Home » Білім және тарих » 2019 жылдың қорытындысы бойынша мектепке дейінгі дамытудағы заманауи тенденциялар

2019 жылдың қорытындысы бойынша мектепке дейінгі дамытудағы заманауи тенденциялар

    Цифрлық технологиялар дамып жатқан ХХІ ғасырда балаларды оқыту мен тәрбиелеудің қазіргі заманғы жаңа үрдістері мен технологиялары белсенді дамуда. Оған интернет кеңістіктегі және БАҚ беттеріндегі мол мәлімет куә. Әрине, мұндай ақпараттар ағымында ең оңтайлы шешімдерді іздеген ата-аналар да, кәсіпқойлар да тығырыққа тірелуі мүмкін. Осындай тығырықтан шығудың бірден-бір жолы — кәсіби қауымдастық қалыптастыру, семинарлар, дөңгелек үстелдер және басқа да тақырыптық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізуболып табылады, және «Қарлығаш» балабақшасы» осы бағытта біраз жұмыстар жүргізді: 2019 жылы шетелдік және қазақстандық сарапшылардың, ғалымдар мен мектепке дейінгі тәрбие саласында жұмыс істейтін мамандардың қатысуымен бірқатар семинар, шеберлік-кластары мен конференциялар өткізді.
2019 жылы 26 сәуірде «Балалардың ХХІ ғасырдың дағдылары мен құзыреттілігін дамытудың тиімді тәсілдері (4К)» тақырыбында елордалық семинар өткізілді. Семинар 4К моделінің маңыздылығы, ойлау негіздерін, ең ерте жастан бастап ақыл-ой және шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру артықшылықтары атап көрсетілген Елбасының 2018 жылғы 5 қазандағы Жолдауын іске асыру аясында ұйымдастырылды.
Семинар жұмысына ҚР Білім және ғылым министрлігінің, «Бөбек» ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығының, Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасының және Білім беруді жаңарту орталығының өкілдері, елордалық мектепке дейінгі ұйымдардың 100-ден астам қызметкері қатысты.
Осы басқосудың қорытындысы бойынша «Бөбек» ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығы мен ҚР Президенті Іс басқармасының Медициналық орталығы арасында Педагогикалық тәжірибе алмасу саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Мектепке дейінгі білім беру сияқты маңызды сала да назардан тыс қалып жатқан жоқ. «Заманауи талаптар контекстінде мектепке дейінгі білім беруді дамыту» тақырыбында республикалық семинар өткізіліп, оған еліміздің мектепке дейінгі ұйымдарының 100 шақты педагогы қатысты.
Семинар «Қарлығаш» балабақшасының бірегей тәжірибесін республиканың мектепке дейінгі ұйымдарына тарату, педагогтардың біліктілігін және отандық мектепке дейінгі тәрбиенің сапасын арттыру мақсатында ұйымдастырылды. Шараға ҚР Білім және ғылым министрлігінің, елордалық Білім беруді жаңарту орталығының, «Бөбек» ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығының өкілдері, Қазақстанның мектепке дейінгі білім беру саласында жұмыс істейтін жетекші сарапшылар, ғалымдар мен практиктер қатысты.
Ерте жастағы балаларды оқытудың инновациялық әдістері талқыланды. Семинарға қатысушыларның назарына креативтілікті, сыни тұрғыдан ойлауды, коммуникабельдікті және командада жұмыс істей білуді дамытуға негізделген «Тілдік ортаға бойлау әдісі», «Сингапурлық технологиялар» сияқты оқытудың үздік әдістемелері ұсынылды. Семинарда сондай-ақ, робототехника мен математика дағдыларын дамытуға бағытталған «STEAM-технологияның» маңыздылығы ерекше атап өтілді.
Мектепке дейінгі ұйымдарда тиімді менеджмент, этнопедагогика, балабақшаларды цифрландыру, «Неміс Кнайп сауықтыру технологиясы» және басқа да әдістемелер бойынша ұйымдастырылған шеберлік-кластары қатысушылардың айрықша ықыласын аударды.
Семинар аясында «Астана» халықаралық ғылыми кешенімен, «Өрлеу» БАҰО-мен, Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасының «Гуманитарлық колледжі» МКҚК-мен өзара әріптестік туралы меморандумдарға қол қойылды.
2019 жылғы 19-20 қыркүйекте өткен «QARLYGASH-2019» I Халықаралық конференциясы жылдың ең маңызды оқиғасы болды. «Мектепке дейінгі жастағы балаларды тәрбиелеу мен оқытудың заманауи тенденциялары» тақырыбында өткен конференцияға Австралия, Финляндия, Эстония, Израиль, Ресей Федерациясы сияқты таяу және алыс шет елдерден келген медицина, психология және мектепке дейінгі білім беру саласының 26 жетекші халықаралық сарапшысы қатысты. Конференция қорытындысы бойынша «Столица» бизнес – мектебімен, Мәскеу қ. (Ресей), «Центр САТР» ЖШС-мен, Алматы қ. (Қазақстан), «Развивающие игры Воскобовича» ЖШҚ-мен Санкт-Петербург қ. (Ресей) ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды.

Конакова Бахытгуль Каиргельдиновна 
Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы
Медициналық орталығының «Қарлығаш» балабақшасы»
ШЖҚ РМК, ИТЖБ әдіскер — сүйемелдеушісі

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.