Home » Абайтану » Біле жүріңіз

Біле жүріңіз

 

Абайдың бала кезінде қатты сырқаттанғаны жайында М.Әуезов «Абай жолы» роман-эпопеясының «Қайтқанда» тарауында жас Абай Қодар өлімін көріп, қиянатқа төзбей сырқаттанды дегенді ұқтырады.
Ал, тарихи жазбалар мен оқиғалар желісінде былай делінеді.
… Абай тоғыз жасында есінен танып, қатты ауырғанда анасы жолаушы жүрген әкесін шақыртып алыпты. Құнекең іңірде Ұлжанды ғана ертіп, есін білмей жатқан Абайдың денесін көреді. Жарықтықтың ыстығы бет шарпыпты. Денесі білеу-білеу болып іскен, қып-қызыл екен. Құнекең:
— Ә, бұрын қуаты ішінде жүр еді, сыртына шыққан екен. Денесін ешкімге көрсетпе бәйбіше, — депті.

Алмахан Мұхаметқалиқызы

Білім айнасы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.