Home » Білім және өнер » «Ақ көгершін» өңірлік фестивалі

«Ақ көгершін» өңірлік фестивалі

19 қазан күні «Екібастұз» балалар қоры» атынан мүмкіндігі шектеулі балалар арасында Қоғамдық қор ұйымдастырған XVI «Ақ көгершін» өңірлік фестивалі өткізіліп, келесі күні «Өнер» ҚМО залында жалғасын тапты.

Шығармашылық фестиваль Екібастұз қаласының 60-жылдығына, EXPO-2017 Халықаралық көрмесінің «Болашақ энергиясы», «Рухани жаңғыру» тақырыптарына арналды.

  Байқауға 62 мектеп оқушылары қатысып, әділ қазылар алқасына түрлі номинациялар бойынша 73 жұмыс ұсынылды. Сайыс «Шектеусіз өмір» диалог алаңынан басталып, аталған фестивальдің бұрынғы жеңімпаздары мен қатысушылары, қазіргі ересек және табысты кәсіпкерлер шақырылды. Сондай-ақ, Екібастұз қаласының ең дарынды, ең талантты жастарының шығармашылық жұмыстары бағаланды.

Фестиваль қонақтары мен қатысушылары жас таланттарды: «Үздік жасампаз», «Бейнелеу өнері», «Алтын қауырсын» атты үш номинация негізінде марапаттады.

«Ақ көгершін» фестивалінің қорытындысы бойынша №19 арнайы жалпы білім беру мектептің 8 «Б» сынып оқушысы Тәңір Сүлейменов Гран-при иегері атанды.

Іс-шара соңында барлық жеңімпаздары мен қатысушылары «Екібастұз» балалар қоры атынан сыйлықтарға ие болды.

Айгүл Молдаш

Білім айнасы

Павлодар қаласы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.