Home » Tag Archives: «BILIM AINASY» (page 5)

Tag Archives: «BILIM AINASY»

Карантиндегі дәстүрлі «Байзақ жұлдыздары» байқауы

           «Құлақтан кіріп, бойды алар             Жақсы  ән мен тәтті күй.             Көңілге түрлі ой салар,             Әнді сүйсең менше сүй», — деп қазақтың бас ақыны Абай Құнанбайұлы айтқандай,  жақсы ән адамның ой-сансына сан түрлі ой салары анық.  Мұндай сезім  арнайы концерттік бағдаламаға барып, сахнадағы әдемі әншінің әуезді әнін тыңдағанда болады.           Міне,  Жамбыл облысы Байзақ ауданында өткен жыл сайынғы ...

Толығырақ »

Агенттік өкілдері жамбылдық ұстаздармен кездесті

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Парасаттылық департаментінің басшысы  Ғанижан Асанұлы және Агенттік  жанынан құрылған  Республикалық ақпараттық-ағартушылық штабының  жетекшісі   Ырза Тұрсынзада облысқа жұмыс сапары барысында  білім беру ұйымдарының басшыларымен кездесті. Жиын  барысында  Жамбыл облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Ж.Бекбатырова  өскелең ұрпақты рухани – адамгершілікке, парасаттылыққа және азаматтық-патриоттыққа тәрбиелеу мақсатында өңірдегі атқарылып жатқан жұмыстар бойынша, әділетті ...

Толығырақ »

БҚО-да 2000-ға жуық оқушы «Білім» тарифімен қамтылған

Батыс Қазақстан облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында болған БҚО білім басқармасы басшысы Айгүл Мыңбаева биылғы оқу жылында оқушыларға қашықтан оқуға барлық жағдай жасалып жатқанын баяндады. Жаңа оқу жылының екінші айында кезекті рет баспасөз мәжілісіне қатысқан басқарма басшысы өңірдегі 380 мемлекеттік мектептің 249-ы штаттық режимде, 131-і қашықтан жұмыс жасап жатқанын мәлімдеді. – Бұл мектептердегі оқушылар контингенті 111 мыңнан асады. Олардың ...

Толығырақ »

БІЛІМ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЗАМАНАУИ ЖЕТІСТІК

Заманауи білім беріп, жас ұрпақтың кәсіби құзіреттілігін арттыру бүгінгі күннің басты құндылығы. Қоғам қарыштап дамыған сайын білім беру жүйесіндегі қойылатын талапта күшейтіле түспек. Осы орайда Солтүстік Қазақстан облысы «Ұлылар мұрасы және заманауи білім» тақырыбында өткізілетін қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің І халықаралық форумына қызыу дайындалып жатыр. Форум болғанға дейін секциялар жұмыс жасап, оқыту мен тәрбиелеудегі басты мәселелерді күн сайын талқылап ...

Толығырақ »

Бекбатырова Жәмиля: Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың білім саласындағы сарабдал саясатын бүкіл халық құптайды

Биыл Қазақ елінің тәңір сыйлаған Тәуелсіздігінің, арайлы азаттығының жиырма тоғызыншы жылы. Еліміздің Тәуелсізідгі мен мемлекеттілігі нығаю үшін Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев білім және ғылым саласын дамытуға үлкен үлес қосқаны белгілі. Міне, еліміздің білім жүйесі жаңа заманға лайық әрі халықаралық стандарттарға сәйкес дамып келеді. 1991 жылдан бастап білім беру саласындағы мемлекеттік саясат білім беру жүйесін сапалық жағынан жақсарту ...

Толығырақ »

Ұстаздар арасындағы зияткерлік ойын

Ақиық ақын Жұбан Молдағалиевтің 100 жылдық мерейтойы аясында Ұстаздар күніне орай Оралда «ХХІ ғасыр ұстазы» зияткерлік ойыны ұйымдастырылды. Жарысқа оралдық мектептердің 29 жасқа дейінгі мұғалімдері қатысты. Ұйымдастырушылардың мәліметінше, қатысушылар өз біліктіліктерімен, шапшаңдықтарымен сұрақтарға мүдірмей жауап беріп, ойынның қызықты өтуіне атсалысты. Зияткерлік ойын «Бәйге», «Жорға», «Дода» сынды үш кезеңнен құралды. Осы кезеңдерде топ жарған №12  ЖОББ мектебінің Қазақстан тарихы пәнінің мұғалімі ...

Толығырақ »

«Орал қаласының Құрметті педагогі» марапаты тапсырылды

Кәсіби мерекелеріне орай ұстаздар қауымын құттықтаған Орал қаласының әкімі Абат Шыныбеков қаланың білім беру жүйесін дамытуға сүбелі үлес қосқан мереке иелеріне осындай құрмет көрсетті.   Жастар мәдениет үйінде ұйымдастырылған салтанатты шарада сөз алған қала әкімі Абат Абайұлы білім саласының қызметкерлерін, ардагер-ұстаздарды кәсіби мерекелерімен құттықтады. – Қазақтың кемеңгер ақыны Мағжан Жұмабаев: «Қазақтың қаны бір, жаны бір жолбасшысы – мұғалім. Алты алаштың ...

Толығырақ »

Оралдық зияткерлер мереке иелерімен жүздесті

Мұғалімдер күні қарсаңында Оралдағы Назарбаев зияткерлік мектебінде «Ару Ақжайықтың ұлағатты ұстаздары» жобасы бастау алды. Зияткерлік мектептің баспасөз қызметінің мәліметінше, мерекелік жобаның басты кейіпкерлері – білім саласының үздіктері, облыс аудандары мен қала мектептерінің, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің, біліктілікті арттыру институты мен балабақшалардың белді ұстаздары. Зерттеу жобасы аясында оралдық зияткерлер кейіпкерлердің өнегелі өмірінен хабардар болып, ұстаздық ұстанымдарын зерделеп, нағыз мұғалімнің бейнесін ...

Толығырақ »

АБАЙ ЖАҚҚАН БІР СӘУЛЕ СӨНБЕС ҮШІН…

АБАЙ ЖАҚҚАН БІР СӘУЛЕ СӨНБЕС ҮШІН… Қашанда қазақ үшін қуанатын, қуантатын асыл қазынасы болуы қажет. Сол асыл қазынамыз «Қазақтың бас ақыны» Абай екені де даусыз. Абай атамыздың 175 жылдығын әлем тойлап жатқанын әлеуметтік желіден көріп жүрміз. Тіпті бауырлас халық түріктер Анталияның төрінен ақынның ескерткішін ашып жатқанда туған елінің тартынбайтыны айдан анық. Ұлы ақынды дәріптеу, оның шығармашылығын жас ұрпақ арасында насихаттау ...

Толығырақ »

БҚО-да 157 мектептің оқушылары қашықтан оқиды

Жалпыреспубликалық бірыңғай педагогикалық кеңес Батыс Қазақстан облысындағы мектептерде де ұйымдастырылуда. Осындай жиын тамыздың 19-ы күні дарынды балаларға арналған мамандандырылған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық қазақ мектеп-интернат кешенінде өтті. Аталған педагогикалық кеңестерде кезекті оқу жылындағы оқу процесін ұйымдастыру, штаттық режимде оқитындар үшін сақталуы тиіс санитарлық нормалар, балаларды қашықтан оқыту үшін таңдалған платформа, бағалау жүйесіндегі өзгерістер секілді мәселелер талқылануда. Облыстық білім басқармасы басшысының ...

Толығырақ »