Home » Tag Archives: Алмахан Мұхаметқалиқызы

Tag Archives: Алмахан Мұхаметқалиқызы

Абай және Пушкин

Табиғатына тарта туатын аса дарынды адамдар бірін-бірі естіп-білмесе де орайлас ой кешіп, бірін-бірі байытып, бірін-бірі толықтырып жататыны ғажайып. Қазақ әдебиетіне жаңа үрдіс әкелген Абай орыс әдебиетін 1882жылдардан бастап аудара бастады. Алғашқы аудармасы М.Ю. Лермантовтың “Бородино” атты патриоттық өлеңі. Ең соңғы аудармасы да М.Ю.Лермантовтың “Вадим” атты ұзақ әңгімесінің желісі. «Батар күнге шымылдық көк бұлт кең» аттас туындысынан аударған. Орыс ақынының бітпей ...

Толығырақ »

Абай және Әлмағамбет

Құлақтан кіріп бойды алар, Жақсы ән мен тәтті күй. Көңілге түрлі ой салар, Әнді сүйсең менше сүй,- деп бүгінгі ұрпаққа айтқан Абайдың бұл өсиеті тәңір жыршысына айналды. Бұрынғы фольклорлық ән үлгісі келе-келе томаға-тұйық, қалыптан әлдеқайда ұзап шығып, жеке ауылдың, болмаса ру-ұлыстың ғана тиесілі сыбағасындай болмай, кең байтақ қазақ сахарасының ортақ туындысына, қазына байлығына қосылды. Сарыарқадан ән әуелеткен Сегіз сері, Біржан, ...

Толығырақ »

«Шәріпке» (Бесінші хабар)

«Бөтен сөзбен былғанса сөз арасы» Абай.   Түңлікбайдың қатыны, атың – Шәріп, Байға жарып көрмеген сен бір кәріп. Сен – шыққан жол үстінде жалғыз түп ши, Көрінген ит кетеді бір-бір сарып, Абайдың жазылған жылдары белгісіз өлеңдерінің бірі. Өлең 1855 – 1881 жылдар аралығында жазылған. Абайдағы арнау өлеңдері, әсіресе, ақын өмір сүрген әлеуметтік орта мен сол дәуірдің саяси-әлеуметтік оқиғаларын, заман шындығын ...

Толығырақ »

«Сұрғылт тұман дым бүркіп»

Сұрғылт тұман дым бүркіп, Барқыт бешпент сулайды. Жеңіменен көз сүртіп, Сұрланып жігіт жылайды. Не осений мелкий дождичек, Брызжет, брызжет сквозь туман. Слезы горькие льет молодец, На свой бархатный кафтан – Бұл Абайдың А.А. Дельвигтен аударған «Не осенний мелкий дождичек» деп басталатын өлеңі. 1892 жылы жазылған. Көлемі 16 жол бұл өлеңнің жалпы мағнасын ғана сақтап, өлеңді өте еркін аударған. Өлеңнің екінші ...

Толығырақ »

Біле жүріңіз

Кейбіреулер өзі шыққан ортасының кішілігін ескермей Құнанбай Қамбардың Көкшетауына баса қонып, әкесіне ас берді дейді. Абай туып өскен ортаның аса қадірлейтін Ниязбек Алдамжаров ақсақалдың естелігінің «Ас бергенде» бөлімінде: «Ас басталардың алдында Тәттімбет бастаған бір топ адам Алшынбайға барыпты: — Мына ат төбеліндей тобықты бізді басынды, жерімізге келіп, Өскенбай биге ас бергелі жатыр, — десе, Алшынбай: — Жарайды, оны бара көрерміз, ...

Толығырақ »

Біле жүріңіз

Абай əкесі Құнанбайдың тірі кезінде Найман ішіндегі Ұлан- Бұлаңның асына туыстарына басшы болып барса керек. Тобықтыларға бөлінген үйге Абай бастап кіргенде, тіркестіріп тіккен киіз үйдің біріншісінде бір келбетті қарт отырған екен. Абай ізетпен сəлем беріпті. Қарт: — Құнекеңнің Абайы сенсің ғой қарағым, көрсем деп ем, көрдім. Сəлеміңе рахмет! Алла разы болсын! Мына бір сөзге мойын бұршы. «Садақтың оғы», «аттың жалы», ...

Толығырақ »

Абайтану: «Абайдың «Әліп би» өлеңі

«Бөтен сөзбен былғанса сөз арасы»                                                    Абай.   Әлифдек ай йүзіңе ғибрат еттім, Би, бәләи дәртіңа нисбәт еттім. Ти, тілімнән шығарып түрлі әбиат, Си, сәнаи мәдхия хүрмәт еттім. Жем, жамалың қандай ақ рузи маған, Ха, хәлиллик таппадым, жаным, сәнан. Хи, халайық, мен емес, бәрі ынтизар, Дәл, дариға ғишық оты бермес аман. Зәл, зәлиллік көрген соң, сайрай бер, тіл, Ре, риза ...

Толығырақ »

Құнанбайдың шақшасы

Өскенбай дүние салған соң, арада жылдар өткенде Құнанбай жаңа өнер тауып, насыбай атауды бастапты. Бірде көпшілік бас қосқан алқалы жиында елдің дуалы ауыз қадірлі бір адамы: — Уа, Құнанбай! Əкең Өскенбай еліңнің тəнін таза, денін сау етемін деп насыбай атқанға пышақ жұмсауға дейін барып еді. «Өзі жоқтың көзі жоқ», — деп сөздің шындығын, шындықтың төресін айтып бетіне басса керек. Сонда ...

Толығырақ »

Абайтану. Үшінші хабар

   «Бөтен сөзбен былғанса сөз арасы» «Иузи — раушан, көзі гауһар» Абайдың жазылған жылдары белгісіз өлеңдерінің бірі.  Өлең 1855 – 1881 жылдар аралығында медреседе оқып жүргенде  жазылған. Абайдың әкесі Құнанбай  өзі оқымаса да балаларын оқытып жүрген.  Бір баласы Халилолланы орысша оқытып, Абайды мұсылманша оқытып жүргенде  соңғы бір баласына Сопы Алаяр сияқты ақындарды көп оқытып, өзі де тыңдай жүреді. Сол  кезде ...

Толығырақ »

Біле жүріңіз

  Абайдың бала кезінде қатты сырқаттанғаны жайында М.Әуезов «Абай жолы» роман-эпопеясының «Қайтқанда» тарауында жас Абай Қодар өлімін көріп, қиянатқа төзбей сырқаттанды дегенді ұқтырады. Ал, тарихи жазбалар мен оқиғалар желісінде былай делінеді. … Абай тоғыз жасында есінен танып, қатты ауырғанда анасы жолаушы жүрген әкесін шақыртып алыпты. Құнекең іңірде Ұлжанды ғана ертіп, есін білмей жатқан Абайдың денесін көреді. Жарықтықтың ыстығы бет шарпыпты. ...

Толығырақ »