Home » Жаңалықтар (page 107)

Жаңалықтар

«Қарлығаш» тағы бір маңызды оқиға жаңа құрылымдық бөлімше — ресурстық-білім беру орталығын құру болды

РББО қызметі жеке әдістемелік және нормативтік-құқықтық ресурстарды әзірлеуге және авторизациядан өткізуге, мектепке дейінгі білім беру саласының басшылары, педагогикалық және медициналық кадрлары үшін оқыту іс-шараларын ұйымдастыруға, оның ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің келісімі бойынша өзара іс-қимыл жасауға бағытталған.  Бұл ретте, «Қарлығаш» брендін елде және одан тыс жерлерде танымал ету мақсатында үздік тәжірибе трансферті және Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы ...

Толығырақ »

НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕБІНЕ ҚҰЖАТ ҚАБЫЛДАУДА ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗІЛДІ

  Ақтау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебіне 2020-2021 оқу жылына 7-сыныпқа конкурстық іріктеуге қатысу үшін құжат қабылдауда өзгерістер бар. Бұл туралы «Өңірлік Коммуникациялар Қызметі» алаңында өткен брифинг барысында мектеп директоры Ермек Пайзов мәлім етті. Енді үміткердің 3*4 көлемдегі фотосы қағаз түрінде емес электронды түрде қабылданады. Cонымен қатар, тұрғылықты мекен-жай туралы анықтама сұратылмайды. —  Қабылдау комиссиясының жұмысын барынша тиімді ұйымдастырып, үміткерлерге ыңғайлы ...

Толығырақ »

Жастар арасында зорлық-зомбылықтың  алдын-алу

         Алтын әлеуметтік жобасы аясында педагогика және  психология ғылымдарының магистрі, кәсіби отбасылық  психолог — Ержан Мырзабаевпен  Теміртау қаласының білім бөлімімімен бірлесе отырып, Теміртау қаласының педагог-психологтарына және әлеуметтік педагогтарына қазан айының 9-шы жұлдызынан бастап қараша айының 13-шіне  дейін №2 ЖББОМ-де 2 ай көлемінде курс өткізілді. Барлығы 21 адам қатысты. Бұл  курстың ерекшелігі — теориялық білімммен қатар, практикалық іс-тәжірибе ...

Толығырақ »

Ұлы ойшылдың идеяларына  мән беруі — дамудың негізі

Президент Қ.Тоқаевтың мақаласына пікір С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің ректоры Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері А.Күрішбаев          ҚР Президенті қазақтың ұлы ақыны, ойшыл-философы, қоғам қайраткері Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойына арналған «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласында Қазақстан халқын ұлы Абайдың мұралары мен еңбектерін қайта зерделеу, парасат-пайымын қажетімізге жаратуға шақыра отырып, қазақ қоғамын дамытудың алдағы жүзжылдықтағы маңызды басымдықтарын айқындап ...

Толығырақ »

2019 жылдың қорытындысы бойынша мектепке дейінгі дамытудағы заманауи тенденциялар

    Цифрлық технологиялар дамып жатқан ХХІ ғасырда балаларды оқыту мен тәрбиелеудің қазіргі заманғы жаңа үрдістері мен технологиялары белсенді дамуда. Оған интернет кеңістіктегі және БАҚ беттеріндегі мол мәлімет куә. Әрине, мұндай ақпараттар ағымында ең оңтайлы шешімдерді іздеген ата-аналар да, кәсіпқойлар да тығырыққа тірелуі мүмкін. Осындай тығырықтан шығудың бірден-бір жолы — кәсіби қауымдастық қалыптастыру, семинарлар, дөңгелек үстелдер және басқа да тақырыптық ...

Толығырақ »

Гүлшара Наушабайқызымен кездесу

 2020 жылғы 8 қаңтарда ҚР Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының «Қарлығаш» балабақшасы» шаруа жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнында ҚР Парламент Мәжілісі Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрайымы, «Nur Otan» фракциясының мүшесі Гүлшара Әбдіхалықова мен «Nur Otan» партиясының Нұр-Сұлтан қалалық «Бірлік» филиалы төрағасының орынбасары Шыңғысхан Қожахметов Кәсіпорын ұжымымен кездесу өткізді. Гүлшара Наушабайқызы өз сөзінде, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап педагогтардың жалақысын 25% және ...

Толығырақ »

Білімділер бақ сынасқан республикалық пәндік олимпиада өз мәресіне жетті

Еліміздің үш өңірінде өткен республикалық (желілік) пәндік олимпиада нағыз мықты мен шын білімдіні анықтауда дәстүрлі білім алаңына айналды. 800-ге жуық зияткер екі күн бойы өзара бақ сынап, білімдерін ортаға салды. Нұр-Сұлтан қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебінде екі күнге ұласқан желілік олимпиада аяқталды. Екі турдан тұрған білім додасында үздік зияткерлер Қазақстан тарихы, Адам.Қоғам.Құқық, математика және физика пәндерінен өзара сынға түсіп,  озық ойлы ...

Толығырақ »

Арманнан хабар

«Арман»  атауы келісті, болашаққа қарқынмен құлаш ұрғандай… — «Мама, мені көрдің бе? Мен сені көріп тұрмын. Маматай, қарашы, мен мына жердемін! ».  Бұл сахналық ойынға қатысып жатқан балабақша бүлдіршінінің алғашқы жетістігін анасына көрсеткісі келіп, қуанышын жасыра алмай анасына тіл қатқаны. Көрермендер ду күлді. Түсінбегеннен емес, баланың қуанышын бөлісіп, сезімталдығына қуанды. Бұл оқиға біраз күн бұрын Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасына қарасты ...

Толығырақ »

«Менің эко-өмір мектебім»-байқауы

Жаңа жыл бәрімізге жақсылықтан, жаңарудан, тіпті өмірімізді тап-таза ақ парақтан бастайтындай күтетініміз рас. Әсіресе, балалар қуана күтеді, тіпті, жақындағанда күн санап жүреді. Өйткені, қалыпты өмірдің дағдысынан, арнаны қуаныш, шаттық деген көңілді көшелерге бұрасың. Балаларға сый-сияпат жасалып, керек-жарақтың барлығын жиып-теріп, ерекше көңіл-күйді солар үшін арнайсың. Ол кездерде пайда, зиян деген мәселелер естен шығып та кететіндей. Енді келеңсіздігін еске түсірейікші… Шыршаның қоршаған ...

Толығырақ »

Тәжірибе таратуға арналған кезекті семинар

   Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде тәжірибе тарату бойынша кезекті семинар өтті. Семинарға Семей қаласындағы жетекші, қалаға қарасты елді-мекендердегі, Бесқарағай ауданындағы Борас және Көкпекті ауданы, Үлгілі малшы ауылындағы Абай атындағы орта мектептердің мұғалімдері қатысты. Бұл жолғы семинарда барлық пәндер бойынша 2019-2020 оқу жылының 3- ші тоқсанына арналған оқу жоспарын вертикальді және горизонтальді жоспарлау, сонымен бірге бөлім бойынша жиынтық ...

Толығырақ »