Home » Tag Archives: «BILIM AINASY» (page 3)

Tag Archives: «BILIM AINASY»

38 МИЛЛИОН ТЕҢГЕ ГРАНТ ЖЕҢІП АЛДЫ

М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының доценті, PhD докторы Мұхамеджанова Гүлмира Тастемірқызы  Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2021-2023 жылдарға арналған гранттық қаржыландырудың ғылыми (немесе) ғылыми-техникалық конкурсына қатысып жеңімпаз атанды. «Білім және ғылым саласындағы зерттеулер» бағыты бойынша «Жаңартылған білім мазмұнын жүзеге асыру жағдайында көріктеуіш тілдік құралдарды оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздері» (орта білім беру жүйесі бойынша) атты жаңартылған ...

Толығырақ »

М.ҚОЗЫБАЕВ УНИВЕРСИТЕТІНЕ  РЕКТОР ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Қазақстан республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов бастаған республикалық комиссияның шешімімен Шуланов Ерлан Нұрлыбекұлы  М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетіне ректор болып тағайындалды. Ғылыми кеңес отырысында судай жаңа ректорды университет ұжымына ҚР Білім және ғылым вице-министрі Мирас Дәуленов таныстырды. Ерлан Нұрлыбекұлы 1984 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген. Шуланов Ерлан Нұрлыбекұлы, «Ақпараттық-талдау орталығы» акционерлік қоғамының президенті. Еуразия ұлттық университетін «Халықаралық құқық» мамандығы бойынша ...

Толығырақ »

Тәлімгер мен жас мұғалімнің педагогикалық дуэті

Ұстаз деген сөзді айту сондай бақыт сияқты көрінеді. Еңбектеген баладан, еңкейген қарияға дейін ұстаздың алдынан тағылымы мол тәрбие алатынымыз ақиқат. Ханды да, қараны да тәрбиелейтін — ұстаз. «Қазақтың ханы бір, жаны бір жолбасшысы – мұғалім». «Алты алаштың баласы бас қосса, қадірлі орын- мұғалімдікі», — деп алаштың ардақтысы Мағжан Жұмабаев айтқан еді. Алаш баласы үшін өзінің емес, өзгенің бақытын аялаған теріскейлік ...

Толығырақ »

ЖҰМАДАҒЫ КЕЗДЕСУ

М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті, «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының студенттері Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Халықаралық «Шабыт» фестивалінің лауреаты, «Алтын қалам» әдеби сыйлығының жеңімпазы, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты, ақын Қалқаман Саринмен онлайн әдеби жүздесу өткізді.  Кездесу барысында Қалқаман Сарин жастардың сауалдарына жауап берді. Құрметті Қалқаман мырза алғашқы сұрақ. Мемлекеттік қызметке барып, ақындық өнерден алшақтап қалған жоқсыз ба? Мен қазіргі ...

Толығырақ »

Карантиндегі дәстүрлі «Байзақ жұлдыздары» байқауы

           «Құлақтан кіріп, бойды алар             Жақсы  ән мен тәтті күй.             Көңілге түрлі ой салар,             Әнді сүйсең менше сүй», — деп қазақтың бас ақыны Абай Құнанбайұлы айтқандай,  жақсы ән адамның ой-сансына сан түрлі ой салары анық.  Мұндай сезім  арнайы концерттік бағдаламаға барып, сахнадағы әдемі әншінің әуезді әнін тыңдағанда болады.           Міне,  Жамбыл облысы Байзақ ауданында өткен жыл сайынғы ...

Толығырақ »

Агенттік өкілдері жамбылдық ұстаздармен кездесті

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Парасаттылық департаментінің басшысы  Ғанижан Асанұлы және Агенттік  жанынан құрылған  Республикалық ақпараттық-ағартушылық штабының  жетекшісі   Ырза Тұрсынзада облысқа жұмыс сапары барысында  білім беру ұйымдарының басшыларымен кездесті. Жиын  барысында  Жамбыл облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Ж.Бекбатырова  өскелең ұрпақты рухани – адамгершілікке, парасаттылыққа және азаматтық-патриоттыққа тәрбиелеу мақсатында өңірдегі атқарылып жатқан жұмыстар бойынша, әділетті ...

Толығырақ »

БҚО-да 2000-ға жуық оқушы «Білім» тарифімен қамтылған

Батыс Қазақстан облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында болған БҚО білім басқармасы басшысы Айгүл Мыңбаева биылғы оқу жылында оқушыларға қашықтан оқуға барлық жағдай жасалып жатқанын баяндады. Жаңа оқу жылының екінші айында кезекті рет баспасөз мәжілісіне қатысқан басқарма басшысы өңірдегі 380 мемлекеттік мектептің 249-ы штаттық режимде, 131-і қашықтан жұмыс жасап жатқанын мәлімдеді. – Бұл мектептердегі оқушылар контингенті 111 мыңнан асады. Олардың ...

Толығырақ »

БІЛІМ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЗАМАНАУИ ЖЕТІСТІК

Заманауи білім беріп, жас ұрпақтың кәсіби құзіреттілігін арттыру бүгінгі күннің басты құндылығы. Қоғам қарыштап дамыған сайын білім беру жүйесіндегі қойылатын талапта күшейтіле түспек. Осы орайда Солтүстік Қазақстан облысы «Ұлылар мұрасы және заманауи білім» тақырыбында өткізілетін қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің І халықаралық форумына қызыу дайындалып жатыр. Форум болғанға дейін секциялар жұмыс жасап, оқыту мен тәрбиелеудегі басты мәселелерді күн сайын талқылап ...

Толығырақ »

Бекбатырова Жәмиля: Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың білім саласындағы сарабдал саясатын бүкіл халық құптайды

Биыл Қазақ елінің тәңір сыйлаған Тәуелсіздігінің, арайлы азаттығының жиырма тоғызыншы жылы. Еліміздің Тәуелсізідгі мен мемлекеттілігі нығаю үшін Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев білім және ғылым саласын дамытуға үлкен үлес қосқаны белгілі. Міне, еліміздің білім жүйесі жаңа заманға лайық әрі халықаралық стандарттарға сәйкес дамып келеді. 1991 жылдан бастап білім беру саласындағы мемлекеттік саясат білім беру жүйесін сапалық жағынан жақсарту ...

Толығырақ »

Ұстаздар арасындағы зияткерлік ойын

Ақиық ақын Жұбан Молдағалиевтің 100 жылдық мерейтойы аясында Ұстаздар күніне орай Оралда «ХХІ ғасыр ұстазы» зияткерлік ойыны ұйымдастырылды. Жарысқа оралдық мектептердің 29 жасқа дейінгі мұғалімдері қатысты. Ұйымдастырушылардың мәліметінше, қатысушылар өз біліктіліктерімен, шапшаңдықтарымен сұрақтарға мүдірмей жауап беріп, ойынның қызықты өтуіне атсалысты. Зияткерлік ойын «Бәйге», «Жорға», «Дода» сынды үш кезеңнен құралды. Осы кезеңдерде топ жарған №12  ЖОББ мектебінің Қазақстан тарихы пәнінің мұғалімі ...

Толығырақ »