Бүгін Арыс қаласындағы Ә.Жангелдин атындағы жалпы орта мектебінде «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтті. Атырау облысындағы «Ембімұнайгаз» АҚ-ның ұжымы «Арыс. Біз біргеміз» республикалық акциясына үн қосып, 400-ден астам арыстық оқушыға мектеп жабдықтары мен киім-кешек сатып әперді. «Ембімұнайгаз» АҚ-ның басқарма төрағасы Әнуар Жақсыбековтың бастамасымен арнайы өкілдерін жіберген атыраулық мұнайшылар көпбалалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан бастауыш сынып оқушыларын қуантып, Арыс жұртшылығымен бірге ...
Толығырақ »Жаңалықтар
АРЫСТА 1870 ҮЙДІҢ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСЫ АЯҚТАЛДЫ
Арыс қаласында 1870 үйдің жөндеу жұмысы аяқталды. Бұл туралы бүгін Арыс қаласында өткен облыс әкімдігінің аппарат отырысында айтылды. Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев төтенше жағдайдың зардаптарын жою, құрылыс қарқынын бәсеңдетпеу, тұрғындарға жан-жақты жағдай жасау мәселелерін қозғап, құрылысты кешіктіріп жатқан сектор басшыларына жұмысты күшейту керектігін айтты. ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаевтың айтуынша, жалпы Арыс қаласында жеке ...
Толығырақ »АРЫСТЫҚ 250 БАЛА ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫСЫН ТӨЛЕБИДЕ ӨТКІЗЕДI
Астанадағы Елбасы негізін қалаған Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ұжымы осы шілде айында Арыстағы жарылыстан зардап шеккен отбасылардың үйлеріне жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын ескере отырып, мектеп жасындағы арыстық 250 оқушы балаға арналған «ENU Team» атты жазғы демалыс лагерін ұйымдастыруды қолға алды. Шараның мақсаты – 30 күндік мерзім ішінде мектеп оқушылары онда жай демалып қана қоймай бос уақытын тиімді пайдаланып, ...
Толығырақ »АСҚАР МАМИН АРЫС ҚАЛАСЫН ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ ЖҰМЫСТАРЫ МЕН ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДАҒЫ ҚҰРЫЛЫС ҚАРҚЫНЫН ТЕКСЕРДІ
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Түркістан облысына жұмыс сапары барысында Арыс қаласындағы зардап шеккен үйлерді, әлеуметтік нысандар мен инженерлік желілерді қалпына келтіру жұмыстарының барысын тексерді. Қазір Арыс қаласында 1544 жекеменшік тұрғын үйде құрылыс жұмыстары аяқталған, 7089 жеке тұрғын үйде және 96 көпқабатты үйде қалпына келтіру және жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Тұрғындардың 4683 үйлерінде жұмыстар жүргізілуде. Құрылыс жұмыстары 126 жекеменшік үйде және ...
Толығырақ »АРЫСТА ЕШҚАНДАЙ ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ҚАУІП ЖОҚ
Арыс қаласы тұрғындарының тынысы тарылып, белгісіз індеттен көз жұмып жатыр деген ақпарат жалған. Шаһарда орын алған апаттан кейін шығып жатқан мұндай дәлелсіз ақпарларға ермеуге шақырамыз. Осы орайда әлеуметтік желілер мен дәлелсіз жалған ақпарат тарқатқан кейбір БАҚ-тағы мәліметтердің шындыққа еш жанаспайтынын жеткіземіз. Бүгін бұл туралы Түркістан облыстық клиникалық ауруханасының бас дәрігері Марат Пашимов Арыс қаласы әкімдігінде өткен брифингте мәлімдеді. Түркістан облысының ...
