Home » Білім және өнер (page 9)

Білім және өнер

Күз сыйы

Күз келіп, жер алтын түсті кілемге оранып жатыр. Күн шуағы мен сап-сары жапырақ түсі жер-көкті ерекше нұрға бөлеп, әсемдік сыйлап тұр. Жаз бойы жасалған еңбегінің жемісін жиып, сабан тойын жасаған дихандармен бірге «Берекелі Алтын күз» мерекесін Аққу бөбекжай бүлдіршіндері ағымдағы айдың соңында атап өтті. Бөбекжайдың көрнекі орынында тәрбиеленушілер мен ата-аналары бірігіп жасаған қолөнерлер туындыларынан «Күз сыйы» көрмесі өтіліп, қорытынды кезеңінде ...

Толығырақ »

Ақтөбеде «Назарбаев Зияткерлік мектептері» арасындағы спартакиада өтті

Ақтөбеде осы аптамен жарыса басталған Қазақстан Республикасы рәміздерінің 25 жылдығына арналған «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының филиалдары арасындағы спартакиада күні кеше аяқталды. Ақтөбе қаласындағы физика және математика бағытындағы Зияткерлік мектепте өткен кешенді жарыс нәтижесінде Астана қаласындағы Халықаралық мектеп мұғалімдері топ жарғандардың қатарынан көрініп, жалпы командалық есепте ІІ орынға тұрақтады. Жекелеген спорт түрлерінен астаналық қонақтардың қол жеткізген жетістіктері келесідей: ...

Толығырақ »

Көкшетауда облыстық Дельфий ойындары өтті

Ақмола облысы Білім басқармасының баспасөз қызметі Көкшетауда «ӨНЕРІМ — РУХАНИ ҚАЗЫНАМ» VІІІ облыстық ұлттық жастар Дельфий ойындарының өткізілгендігін хабарлайды. Жүзден аса қатысушы эстрадалық музыка, қысқа метражды кино және т.с.с. 15 номинация бойынша бақ сынасты. Өнерпаз дарынды балалармен жұмыс жүргізу жөніндегі облыстық оқу-әдістемелік орталығы басшысының орынбасары, Ойындардың ұйымдастырушысы Бақыт Қосқұлақованың айтуынша, Дельфий ойындарын дамытудың мақсаты – дарынды да талантты жастарды анықтап, ...

Толығырақ »

Өнерлі ұрпақ — елдің жарқын болашағы

Еліміз жаңа тарихи кезеңге аяқ басты. Бүгінгі жаһандану үдерісі шапшаң жүріп жатқан уақытта ұлттық тәрбие, ұлттық рухты жоғалтпау – үлкен міндет екені бәрімізге мәлім. Елбасы қазақстандықтарға арнаған Жолдауында білім беруге, денсаулық сақтауға және әлеуметтік салаға ерекше қамқорлықтар көрсетілетіндігін атап өткен-ді. Нақтырақ айтсақ, жас толқынның қоғам өміріне белсене араласуға бейімделгендей, бойларына қайткенде ұлттық рухты егу, сіңіру, себу үшін Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың ...

Толығырақ »

«Ақ көгершін» өңірлік фестивалі

19 қазан күні «Екібастұз» балалар қоры» атынан мүмкіндігі шектеулі балалар арасында Қоғамдық қор ұйымдастырған XVI «Ақ көгершін» өңірлік фестивалі өткізіліп, келесі күні «Өнер» ҚМО залында жалғасын тапты. Шығармашылық фестиваль Екібастұз қаласының 60-жылдығына, EXPO-2017 Халықаралық көрмесінің «Болашақ энергиясы», «Рухани жаңғыру» тақырыптарына арналды.   Байқауға 62 мектеп оқушылары қатысып, әділ қазылар алқасына түрлі номинациялар бойынша 73 жұмыс ұсынылды. Сайыс «Шектеусіз өмір» диалог ...

Толығырақ »

Дарындылар аралы

Жақында Астана қаласындағы «Жастар» сарайында IV Халықаралық көп жанрлы «Дарындар аралы» балалар мен жасөспірімдер және ересектер шығармашылығының фестиваль-конкурсы өтті. Байқауға Омбы, Астана, Атырау, Щучинск қалаларының жүзден астам оқушы қатысты. Павлодар қаласынан Құрманғазы атындағы №1 балалар музыка мектебінің екі оқушысы жолдама алды. Бағдарлама ережесі бойынша қатысушылардың ән айту шеберлігі, дыбыс ырғағының тазалығы мен сапасы, сахналық мәдениеті бағаланды. Сайыс қорытындысына сәйкес, павлодарлық ...

Толығырақ »

Өнерімен өрге жүзген..

Павлодар облысы, Май ауданы, Көктөбе жалпы орта білім беретін мектебінде шахмат үйірмелері  арасында шахматтан аудандық жарыс өтті. Мектепаралық жарысқа  ауданның 9 мектебінен құрама команда қатысты. Шахмат талабына сәйкес 2, 3, 4-сыныптар бойынша 3 ойыншыдан қатысты. Нәтижесінде ІІІ орынды Ақжар орта мектебінің құрама командасы, ІІ орынды Майтүбек орта мектебінің құрама командасы, І орынды Көктөбе орта мектебінің құрама командасы иеленді. Көктөбе орта ...

Толығырақ »

Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған ерекше сабақ

Кеше арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетудің облыстық психоневрологиялық балалар орталығында «Серпін» жобасының қатысушылары Павлодар мемлекеттік институтының болашақ дефектолог мамандарының еңбек сабағынан шеберлік сыныбы өтті. Сабақ барысында жас мамандар мүмкіндігі шектеулі балаларға қойдың жүнінен киіз басып, түрлі қолөнер бұйымдарын жасауды үйретті. Мұндағы мақсат: балалардың мүмкіндігін кеңейтіп, білім алу, еңбек етуге деген құлшынысын арттыру, оларды қолөнерлік кәсіпке баулу, қол моторикасын дамыту болды. Жасөспірімдер ...

Толығырақ »

ҮЗДІК СУРЕТШІЛЕР МАРАПАТТАЛДЫ

Биылғы жазда Болгарияда «Нова Загор – 2017» XIX Мемлекеттік жастар көрмесі өтті. Оған: Европа, Латын Америка, Азияның 36 мемлекеттінен 4 — 20 жас аралығындағы 3 мыңнан астам суретшілер қатысты. Павлодар қаласынан №2 Балалар көркемсурет мектебінен 15 оқушының жұмысы жолданды. Сайыс қорытындысы бойынша павлодарлық екі оқушысының: Айдардың (түрлі-түсті сия, балауыз май) аралас техникасы бойынша орындалған «Бұғы-қыс», Еваның фломастермен салынған «Түнгі күзетші», ...

Толығырақ »

Шекспирдің шығармасы үш тілде сахналанды

Қазақстан халықтарының Тілдер күні мерекесіне орай өңірдегі дарынды жастар ағылшын жазушысы Уильям Шекспирдің «Ромео және Джульетта» шығармасын бір мезгілде үш тілде сахналады. Қойылымды Атырау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің жоғары сынып оқушылары дайындаған. Мектеп театрының жаңа туындысын тамашалауға келгендердің қарасы көп. Олардың арасында шетелдік ұйым өкілдері, мектеп ұстаздары және ата-аналар да бар. Мьюзикл жанрында орындалған әдеби шығарма әуелі қазақ тілінде, кейін ...

Толығырақ »