Home » Жаңалықтар » Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жазғы мектеп Ақтау қаласында ұйымдастырылды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жазғы мектеп Ақтау қаласында ұйымдастырылды

Ағымдағы жылдың 20 шілдесінде Ақтау қаласында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті «Transparency Kazakhstan» қоғамдық қорымен бірлесіп, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының облыстық филиалында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жазғы мектебін ұйымдастырды.

Шараға ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің басшысы Болат Жылқыбаев, «Transparency Kazakhstan» ҚҚ атқарушы директоры Ольга Шиян, спикерлер ретінде БҰҰ Қазақстандағы даму бағдарламасы ұйымының өкілі Архат Қанатбаев, «Zertteu Research Institute» қоғамдық қорының өкілі Ғалымжан Оразымбет, «Маңғыстау – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісіКиікбай Ешманов, «Маңғыстау облысының Азаматтық альянсы» ЗТБ президенті Жібек Ахметова,ал тыңдаушылар ретінде үкіметтік емес ұйымдар, облыстық арнайы мониторинг тобының, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері және қоғам белсенділері қатысты.

Шараны ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің басшысы Болат Жылқыбаев ашып, ұйымдастырушыларға алғысын білдіре отырып, осындай шараларды өткізудің маңыздылығына тоқталып өтті. Ал департаменттің сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы Қуандық Абельдинов Агенттік тарапынан қолға алынған жобалар, атап айтқанда «Маңғыстау  адалдық алаңы», «Protecting business and investments», «Саналы ұрпақ», «Адал жол», арнайы мониторинг тобының мақсаты мен міндеттері, сонымен бірге сыбайлас жемқорлық деректері бойынша хабар беруге мүмкіндік беретін 1424 Колл-орталығы туралы толықтай ақпарат берді.

Оқыту барысында «Transparency Kazakhstan» ҚҚ атқарушы директоры Ольга Шиян        Cыбайлас жемқорлыққа қарсы «Transparency Kazakhstan»  жаздық мектебінің тыңдаушыларынасыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдағы халықаралық тәжірибелерге шолу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы  қолданбалы құралдар мен оларды іске асыру туралы мерзімдері көрсетілген ұсыныстар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүргізілген ынтымақтастықтың тиімділігі туралы нақты мысалдар және сыбайлас жемқорлықтың теріс әсерін жою үшін  қолданылатын стратегиялары туралы нақты түсінік беріп өтті.

Тренингтерге үкіметтік емес ұйымдар өкілдері, қоғам белсенділері, оқытушылар және қала тұрғындарынан тұратын 30-ға жуық тыңдаушы қатысты.

         Кездесу барысында қатысушылардың тақырып бойынша көкейдегі сұрақтарына нақты жауап беріліп, қатысушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсымәдениетті қалыптастыру бағытындағы іс-шараларды ұйымдастыруға өз үлестерін қосатындарын атап өтті.

Шара соңында тыңдаушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы жазғы мектебінде оқығаны туралы сертификаттар табысталды.

     ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы   іс-қимыл агенттігі Маңғыстау облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметі

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.