Толығырақ »АРЫС: ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНА ТИЕСІЛІ СЕКТОРДА 50 ҮЙ ЖӨНДЕЛДІ
Бүгін Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов Арыс қаласына арнайы келді. Ол Жамбыл облысы жауапты болып бекітілген 3-сектордағы қаланы қалпына келтіру барысын көзбен көріп, 11 көшенің белсенді тұрғындармен кездесті. Асқар Исабекұлы штаб мүшелері мен жұмысшыларға жөндеу жұмыстарын уақытылы әрі сапалы атқару керектігін айтты. Өз кезегінде 3-сектор аумағындағы арыстық тұрғындар әулеиаталық құрылысшылардың жұмысына көңілдері толатындарын жеткізіп, алғыстарын білдірді. Бүгінде Жамбыл облысына тиесілі ...
Толығырақ »Білім және ғылым министрінің халық алдындағы есеп беру кездесуінің қорытындысы бойынша БРИФИНГ
2019 жылғы 28 маусымда Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінің конференц-залында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі А.Қ.Аймағамбетовтің халықпен есеп беру кездесуі болып өтті. Есеп беру кездесуі барысында білім және ғылым жүйесіне қатысты мәселелер көтерілген болатын. Олардың қатарында — «Педагог мәртебесі туралы» Заң жобасы, Ұлттық бірыңғай тестілеу, гранттарды бөлу үрдісі, оқулықтардың сараптамасы, балаларды бірінші сыныпқа 6 жастан қабылдау. Министрлік «Педагог мәртебесі ...
Толығырақ »Қырымбек Көшербаев Абай шығармаларын оқу эстафетасын жалғастырды
«Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Абай шығармаларын оқу эстафетасын кішкентай Ләйлімнен қабылдап, өзі де жалғастырғанын білесіздер. Бұл бастама қазір жалпыхалықтық сипат алды. Тағылымды эстафетаны әйгілі өнер тарланы Досхан Жолжақсыновтан қабылдап алған Президент Әкімшілігінің Басшысы Қырымбек Көшербаев Ұлы ақынның масылдық туралы ой-пікірлерінен үзінді оқып, қазақ ғылымының майталмандары, академиктер Төрегелді Шарманов пен Асқар Жұмаділдаевқа және мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионатының күміс жүлдегері Элизабет ...
Толығырақ »АҚМОЛА ОБЛЫСЫНДА І ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАС ҚҰТҚАРУШЫЛАРДЫҢ ЖАРЫСЫ БАСТАЛДЫ
Ақмола облысында І-Халықаралық жас құтқарушы-өрт сөндірушілер жарысының салтанатты ашылуы өтті, деп хабарлайды ішкі саясат басқармасының Өңірлік коммуникациялар қызметі. ҚР ІІМ ТЖК Көкшетау қаласындағы техникалық институтының аумағында өтетін бұл шараға Ресей, Әзірбайжан, Өзбекстан және Қазақстаннан 180 жас құтқарушы қатысатын болады. Ақмола облысының намысын №1 Ақкөл балалар үйінің тәрбиеленушілері қорғайды. Аталған команда өткен жылы Республикалық біріншіліктің ...
Толығырақ »АРЫС: Ө. ШӨКЕЕВ ҚАЛАНЫ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ ЖҰМЫСТАРЫН ЖЕДЕЛДЕТУДІ ТАПСЫРДЫ
Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев Арыс қаласын қалпына келтіру жұмыстары бойынша жиын өткізді. Жиынға ҚР Индустрия және инфрақұрылымды даму вице-министрі, ҚР Қорғаныс министрлігінің өкілі, қаладағы 17 секторға жауапты облыс, аудан өкілдері, облыстық басқарма басшылары қатысты. Жиында қаладағы қарқынды құрылыс жұмыстарының барысы баяндалып, жұмысты жеделдету бойынша ұсыныстар айтылды. ҚР Индустрия және инфрақұрылымды даму вице-министрі Қайырбек Өскенбаев әрбір секторға жауапты облыстардың жұмысына тоқталып, ...
Толығырақ »