Home » Жаңалықтар » Шыңдалу – үздіксіз білімде

Шыңдалу – үздіксіз білімде

Павлодар қаласындағы педагогикалық шеберлік орталық базасында «Педагикалық қоғамдастықтағы мұғалім көшбасшылығы» бағдарламасы бойынша 3 айлық курс қыркүйек айының 25-ші жұлдызында басталды. Біліктілікті арттыру курсында Павлодар облысы аудандары мен қала мектептерінің тәжірибелі педагог мамандары дәріс алуда.

Бұл бағдарлама педагог қызметкерлердің білімі мен дағдыларының ауқымын кеңейту, қарқынды өзгеріп жатқан әлем жағдайында мұғалімдердің үздіксіз кәсіби дамуына ықпал ету мақсатын көздейді.

Алдағы уақытта сертификатталған мұғалімдер мектеп мұғалімдерінің кәсіби қоғамдастығы аясында жұмысты іске асырып, оларға қолдау көрсетуге дайын болады.

«Шыңдалу – үздіксіз білімде», — дегендей, мұғалімдер ұжымы білімдерін шыңдаушы тренер Айман Рахымжанқызы Ибраеваға шын көңіл, алғыстарын білдіріп, бақыт пен шаттық тілейді. Біз де барлық ұлағат иелерін Дүниежүзілік мұғалімдер күнімен құттықтап, баға жетпес еңбектеріне толағай табыстар тілейміз!

Л.Теміртасқызы,

Білім айнасы

Павлодардан

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.