Home » Айтарым бар » Білімнің бастауы — балабақша

Білімнің бастауы — балабақша

Жусипалиева Жанар Абаевна
Астана қаласы әкімдігі
№71 “Мөлдір” балабақшасы МКҚК
меңгерушісі

Білімнің бастауы — балабақша

Білім мен ғылым — бүтін бір әлем.
Ал, әлемнің ең таза айнасы-бала.

Бала мен білімнің байланысы осында. Кез келген бала білім нәрімен сусындап өссе — әлем тазарады.
Қазақсан Республикасының мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласында көптеген нормативтік актілер қарастырылған.
Соның ішінде баланың балабақшадағы рөлі өте ерекше. Адамдық пен адалдық, жақсы әдет- ғұрып пен мадақтау, сергіту мен тың тәрбие секілді ұғымдарды баланың көңілін көтеру арқылы оның бойына сіңіруге әбден болады. Бала бойындағы түрлі қабілеттердің дамуы ата — ананың және тәрбиешілердің жұмысына байланысты. Осы тұрғыдан алғанда балабақшадағы тәрбиешінің сауаты туралы мәселе өзектілігін жоғалтпайтыны сөзсіз.
Балабақшада сәбилік шағынан тәрбиеленіп келе жатқан балада түрлі адаптация болуы мүмкін. Әр баланың ішкі жан дүниесін, жай күйін ұғыну үшін тәрбиешінің тұлғалық қалпы болуы тиіс.
Балабақша қабырғасында ұйымдастырылған әрбір іс-шараның басында білімді тәрбиеші және балаға психологиялық тұрғыда қолдау көрсете алатын психологтың болғаны абзал.

Тәрбиеші дегеніміз балабақшадағы баланың алғашқы ұстазы болып қала бермек.
Тәрбиеші — баланың жеке басымен адамгершілік қасиеттерін ашу сонымен қатар тұлғалық мәдениетінің түп негіздерін қалыптастырушы. Баланың балабақшадағы болмысы мен жүріс тұрысын, көңілі мен жәй күйін тәрбиеші қадағалап отырса ғана дұрыс нәтиже болары сөзсіз. Бұндай жағымды қасиеттер кез келген тәрбиешінің бойынан табылуы тиіс. Сонда ғана біз бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелей аламыз. Балабақша қабырғасында тәрбиешілер баланың өмірге деген қалыпты қызығушылығын, арттырып, эмоциялы сезгіштігін қалыптастыруға және дамытуға тиіс. Сонымен қатар өнерді де қоса алып жүрген жөн.
Би билеу және ән салу дағдыларын қалыптастыра білуі шарт. Өнер мен білім тоғысқан жерде жетістіктің болары сөзсіз.
Қазіргі таңда бала тәрбиесі ең өзекті мәселелердің бірі. Баланың жеке басының түгел қалыптасуын комплексті дамуын қалаған әрбір ата — ана тәрбиені тал бесіктен бастайды.
Ол одан кейін балабақша аясында
балаға қамқорлық жасау, дұрыс өсуі және дамуы үшін, баланың өмірі қуанышты және көңілді болуы үшін балабақшаның кез келген қызметкерлері білуі керек.
Балалар бақшасындағы танымдық тәрбиенің барлық формасының ұйымдастырылуына және жүзеге асырылуына мекеменің бүкіл педагогикалық коллективті жауап береді.
Бұл арада мен өзім басқарып келе жатқан Астана қаласы әкімдігінің №71 » Мөлдір» балабақшасының педагогикалық ұжымы, балабақшадағы бала дамуына арналған әртүрлі үйірмелер жайлы айтқым келеді.
Балабақшамызда қазақ тілінде 12 топ, 4 шағын орталық жұмыс жасайды. Тұз шахтасы, құм терапиясы,логопед
каратэ, вокал, хореография,физиопроцедура сынды
қосымша ақылы үйірмелер бар. Бестемше-логикалық ойлауды дамытуға, қазақ халқымыздың ұлттық ойындарын жаңғырту мақсатына ашылған жоба аясында жұмыс жасадық. Биылғы жылға: “Асық терапиясы арқылы, балалардың зияткерлік қабілеттерін дамыту” тақырыбында эксперименталды алаң жұмысын алып отырмыз.
Әр топ бойынша бөлінген балаға бақылау жасау — жетекшінің міндеті болып табылады.
Әр баланың даму процесі әртүрлі болғандықтан, баланың өмірге, білімге, және де өнерге деген қызығушылығын арттыру барысында түрлі практика жасау арқылы қалыптастыруға болады.
Осыған орай тәрбиеші де, бала да өз бабында болуы тиіс. Біз әрқашан балалар үшін барлығы сақадай сай болуын қамтамасыз етеміз. Біз балалардың жарқын болашағы үшін барымызды саламыз. Бала біздің айнамыз.
Әр баланың жетістігі біздің еңбегіміздің жемісі.
Жастайынан білімге сусындай отырып, санасын таза ұстаған ұрпақ Ұлы даланың мақтанышы болары сөзсіз. Осы жолда аянбай еңбек етіп келе жатқан әр әріптесімнің жолы ұлы. Әр ісі үлгі. Ұстаздар мерекесі қарсаңында барша әріптестерімді, Астана қаласы әкімдігі 71 “Мөлдір” балабақшасының педагогикалық ұжымын Ұстаздар мерекесімен құттықтаймын!
Абыройға бөленіп, құрметке кенеліп жүре беріңіздер! Елдің ертеңі -жас ұрпақтың әр басқан қадамында. Ол — Сіздердің қосқан үлестеріңіз.
Болашақ ұрпақ тәрбиелеу жолындағы еңбектеріңіз үшін Алғыс айтамын. Өмірге ұрпақ әкелетін Аналарды қалай ардақтасақ, сол ұрпақтарды тәрбиелейтін Ұстаздар ол-Сіздер! Сіздер бар құрметке лайықты жансыздар. Кәсіби мерекелеріңіз құтты болсын әріптестер!

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.