Home » Мақалалар » Шоқыбаева Айгүл Еркінбайқызы. Жеке тұлға қалыптастырудағы тәрбиенің орны

Шоқыбаева Айгүл Еркінбайқызы. Жеке тұлға қалыптастырудағы тәрбиенің орны

«Адамның адамшылығы – ақыл, ғылым, жақсы ата,

жақсы ана,  жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады» 

 Абай Құнанбаев

          Тәрбие – халықтың  ғасырлар  бойы  жинақталған  ізгі  қасиеттерін  жас  ұрпақтың  бойына  сіңіру,  балалардың  қоршаған  ортадағы қарым – қатынасын, өмірге деген  көзқарасын  қалыптастыру.  Ал тәрбиенің негізгі мақсаты – дені сау, ұлттық сана – сезімі, рухани  ойлау дәрежесі  биік, мәдениетті, ар – ожданы  мол, іскер, бойындағы игі қасиеттер қалыптасқан  адам   тәрбиелеу.  Жалпы  оқушылардың  өмірінде  мектептегі  тәрбиенің  рөлі  зор. Мектептегі  басты  тұлға  ұстаздың міндеті тек білім беру ғана емес, сонымен қатар әрбір  оқушының жүрегіне  жол тауып,  оларды тәлім —  тәрбиемен сусындату  болып  табылады.  Бұл  тұрғыда  тәрбиенің мынадай  құралдарын қолданғанымыз жөн: сөз, ойын, өнер, әлеуметтік  орта, еңбек құралдары, спорт.
Себебі сөз әрдайым  көңіл құлпын ашатын  кілт болып есептеледі,  яғни  оқушыға кейде  сын  көзбен  қарап,   қоғамдық пікір айта білсек,  талап  қойып,  болашаққа ұмтылуға  сендірсек, келешекте абзал азамат  шығары сөзсіз.  Сондай – ақ  оқушының қоршаған ортасы, дос – жарандары, құрбы құрдастары иманды, адамгершілігі   мол,  ізгілікті, елжанды болуы  керек.  Әрбір  баланың  бойында еліктеушілік  басым келеді, сондықтан  әрдайым  баланың   жанында  жүрген  жеткіншектерге  назар  аударып  жүруіміз қажет.
Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы  Назарбаев «Ғасыр мақсаты – қоғамның  нарықтық қарым – қатынасқа көшу кезінде  саяси- экономикалық және  рухани дағдарысты жеңіп  шыға алатын, ізгіленген, XXI ғасырды  құрушы іскер, өмірге  икемделген, жан жақты мәдениетті  жеке  тұлға  қалыптастыру» деген тұжырым жасаған.
Қазіргі  таңда  сынып жетекшісі  болу ауырпашылығы бар, жауапкершілігі  мол, қиынды да қызықты  міндет: оқушылар  ұжымын  жан-жақты  топтастыру, қалыптастыру, психикалық  ахуалын, әлеуметтік  тұрмысын жақсы  танып көрегендік  таныту, оқушыларға  сенім білдіре отырып  олардың  көзқарасымен  санасу,  жаңашыл,  ізденімпаз ұстаз – тәрбиеші бола білу.
Мектеп пен ата  — ана ынтымақтастықта барлық мәселені шешіп отырса, тиісті  көлемде  көңіл бөлінсе,  оқушыға  дұрыс пікір  қалыптастырса, келешектің  шын  жанашыр, арқа  сүйер азаматтарын тәрбиелеп  шығары  сөзсіз.  Ұстаз  шәкіртке  құрметпен қараса,  шәкірт  ұстазын сыйлайды.  Менің  ойымша  болашағымызда  керемет  білімді ұрпақтың заманы  келе жатыр, сондықтан баланы  бүгіннен  дұрыс  қалыптастырсақ, жас ұрпақты  сапалы  білім мен  саналы  тәрбиемен  сусындатса, сынып жетекшінің  болашағымызға үлкен жол ашқаны  болып саналады.  Менің  оқушыларым еңбекқор, адал, көп оқыған, тәрбиеліде ибалы  болып өседі.  Менің оған  сенемім мол!                

Астана қаласы,
  № 61 орта мектептің биология және
өзін – өзі тану пәнінің мұғалімі

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.