Home » Мақалалар (page 400)

Мақалалар

ДАРЫНДЫЛЫҚТЫ ШЫҢДАУ – ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ІЗДЕНІС НӘТИЖЕСІ  

Сыни тұрғыдан ойлау «ойлау туралы ойлану» деп сипатталған.  Сыни тұрғыдан ойлау  ол бақылаудың, тәжірибенің  ойлау мен талқылаудың нәтижесінде алынған ақпаратты ойлауға, бағалауға, талдауға және синтездеуге бағытталған пәндік шешім. Ол болашаққа әрекет жасауға негіз бола алады. Сыни тұрғыдан ойлау көбінесе қарсы пікір айтуға, ойлау және іс-әрекетімізге  жаңа немесе түрлендірілген тәсілдерді енгізуге дайын болуға, ұйымдастырылған қоғамдық әрекеттерге  және басқаларды сыни тұрғыдан ойлауға ...

Толығырақ »

Астананың 20 – жылдығына арналған «Болашақ келбеті» көрмесінің салтанатты ашылу

2018 жылғы 27 маусымда, сағ. 17.00-де Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы музейінің ғимаратында Астананың 20 жылдығына арналған «Болашақ келбеті» көрмесінің ашылу салтанаты өтеді. Көрме Қазақстан Республикасы Президентінің архивімен бірлесіп ұйымдастырылмақ. Көрменің елорда тарихына тікелей қатысы бар мемориалдық ғимарат, Астанадағы Мемлекет басшысының алғашқы резиденциясында орналасуының  айрықша мәні бар. Дәл осы жерде Астана құрылысының Бас жоспары қабылданып қана қоймай, елордаға ...

Толығырақ »

Педагогтер педогогикалық идеяларымен бөлісті

Жезқазған қаласы №13 «Ертөстік» бөбекжайы ғимаратында 2016-2019 жылдарға арналған даму стратегиясы негізінде «Парасат кәсіби қоғамдастығы аясында бөбекжай педагогтеріне арналған қалалық «Педагог: кеше, бүгін, ертең» тәжірибелік семинар өтті. Мектепке дейінгі ұйымдардың Даму стратегиясының «бәсекеге қабілеттілік» бағытын іске асыруда педагогтердің кәсіби деңгейін арттыру, жаңа педагогикалық бастамаларға қолдау көрсетуді мақсат етеді. Тәрбиешілер мен педагогтердің педагогикалық шеберлігін арттыру, үздік инновациялық-педагогикалық тәжірибелерді тану және тарату ...

Толығырақ »

Сарбаздармен өткен бір сәт

(әдіскер күнделігінен) Осынау ұланғайыр қазақ жері өмірдің сан тарау, сансыз соқпақты ғасырлар қойнауынан бабаларының найзасынның ұшымен, білегінің күшімен қорғалып, ұрпағына мирас еткен атақоныс-атамекені. Туған халқының салт-дәстүрі, бүкіл бітім-болмысы, ұлттық дүниетанымы, рухани-адамгершілік сынды мұраттары кейінгі ұрпағына мұра. Бұл елдің бірлігі, тұтастығы қашанда Отанды, туған елді сүю төңірегінде өрбігенді. Қасиетті қазақ топырағында туылып, түлеген текті ұрпақтың бойынан достық, бірлікпен бірге даласындай кеңдік, ...

Толығырақ »

Туған жер  толғауы

Көкжиектен  құланиектене көтерілген күн жылы жүзбен ұзатылған сұлу қыздай сылаңдап, күймесімен күлім қаға, әдеттегі қалпынан бір танбай күмбезіне ақырын ғана шеру тартты. Шапағын жаға жаныңды жадыратты. Бар дүние нұрға бөленді, тотыдайын түрлене, жандана, жайнай түсті еркін дала төсі. Таңғы жібектей ескен самал желі бетті өбсе,  ақшаңқан түтілген мақтадай  ақ бұлты әуеде қалықтап, сайрауыш сан түрлі құстары әнімен тербеген. Кеудеңде шаттық ...

Толығырақ »

Созақ сапарында

Еліміздің кең байтақ даласы тұнған тарихқа толы. Солардың ішінде көнеден сыр тартып, бүгінде жыр қылып айтар өңіріңіз-  Созақ.. Бір заманда қазақ хандығының ордасы, адамзат баласының ошағы болған, Қазыналы Қаратау бауырына басқан құтты мекен. Қырында қарақұйрық, киігі жосыған, тауында ежелден  тауешкі мен арқары өрген киелі де ырысты мекен. Қаратаудың күнгейі мен теріскейі. Яссауидің 13 атасы Бабаата, Қарабура, Бабай түкті шашты Әзиз, ...

Толығырақ »

Жатақханадағы қуыршақ театры қанат жайды

Қуыршақ театры жайындағы алғашқы деректер көне заман ойшылдары Аристотель, Геродот, Ксенофонт, Апулейдің еңбектерінде кездеседі. Жансыз қуыршаққа жан бітіріп, іс-қимыл арқылы көрерменін баулап алатын өнердің бұл түрі Семей қаласындағы физика –математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің жатақхана тәрбиеленушілері арасында кең қанат жайып келеді. Тәрбиеші әрі үйірме жетекшісі Айжан Мұқатованың жетекшілігімен жұмысын бастаған қуыршақ театры өздерінің алғашқы тұсауын жатақхананың 1 жылдығы мерекесінде кескен ...

Толығырақ »

«Сәтті қадам» жаңа мұғалімдерге жол ашады

Баланың сапалы білім алуы білікті ұстазға тікелей байланысты. Сол үшін де қазір мектеп мұғалімдеріне қойылатын талап өте жоғары. Отандық білім саласының темірқазығына айналған Назарбаев Зияткерлік мектептерінің ұстаздарына бұл тарапта жауапкершілік ерекше артылады. Осыны ескерген Семей қаласындағы физика –математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде оқу жылының басында жұмысқа жаңадан қабылданған, Зияткерлік мектептерде жұмыс істеу тәжірибесі жоқ мамандар арасында «Сәтті қадам» атты сайысы ...

Толығырақ »

PISA зерттеулері аясында оқушылардың оқу сауаттылығын дамыту дағдылары

Жеке тұлғаның одан әрі өз бетінше білім алуы мен дамуына қажетті негізгі құралдардың бірі оқу сауаттылығы болып табылады. Осы ұғым үш құрамдас бөліктерден тұрады. Ол адамның оқыту барысында оқығанын педагогикалық әрекеттің маңызды бағыты ретінде түсіну қабілеті. Пән мұғалімі жұмысының қолданбалы аспектісі білімгерді қойылған сұраққа толық жауап беру барысында мәтін ақпаратын пайдалануға үйретуі болып табылады. Және одан да маңызды нәрсе — ...

Толығырақ »

Көптілділік — көпмәдениетті тұлғаны қалыптастырудың негізі ретінде

Көпұлтты, көп жылғы тарихы бар Қазақстан елінде қазіргі таңда көптілді білім беру қазіргі білім беру білім беру жүйесінің басым бағыттарының бірі болып отыр. Қазақстан республикасының Президенті  Н.Ә.Назарбаев: Қазақстан өзінің көпұлтты мемлекет болуымен ерекше және мықты. Оның жерінде керемет көпұлтты кеңістік қалыптасты. Қазақстанның көпмәдениеттілігі – қоғам дамуының озық факторы ретінде» деп, атап көрсеткен болатын. Қазақстанның білім берудегі стратегиялық міндеттерінің бірі — ...

Толығырақ »