Home » Tag Archives: «BILIM AINASY» (page 4)

Tag Archives: «BILIM AINASY»

«Орал қаласының Құрметті педагогі» марапаты тапсырылды

Кәсіби мерекелеріне орай ұстаздар қауымын құттықтаған Орал қаласының әкімі Абат Шыныбеков қаланың білім беру жүйесін дамытуға сүбелі үлес қосқан мереке иелеріне осындай құрмет көрсетті.   Жастар мәдениет үйінде ұйымдастырылған салтанатты шарада сөз алған қала әкімі Абат Абайұлы білім саласының қызметкерлерін, ардагер-ұстаздарды кәсіби мерекелерімен құттықтады. – Қазақтың кемеңгер ақыны Мағжан Жұмабаев: «Қазақтың қаны бір, жаны бір жолбасшысы – мұғалім. Алты алаштың ...

Толығырақ »

Оралдық зияткерлер мереке иелерімен жүздесті

Мұғалімдер күні қарсаңында Оралдағы Назарбаев зияткерлік мектебінде «Ару Ақжайықтың ұлағатты ұстаздары» жобасы бастау алды. Зияткерлік мектептің баспасөз қызметінің мәліметінше, мерекелік жобаның басты кейіпкерлері – білім саласының үздіктері, облыс аудандары мен қала мектептерінің, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің, біліктілікті арттыру институты мен балабақшалардың белді ұстаздары. Зерттеу жобасы аясында оралдық зияткерлер кейіпкерлердің өнегелі өмірінен хабардар болып, ұстаздық ұстанымдарын зерделеп, нағыз мұғалімнің бейнесін ...

Толығырақ »

АБАЙ ЖАҚҚАН БІР СӘУЛЕ СӨНБЕС ҮШІН…

АБАЙ ЖАҚҚАН БІР СӘУЛЕ СӨНБЕС ҮШІН… Қашанда қазақ үшін қуанатын, қуантатын асыл қазынасы болуы қажет. Сол асыл қазынамыз «Қазақтың бас ақыны» Абай екені де даусыз. Абай атамыздың 175 жылдығын әлем тойлап жатқанын әлеуметтік желіден көріп жүрміз. Тіпті бауырлас халық түріктер Анталияның төрінен ақынның ескерткішін ашып жатқанда туған елінің тартынбайтыны айдан анық. Ұлы ақынды дәріптеу, оның шығармашылығын жас ұрпақ арасында насихаттау ...

Толығырақ »

БҚО-да 157 мектептің оқушылары қашықтан оқиды

Жалпыреспубликалық бірыңғай педагогикалық кеңес Батыс Қазақстан облысындағы мектептерде де ұйымдастырылуда. Осындай жиын тамыздың 19-ы күні дарынды балаларға арналған мамандандырылған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық қазақ мектеп-интернат кешенінде өтті. Аталған педагогикалық кеңестерде кезекті оқу жылындағы оқу процесін ұйымдастыру, штаттық режимде оқитындар үшін сақталуы тиіс санитарлық нормалар, балаларды қашықтан оқыту үшін таңдалған платформа, бағалау жүйесіндегі өзгерістер секілді мәселелер талқылануда. Облыстық білім басқармасы басшысының ...

Толығырақ »

Оралда жаңа мектеп салынуда

Жазғы демалыс мерзімі де аяқталуға таяп, жаңа оқу жылы басталар уақыт жақындап келеді. Осы ретте Батыс Қазақстан облысының орталығы – Орал қаласындағы мектептер жаңа оқу жылына қаншалықты дайын деген сауалмен қалалық білім беру бөліміне хабарласып көрдік. Оралда жалпы 51 жалпы орта білім беретін күндізгі мектеп бар.  Олардың 49-ы – орта, екеуі – негізгі және біреуі – кешкі ауысымды мектеп. Сонымен ...

Толығырақ »

Теректіде тәжірибелі ұстаз, талантты ұрпақ аз емес

Батыс Қазақстан облысына қарасты  Теректі ауданында білім саласы бойынша бірқатар жұмыстар атқарылуда.   Аудан аумағындағы білім ошақтарының жай-күйі туралы сұхбат берген аудан әкімі Әділ Жоламанов бұл саланың келешекте одан әрі өркендей түсеріне сенім білдірді. – Әділ Тауфикұлы, алдымен аудан аумағында орналасқан білім нысандары туралы мәлімет бере кетсеңіз. – Тәрбие мен білім алу – әр баланың өміріндегі маңызды кезең. Ауданымызда 40 мектепке ...

Толығырақ »

Білім саласындағы жемқорлықпен күресу керек

Аружан қызым  – 2 сыныптың үздік оқушысы. Бір күні үй жұмысының дұрыстығын тексеріп отырғанымда, оның тосын сұрақ қойып қалғаны бар. «Анашым, мен шипажайда оқығанымда, ағылшын тілінің мұғалімі Шұғылаға туған күні болғаны үшін «5» деген баға қойды. Бұл – адалдыққа жатпайды ғой, бұл – арамдыққа жатады. Бағаны адам өз еңбегімен алуы керек», — дейді. Мен баланың бойындағы адалдық, әділдік туралы пайымына ...

Толығырақ »

ӘЛ-ФАРАБИ ТАҒЫЛЫМЫ ЖАЙЛЫ

2020 жыл басталған күннен бастап Теріскейліктер қыруар шаралар атқарып, жемісті еңбек етіп жатыр. Сол шаралардың ең ұлысы әл-Фараби мен Абай мұрасын насихаттау кең қолға алынған. Қос ғұламаның мерейтойына байланысты біраз жұмыстар атқарылып, көптеген ғылыми-семинарлар ұйымдастырылды. Соның бірден-бірі «Өрлеу» БАҰО» АҚФ «Солтүстік Қазақстан бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» Әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойына арналған «әл-Фараби және Рухани жаңғыру жолындағы Қазақстан» республикалық ...

Толығырақ »

Зяткер жас ғалымның жеңісі

Оралдағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 10-сынып оқушысы Арсен Алиев Батыс Алашорда үкіметінің көрнекті қайраткері Б.Атшыбаевтың тұлғасы туралы зерттеу жұмысымен «Жас ғалым – 2020» VI халықаралық ғылыми байқауында бірінші орынды жеңіп алды.   Тэджон қаласында өтуі жоспарланған ғылыми сайыс пандемияға байланысты онлайн режимге ауыстырылған еді. Арсеннің ғылыми жұмысына арқау болған Беркінғали Атшыбаев – қазақтан шыққан алғашқы мұнай барлаушы-геолог, Батыс Алашорда үкіметінің көрнекті ...

Толығырақ »

БҰЛ ДА БІР СЫНАҚ ШЫҒАР …

  Осыдан біраз жыл бұрын, балам туыстарымен бiрге күйеу­баламның туған күнiне кеткен. Үйде жалғыз едiм. Бiр кезде безiлдеген телефонның құлағын көтердiм. “Әлгiнде балаңыз (аты­мен атап) қару-жарақ сатып жатқан жерiнен милицияға ұсталды, сөйлесiңiз”, – деп телефон тұтқасын балама ұстата салды. Ол: “Мама, менi тезiрек құтқарып алшы” дегенi сол едi, байланыс үзiлiп кеттi. Жүрегiм қоса үзiлiп кеткендей болды. Iле бағанағы ер адам: ...

Толығырақ »