Home » Білім және тұлға » ҰСТАЗЫМ менің ҰСТАЗЫМ !!!

ҰСТАЗЫМ менің ҰСТАЗЫМ !!!

Айдаров Амангельды Калиевич
Астана қаласы әкімдігінің
№71 «Мөлдір» балабақшасы

ҰСТАЗЫМ менің ҰСТАЗЫМ !!!

Мен ақынмын өкінбеймін,
Мүсінші болсам егер мен…
Осы шаруаны қолға алып,
Терімді тегін төгер ем..
Әр мектептің алдында,
Үлгі етіп ұстаздың
Мен мұндалатып мүсіндерін
Жарқыратып қояр ем…

Мен ақынмын өкінбеймін,
Құрылысшы болсам құр жүрмей
Әр санатта мамандарды дайындаған үшін
Баспанасы болса да мұғалімдерге
Бір бір үй салып берер ем…

Мен ақынмын өкінбеймін
Жүрегімнен жыр жаздым
Ешкімнен көшірмеймін,
Сіздердің аттарыңызға біреулер күйе жақса
кешір деймін…
Шахтёрға да Президенткеде білім берген,
Ұстаз деген қауымды
Жүрегімнен өшірмеймін…

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.