Home » Жаңалықтар » «Қарлығаш» тағы бір маңызды оқиға жаңа құрылымдық бөлімше — ресурстық-білім беру орталығын құру болды

«Қарлығаш» тағы бір маңызды оқиға жаңа құрылымдық бөлімше — ресурстық-білім беру орталығын құру болды

РББО қызметі жеке әдістемелік және нормативтік-құқықтық ресурстарды әзірлеуге және авторизациядан өткізуге, мектепке дейінгі білім беру саласының басшылары, педагогикалық және медициналық кадрлары үшін оқыту іс-шараларын ұйымдастыруға, оның ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің келісімі бойынша өзара іс-қимыл жасауға бағытталған.  Бұл ретте, «Қарлығаш» брендін елде және одан тыс жерлерде танымал ету мақсатында үздік тәжірибе трансферті және Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы Медициналық орталығы жүйесінде мектепке дейінгі білім беру сапасының жоғары деңгейін қамтамасыз ету арқылы Кәсіпорынның балабақшалары кадрларды практикалық оқыту үшін база болады.
Бүгінгі күні РББО құру елорданың және еліміздің өңірлерінің мектепке дейінгі білім беру саласында өте өзекті және сұранысқа ие.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.