Home » Мақалалар » Ұлағатты ұстаз  – ел  болашағы

Ұлағатты ұстаз  – ел  болашағы

Наймангельдиева Гуьшарат Қойшибаевна
Жетісу аудандық білім бөлімінің әдіскері

 

Өз уaқытын aямaйтын, өзгенiң бaқытын aялaйтын бағбан, бaлaмен бaлaдaй тiл тaбыca бiлетiн жанашыр, шығaрмaшыл дa теориялық жaғынaн сауатты, iзденгіш ұстаздар қауымы елдің болашағы – балаларға aдaмгершiлiк қacиеттердiң дәнiн еккен диқaншы іспетті. Құндылықтар алмасып, әр жаңа кезең өз ерекшеліктерімен келсе де, мұғалім мәртебесінің бәрінен биік тұруы хақ.

Осы орайда ұстаздардың біліктілігін арттырып, білім беру жүйесінде бәсекеге қабілетті болуға ұмтылып жүргені түрлі республикалық байқауларда көрініс табатынын ескеру керек. Соның бірі – жыл сайын ұйымдастырылатын «Үздік педагог» байқауы.

Жаңа педагогикалық идеяларды оқу-тәрбие үрдісінде жүзеге асыратын, шығармашылықпен жұмыс жасап жүрген ұстаздарды анықтау мақсатында Жетісу аудандық білім бөлімінің жылдық жоспарына сай «Үздік педагог — 2023» байқауы өтті.    Аталмыш «Үздік педагог» байқауына байқау тапсырмаларына сай 8 мұғалім қатысып, бақ сынасты. Ауданның абыройын асқақтатқан,  сыннан сүрінбей,  аламан бәйгеден оза шауып, жүйрік танылған жүлдегерлер анықталды. Қазылар алқасының  шешімі бойынша: 1- орынды 99, 3 %-бен  №102 ЖББ мектептің орыс тілі мен әдебиеті  пәнінің мұғалімі  Омартаева Айгуль Айтбаевна иеленді.  Салтанатты іс-шараны Жетісу аудандық білім бөлімінің басшысы Серикова Дидар Сериковна қорытындылап,  қатысушыларды алғыс хатпен марапаттады және  «Ұстаз»  кәсіподақ ұйымының аудандық филиалының төрайымы  Н.С.Алимбаева сыйлықтар табыстады.

Бұл ел болашағы – білімді жастарды тәрбиелеп жүрген ұстаздың  аудан қоржынына арнаған тартуы іспетті.

Ұжымын өрге сүйреп, шәкіртін жетістікке жетелеген ұстаз – тәжірибелі педагог, тағылымы мол тәлімгер- Омартаева Айгүл Айтпаевна. Саналы ғұмырын ұстаздыққа арнаған, мамандығын ерекше сүйетін шығармашыл ұстаздың жетістігі көп-ақ. Сол марапаттар қоры биыл тағы да жүлдеге толуда. Ұлағатты ұстаз ел болашағын тәрбиелеуде тынымсыз күндер мен түндерді артқа тастап, абырой биігінде келеді. Оның жеткен жетістігі, шыққан асуынан гөрі әлі қоғамға берері мол екеніне сенеміз.

Аудандық «Үздік педагог — 2023» байқауының жеңімпазы келесі қалалық кезеңде де шеберлігі мен біліктілігі танылып, жүлделі орын алуына тілектеспіз.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.