Home » Білім және өнер » ҮЗДІК СУРЕТШІЛЕР МАРАПАТТАЛДЫ

ҮЗДІК СУРЕТШІЛЕР МАРАПАТТАЛДЫ

Биылғы жазда Болгарияда «Нова Загор – 2017» XIX Мемлекеттік жастар көрмесі өтті. Оған: Европа, Латын Америка, Азияның 36 мемлекеттінен 4 — 20 жас аралығындағы 3 мыңнан астам суретшілер қатысты. Павлодар қаласынан №2 Балалар көркемсурет мектебінен 15 оқушының жұмысы жолданды.

Сайыс қорытындысы бойынша павлодарлық екі оқушысының: Айдардың (түрлі-түсті сия, балауыз май) аралас техникасы бойынша орындалған «Бұғы-қыс», Еваның фломастермен салынған «Түнгі күзетші», суреттері де 500-ден астам ең үздік жұмыстар қатарына енді. Сондай-ақ, бұл жұмыстар Нова Загора қаласындағы Руси Карабиберова көркемсурет галереясында өткен балалар туындыларының қорытынды көрме экспозициясына қойылды.

Жақында Халықаралық байқау жеңімпаздары: 8 жастағы Айдар Айтимов пен Ева Москалец арнайы Дипломдармен марапатталды.

 

Айгүл МОЛДАШ

Білім айнасы

Павлодар қаласы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.