде түрлі шаралар ұйымдастырылуда. Осы негізде ұйымдастырылған тәлім сағаты 4 қазан күні Павлодар қаласының № 25 мектебінде бастауыш сынып оқушыларының қатысуымен өтті. Аталмыш мектептің оқу-ісінің меңгерушісі Гүлсім Қайырбекқызы Хасенованың айтуынша: «Жаңарту бағдарламасы бойынша, үш ...
Толығырақ »Каратэден «Астана біріншілігі» өтті
Елбасымыздың «Қазақстан — 2030» Жолдауында ұзақ мерзімді басымдықтың бірі – «Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл-ауқаты» тармағында азаматтарымызды салауатты өмір салтына әзірлеу қажеттігі көрсетілген. Бүгінгі таңда өз тәуелсіздігін алған егеменді еліміз осы бағытта Қазақстан мектептеріне жан-жақты дамыған, денсаулығы мықты, салауатты өмір салтын мұрат тұтқан дара тұлғаларды тәрбиелеу басты талап десек, күні кеше ғана (03.10.2017 ж) Астана қаласы №56 мектеп-лицейінде Қазақстан ...
Толығырақ »