Home » Tag Archives: НЗМ (page 2)

Tag Archives: НЗМ

Ақтөбедегі Зияткерлік мектеп оқушыларының жобалары зағиптардың өмірін жеңілдетеді

Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейінде екі жобаны ұсынды. Бұл көру қабілеті бұзылған адамдарға арналған мобильді қосымша және бағыттаушы таяқ. Мұражайда облыстық зағип және көру қабілеті нашар адамдар арналған арнайы кітапхана ұйымдастырған «Мүмкіндігі шектеулі жандар үшін көпшілікке арналған кітапханалардың қолжетімділігі» семинары өтті. Қожин Асан мен Таумергенов Нұрдаулет BlindHelper атты зағип жандарға арналған навигациялық жүйесі бар таяқ авторлары. Жобаның ...

Толығырақ »

МЕКТЕПТІҢ ЖАҢА ПРЕЗИДЕНТІ САЙЛАНДЫ

     Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің өзін-өі басқару ұйымының жаңа Президенті сайланды. 11«В» сыныбының оқушысы Томирис Жұмағалиева  дауыс берушілердің 33,4 пайызын жинап, жеңіске жетті. Биыл мектепішілік сайлау комиссиясына 11-сыныптардан 8 үміткер тіркелді. Олар: Әсел Темірбек, Елжан Жарылқасын, Торғын Санақ, Айгерім Нұғман, Дархан Бақытжан, Томирис Жумағалиева, Назым Қуандықова мен Мақпал Акишева есімді Шаңырақ көшбасшылары. Сайлауалды науқанның алғашқы күнінен бастап оқушылар үгіт-насихат ...

Толығырақ »

Семейлік оқушылардың Ақтөбеге сапары сәтті болды

Жыл сайын «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ оқушылары үшін ұйымдастырылатын «Туған елге тағзым» өлкетану-экспедициялық жобасы шәкірттеріміз үшін таптырмас қосымша білім беру үрдісі. Бейтаныс өлке тарихымен таныса отырып, өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму барысы жайлы мол мағлұматқа қанығатын сапар әрі қызық әрі ғибратқа толы. Биыл Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары Ақтөбе қаласында болып қайтты. Аптаға жуық уақыт ішінде көптеген тарихи-мәдени, әлеуметтік-экономикалық ...

Толығырақ »

Ақтаудағы мектеп күн станциясы іске қосылды

Бүгін Ақтаудағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде «Мектептерге күн энергиясы» жобасының екінші кезеңі жүзеге асты. Білім ордасында күн станциялары іске қосылды. Салтанатты шараға Маңғыстау облысының әкімінің орынбасары Қаныбек Жұмашев, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ басқарма төрайымы Күлаш Шамшидинова және «Шелл Қазақстан» компаниясының өкілдері қатысты. Енді оқу орнының территориясына орнатылған 320 панель тұтынылатын электр энергиясын 30%-ға дейін үнемдейді. Құрылғы 100 квт/сағ энергия өндіреді. Күн ...

Толығырақ »

МЕКТЕП ҰЖЫМЫ ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫН ТАЛҚЫЛАДЫ

Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің ұжымы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына жасаған Жолдауын  талқылап,  президент ұсынған идеяға бірауыздан қолдау білдірді. Биыл таныстырылған маңызды құжатта тиімді мемлекет құру, азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қарқынды дамыған және инклюзивті экономиканы дамыту мәселелері бойынша көптеген жобалар қамтылған. Әдеттегідей Президент әлеуметтік жаңғыру мәселесін ...

Толығырақ »

ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ЗИЯТКЕРЛЕР БІЛІМ РЕЙТИНГІСІНДЕ  АЛҒАШҚЫ ОНДЫҚТА

Назарбаев Зияткерлік мектеп оқушыларын қорытынды аттестаттау нәтижесі бойынша қызылордалық зияткерлер Информатика және Қазіргі әлемдегі Қазақстан пәндері бойынша жоғары көрсеткіштерге қол жеткізіп, 20 зияткерлік мектептер арасында көш бастап тұр.  Ал бітіруші сынып оқушыларын сыртқы суммативті бағалау қорытындысы бойынша мектеп білім рейтінгісінде алтыншы орынға шықты. Педагогикалық кеңесте мұғалімдер сыртқы суммативті бағалау қорытындысына сараптама жүргізіп, жаңа жылда білім  көрсеткіштерін арттыру бағытындағы жұмыстарын айқындап ...

Толығырақ »

Семейдегі Зияткерлік мектепте 10 –шы мәрте алғашқы қоңырау соғылды

Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі білім күнін ерекше қарсы алды.  Өйткені, биыл мектебіміз 10 –шы қатарынан өз шәкірттеріне алғашқы  қоңырауын  соқты.  «Мәдениетті ұрпақ – ел тұтқасы» тақырыбымен өткізілген салтанатты лездемеге мектеп ұжымы, оқушылар, ата-аналар, арнайы шақырылған қонақтар қатысты.  Биылғы алғашқы қоңырау мерекесі  танымдық-тәрбиелік мәні зор ел көлеміндегі айрықша мерекелермен орайластырылды. Атап айтқанда, «Жастар жылы», 2020 жылы аталып өтілетін ...

Толығырақ »

Оқушылар өміріндегі маңызды күн

1 қыркүйек оқушылар мен ұстаздардың өміріндегі маңызды күн. Әсіресе Зияткерлік мектепке түскен жетінші сынып оқушылары үшін бұл күн қызықты, өйткені бүгін олар өздері қалаған мектеп табалдырығын аттады. Ақтөбедегі НЗМ-ның алғашқы қоңырауы ұлы Абайдың 175 жылдығына және еріктілер қозғалысына қолдау көрсететін жаңа жылға арналды. Салтанатты жиын барабаншылар шеруінен басталып, «Абай – кітап» көрінісімен жалғасты. Өзінің кіріспе сөзінде Ақтөбе қаласындағы физика-математика бағытындағы ...

Толығырақ »

Маңғыстаудағы 9,10 сынып оқушылары жаңартылған білім бағдарламасына көшеді

Тамыздың 27-сі күні Ақтаудағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде Маңғыстау облысы педагогтарының тамыз кеңесінің пәндік секциялары өтті. Жыл сайын ұйымдастырылатын жиынға өлкенің 800-ден аса мұғалімі қатысты. Конференцияның басты тақырыбы аймақтағы жалпы білім беру мектептерінің 9, 10 сынып оқушылары жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша оқуға өтуі. Кездесу барысында сарапшылар мен ұстаздар бағдарламаның ерекшеліктеріне тоқталып, пәндік секциялардың арнайы шеберлік сағаттарына қатысты. Жиналыс барысында зияткерлік ...

Толығырақ »

Орал колледжінде еліміз бойынша бірегей жоба қолға алынды

Батыс Қазақстан облысы әкімдігі мен «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ арасындағы ынтымақтастық меморандумы аясындағы жаңа жоба екікүндік семинармен басталды. Жобаның таныстырылымына облыс әкімі Ғали Есқалиев пен «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ басқарма төрайымы Күләш Шәмшидинова қатысты. Орал қаласында ағымдағы жылдың 26 тамызында педагогикалық колледждерге жаңа стратегия енгізу бойынша қанатқақты жоба өз жұмысын бастады. Назарбаев зияткерлік мектептері мен Ж.Досмұхамедов атындағы Орал жоғары педагогикалық ...

Толығырақ »