Home » Мақалалар (page 430)

Мақалалар

Шоқыбаева Айгүл Еркінбайқызы. Жеке тұлға қалыптастырудағы тәрбиенің орны

«Адамның адамшылығы – ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана,  жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады»   Абай Құнанбаев           Тәрбие – халықтың  ғасырлар  бойы  жинақталған  ізгі  қасиеттерін  жас  ұрпақтың  бойына  сіңіру,  балалардың  қоршаған  ортадағы қарым – қатынасын, өмірге деген  көзқарасын  қалыптастыру.  Ал тәрбиенің негізгі мақсаты – дені сау, ұлттық сана – сезімі, рухани  ойлау дәрежесі  биік, мәдениетті, ар ...

Толығырақ »

Рухы биік, білімділер заманы

Сонау ата-баба заманынан қозғар болсам, рухани жаңғыру, рухани жаһандану сол заманнан басталған дер едім. Алайда қазіргі рухани жаңғыру бағытымыздың өткен тарихи заман жаңғыруынан айырмашылығы көп. Олай деуімнің өзіндік себебі бар. Ежелгі бабаларымыз атқа қонып, ел қорғап, намыс туын биік желбіреткен халық болатын. Ол заманның қазіргіден айырмашылығы күш арқылы ел қорғап, салт-дәстүрімізді, ұрпаққа берер асыл азығымызды, өркениетімізбен мәдениетімізді сақтап қалу еді. ...

Толығырақ »

Омарова Б.Қ.Тәрбие тағылымдары

Еліміздің білім беру жүйесі мен өскелең ұрпақты тәрбиелеу жұмысы Елбасымыздың «Рухани жаңғыру» бағдарлама тағылымдарына, «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы даму» Жолдауының міндеттеріне негізделгені белгілі. Осындай бағыт, бағдар сілтейтін еңбектерге сүйене отырып, Қарағанды қаласының «№93 гимназия» КММ педагогтары жүйелі түрде тәлім-тәрбие мәселесінде нәтижелі ізденіс пен тәжірибені ұштастырып еліміздің ертеңі – болашақ қазақстандықтар санасына патриоттық сезім мен татулық, бірлік, берекелі еңбек, еңбеккер адамға ...

Толығырақ »

«Экспо 2017» – Қазақстанның болашағы

 Биылғы жылғы каникул мен үшін естен кетпес күндердің біріне айналды. Сынып сағаттарында Ақзира апайымыз биыл «ЭКСПО-2017» көрмесі өтетінін айтып көтеген маліметтер берген болатын. Экспо деген не? Бұл – бүкіләлемдік көрме. Астанадағы көрме «Болашақтың энергиясы» деген атпен өтетінін. Ұйымдастырушылар әлемнің әр түкпірінен бес миллионға жуық адам келіп тамашалайтынын айтты. Мен де сол көрмені көруге асықтым. Естіген бөлек ,көрген бөлек екен. Мен ...

Толығырақ »

Мектептегі әскери-патриоттық тәрбие

«Егеменді ел тірегі – қарулы күштер» десек, сол әскери қарулы күштерге жастарды мектеп қабырғасынан даярлайтын БӘД пәні болып табылады. Қысқа мерзім ішінде қолданыстағы қаруды меңгеру, тәуелсіз демократиялық Отанымызға лайықты қорғаушы жауынгер болу – күрделі іс. Сондықтан, әрбір жасөспірім мектеп табалдырығын аттағаннан бастап өзін әскери қызметке дайындауы, Қазақстан Республикасы мен оның халқы алдындағы азаматтық борышын жауапкершілікпен ұғынуы тиіс. Өскелең ұрпақты осындай ...

Толығырақ »

Туған жерім — тірегім

 Қызылорда қаласының қалыптасу тарихы бұрынғы маңызын жоғалтпай, тек аты ғана бірнеше рет өзгергенімен (Ақмешіт – 1818ж., Перовск – 1853 ж., қайтадан Ақмешіт – 1922 ж Қызылорда – 1925ж.,), әр кезеңде Сыр бойы атрабының әлеуметтік және мәдени орталығы болып қалыптасты. Ақмешіт 1818 жылы Қоқан хандығы кезінде Сырдария бойында алғаш қорған ретінде салынған. Оның ішіндегі ақ кірпіштен өрілген мешіттің түсіне сай бекініс ...

Толығырақ »

Бала тәрбиесі – бесіктен

  Қазіргі  қарыштаған  ақпарат  заманына келіп  жеттік. Бұрынғы қол  еңбегінің орнын  электрон  жүйесі  алмастырды. Қандай  өзгерістер  болса  да  ықылым  заманнан  келе  жатқан  бала  тәрбиесі   өзекті  тақырып  болып  қала  бермек.          Қағидаға  берік  дана  халқымыз  «Бес  жасқа  дейін  балаңды  патшадай  көр,  он  бес  жасқа  дейін  құлша  жұмса,  он  бес  жастан  кейін  құрбыңдай  сырлас» деп  ата-ана  тарапынан  берілер  үздіксіз  тәрбиені  тұжырымдаған. Көпшілік  ...

Толығырақ »

Білім  беруде  үштілділікті  енгізудің  өзектілігі

Елбасы өзінің соңғы Жолдауында да кәсіптік және техникалық білім беру бойынша жұмыстарды жалғастырып, халықаралық талаптар мен цифрлық дағдыларды ескере отырып, техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламаларын жаңарту керектігін айтып өткен болатын. Бүгінгі күні кәсіптік және техникалық білім жүйесінің рөлі күннен-күнге өсуде. Қабылданып жатқан жаңа жобалар мен бағдарламалар техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің алдына жаңа бастамалар мен міндеттер қойып отыр. Соның ішінде ...

Толығырақ »

Оқу үрдісінде жас ұстаз бен оқушылар арасындағы қарым-қатынас психологиясы

 Оқушылар мен жас ұстаздар арасындағы өзара қарым-қатынас жасау мәселесі психология ғылымындағы және тәлім-тәрбие ісіндегі әрі маңызды, әрі күрделі проблемалардың қатарына жатады. Бұл салада жүргізілген бірсыпыра зерттеулер мен осы бағытта жинақталған тәжірибелердің нәтижелері оқушылар мен ұстаздар арасында қарым-қатынас орнатуда айтарлықтай ерекшеліктер мен сипаттар, түрліше түсініктер бар екендігін көрсетті. Міне, мұндай мәселедегі елеулі жәйттің бірі – мұғалім мен оқушылар арасында қарым-қатынас жасауда ...

Толығырақ »

Айымгүл Дергалиева.«Өндірісті бақылау және технологиялық анализ  сабақтарында  ақпараттық коммуникациялық технологияны қолдану»

  «Білімді дамыта алмайтын елдің болашағы жоқ» деп Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев айтқандай: «жаңа технологиялық əдіс-тəсілдерді пайдалану – білім сапасын арттырудың бірден-бір жолы» деп атап көрсеткен. Күн сайынғы, тіпті сағат сайын өзгеріп отырған əлемдік ақпаратқа ілесу, ондағы жаңашыл əдіс-тəсілдерді меңгеріп пайдалана білу – бүгінгі күні оқытушыдан  үлкен ізденісті, зор талапты, өз білімін жетілдіріп арттыруды қажет етіп отыр. Заманауи жоғары технологияларды пайдалану арқылы ...

Толығырақ »