Home » Tag Archives: НЗМ

Tag Archives: НЗМ

АҚТӨБЕЛІК ОҚУШЫЛАР БАСКЕТБОЛДАН РЕСПУБЛИКА ЧЕМПИОНДАРЫ АТАНДЫ

 Алматы қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде өткен ІІ желілік баскетбол жарыстарының қорытынды кезеңі аяқталды. Жарысқа Зияткерлік мектептер арасындағы облыстық кезеңнің бірінші және екінші орындарының жеңімпаздары – 12 команда қатысты. Қыздар арасындағы абсолютті жеңімпаз Ақтөбе қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің командасы болды. Спорттық сайысқа Назарбаев Зияткерлік мектебінің 100-ге жуық оқушысы қатысты. Ойындар өте тартысты өтті. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай шаралар ...

Толығырақ »

Баскетболдан ІІ Желілік Спартакиада жеңімпаздары анықталды

Бүгін Алматы қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде баскетболдан ІІ Желілік спартакиаданың финалдық кезеңі аяқталды. Ақтық мәреге спорттық жарыстың аймақтық кезеңінде топ жарған  он екі зияткерлік мектеп командалары қатысты. Олар Нұр-Сұлтан, Шымкент, Қарағанды, Павлодар, Ақтөбе, Орал қалаларынан келген ұлдар және қыздар құрамалары. Спартакиада тартысты бәсекелер мен достық ахуалда өтті. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай шаралар спортқа деген сүйіспеншілікті еселендіріп, командалық рух пен ...

Толығырақ »

Ұстазы мықтының ұстанымы мықты

Соңғы кезде қоғамымызда білім саласына қатысты көп сын, жаңа оқу мазмұнына байланысты  сан түрлі пікірлер айтылып жүр. Мұғалім мәртебесіне қатысты заң жобасының талқылануы еңбегі елене бермейтін білім қызметкерлерінің тыныс-тіршілігіне үңілген қоғамның қызығушылығын арттыра түсті. Көбіне мұғалім жұмысын үстірт бағалап, «жақсы», «жаман» деп айдар тағатын көпшілік мұғалімнің мектепте де, үйде де үздіксіз жұмыс істейтінін біле бермейді. Мінекей, отыз жылға жуық уақыт ...

Толығырақ »

Авиа үлгілеу спортынан сайысқа түсті

Оралда Тәуелсіздік мерекесіне орай авиамодельдеу спорты бойынша облыстық жарыс өтті. Үш бөлім бойынша ұйымдастырылған сайысқа сексенге тарта оқушы қатысты. Қатысушылар өздері жасақтаған 400 мм-ге дейінгі, 400 мм-ден жоғары лақтыратын планерлерін, сондай-ақ резиномоторлы моделдерін бәйгеге қосты.  Модельдердің әрбір класында жеке және командалық біріншілік ойнатылды. Нәтижесінде 400 мм-ге дейін планерлер жарысында І орынды Ырысбек Сапарғали (Теректі ауданы), ІІ орынды Аян Қадырбай (облыстық ...

Толығырақ »

Бакуде грэплингтен қолаға қол жеткізді

Ақтау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 9-сынып оқушысы Аслан Бақыткалиев грэплингтен өткен әлем чемпионатында қола медалді жеңіп алды. Әзербайжан астанасы Бакуде 8-9 қарашада ұйымдастырылған жарыс жасөспірімдер, жастар және ардагерлер арасында өтті. Жас спортшы жасөспірімдер арасында 53 келіде бақ сынасып, екі кездесу өткізген. Менің салмақ дәрежемде 10 спортшы болдық. Алғашқы кездесуде әзірбайжан спортшысы Гейдар Хагвердилиді (Heydar HAGVERDILI) ұттым. Ал жартылай финалда ресейлік ...

Толығырақ »

Павлодар қаласының НЗМ оқушылары Hackathon: Travel Tech байқауының жеңімпаздары

Ел астанасында Hackathon: Travel Tech туристік шешімдердің инновациялық конкурсы аяқталды. Байқау нәтижесінде Павлодар қаласындағы химия-биологиялық бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің «Team I/O» командасы, яғни  11-сынып оқушылары Азамат Бекболат, Елжан Еркебұлан және Тұрлыхан Тоқтағанов жеңімпаз атанды! Марапатқа оқушылар  250 000 теңге және комиконға билеттер жеңіп алды. «TourAR «жобасы арқылы адам үйден шықпай-ақ таңдаған жеріне нақты мөлшерде саяхат жасауға мүмкіндік алады. Жеңімпаздар 36 ...

Толығырақ »

Атырауда Фариза Оңғарсынованың шығармашылығын насихаттауға арналған эстафета басталды

Атырауда поэзия падишасы Фариза Оңғарсынованың туғанына 80 жыл толуына орай мектеп оқушылары арасында ақынның шығармаларын насихаттауға арналған акция басталды. Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары қолға алған бұл жобаға облыс орталығындағы мектептер қатысуда. Аталған акция зияткерлік оқу орынында «Үздік Фаризатанушы» оқушылар байқауымен басталды. Бірнеше кезеңдерде өткен әдеби-танымдық сайысқа мектептің 8 оқушысы қатысты. Алдымен олар ақынға арнауын оқып, кейін Фариза шығармашылығына негізделген ғылыми ...

Толығырақ »

Шығармашылық – қоғамға бейімдеу тәсілі

Шығармашылық – ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды қоғамға бейімдеудің тиімді тәсілі. Оралда өтіп жатқан «Қосымша білім беру жағдайында білім алуға ерекше қажеттіліктері бар балаларға рухани-эстетикалық тәрбие беру» республикалық курсының қатысушылары осылай деп есептейді. Қосымша білім беру ұйымдарының педагогтары, жалпы орта білім беретін мектептегі үйірме жетекшілері, әдіскерлер Оралдағы Назарбаев зияткерлік мектебінің шаңырағында болып, «Қоғамға қызмет ету» жобасымен танысты. Азаматтық жауапкершілікті ...

Толығырақ »

Нұр-Сұлтан қаласындағы Халықаралық мектептің оқушысы Халықаралық саммитте Қазақстанның намысын қорғады

Қазан айының 15-18 аралығында Біріккен Ұлттар Ұйымының балалар қоры (ЮНИСЕФ) мен Германияның Кёльн қаласы мэриясының ұйымдастыруымен «Балаларға мейірімді қалалардың» Халықаралық саммиті болып өтті. Бұл жаһандық кездесу әлемнің 60 елінен жиналған 550-ге жуық қалабасыларының, жергілікті көшбасшылардың, техникалық сарапшылардың, жастар мен балалардың басын біріктірді. Саммиттің басты мақсаты – бала құқықтарын жергілікті деңгейде жүзеге асыру мен кеңейтудің инновациялық жолдарын қарастыру болып табылады. Әлемнің ...

Толығырақ »

NIS кіші жобалық кеңсесі Түркияда таныстырылды

Назарбаев Зияткерлік мектептерінің бірегей тәжірибесі Түркияда таныстырылады. Мұндай мәлімет Атырау облысы «Рухани жаңғыру» кеңсесі өкілдерінің Түркиядағы Анкара және Конья қалаларында өткен іс сапарында белгілі болды. 2018 жылдан бастап Атырау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде Тұңғыш Президенттің «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында көзделген тапсырмаларды жүзеге асыру үшін «Рухани Жаңғыру» кіші жобалық кеңсесі жұмыс жасап келеді. Жобалық кеңсе аймақтағы білім беру ұйымдарына жаңартылған ...

Толығырақ »