Home » Балабақша » Ойыншықтар дүкені

Ойыншықтар дүкені

Жаманкулова Балжан Балкыбеккызы
Астана қаласы
№ 96 «АЯЛА»  арнайы балабакшасы
«Мерей» ересек топ  тірбиешісі

 Ойыншықтар дүкені

Ұйымдастырылған ашық оқу-іс әректі.
Білім беру саласы: Коммуникативтік дағдыларды дамыту.
Бөлімі: Сөйлеуді дамыту, шығармашылық.
Тақырыбы: «Ойыншықтар дүкені»
Мақсаты: а) Балалардың ойыншықтар туралы түсініктерін кеңейту, ойыншықтардың аттарын атай отырып, оларды сипаттап айтуға үйрету.
б) Ойыншықтар және олардың достығы туралы қысқаша әңгіме құрау дағдыларын дамыту.
в) Үлкендердің еңбегін бағалап, ойыншықтарды күтіп ұстауға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Дүкендегі ойыншықтар, суреттер
Сабақ түрі: Саяхат түрінде.
Мотиватциялық -қозғаушылық.
Тәрбиешінің іс – әрекеті:
— Қайырлы таң балалар !
-Балалар, бүгін ерекше күн .
-Балалар бүгін бізге қонақтар келіп отыр,қонақтармен амандасайық .
Балалар: Үлкенгеде сіз,
Кішіге де сіз.
Үлкендерді  құрметтеп ,
Бас  иеміз  біз!
Бір – біріне  жылулық, жақсы көңіл күй сыйлайды.
Артикуляциялық жаттығу:
Жымиямыз, аузымызды кең ашамыз,
тілдің ұшын таңдайға апарып тақылдатамыз
Тәрбиеші: Балалар,  қане, бәріміз шеңбер құрып, қол ұстасып тұрайықшы.
Балалар: шаттық  шеңберге   тұрып, бәрі бірге қосылып айтады .
Шаттық шеңбері;
Біз ұқыпты баламыз ,
Айтқан тілді  аламыз.
Ойыншықтарды   жинаймыз,
Үлкендерді    сыйлаймыз.
Ұйымдастырушылық – ізденістік:
Тәрбиеші:  Балалар қәзір жылдың қай мезгілі?
Балалар: Қыс
Тәрбиеші:  Қыс мезгілінде ауа- райы қандай?
Балалар:  — Суық, аяз , боран.
Тәрбиеші:  Қыстын күні біз қалай киінеміз?
Балалар: Қалын, жылы.
Тәрбиеші:  — Ал  бүгіні    жаңа  оқу-іс әрекетінде «Ойыншықтар дүкені»  тақырыбымен танысамыз.
— Балалар сеңдер қандай ойыншықтар түрлерін білесіңдер?
-Сүйікті  ойыншықтарың  бар  ма ?
-Қандай   ойыншықтарың    бар ?
— Ойыншықтарды  қалай   ұстау   керек?
Балалар: жауап   береді.
Таңғажайып сәт: Есікті қағып Аю келеді.
— Сәлемдеседі. Аю Машаның дүкенге туған күніне сыйлық сатып алуға келгенін айтады.
Тәрбиеші:- Балалар біз Машаға сыйлық таңдауға көмектесеміз бе?
Балалар: -Иә.
Тәрбиеші: — Ойыншықтар дүкеніне саяхатқа барамыз ба?
Балалар: -Иә.
Тәрбиеші: — кәне бәріміз автобусқа отырып, жолға шығайық.
Тәрбиеші:  — Балалар міне біз дүкенге келдік. Дүкенде кімдер қызмет атқарады?
Балалар: — тәртіп кезекшілері, сатушылар
Тәрбиеші:  —  Жақсы! Сатушы апаймен сәлемдесіп алайық
V.Негізгі бөлім
Тәрбиеші:Балалар, мына сөреде  жатқан  заттар  не?
Балалар: Олар   —    ойыншықтар .
Тәрбиеші: Ойыншықтармен    не    істейді?
Балала: Ойыншықтармен  ойнайды.
Тәрбиеші: Балалар қараңдаршы  ойыншықтар  өте  көп, олар   қандай  әсем, әдемі  ойыншықтар. Балалар  мынау  қандай ойыншық?
Балалар: — Доп.
Тәрбиеші:  —доптың  пішіні, түсі   қандай ?
Балалар: — домалақ, қызыл.
Балалар:  Добым, добым, домалақ,
Қайда кеттің домалап?
Қызыл, жасыл,сары,көк.
Сенімен ойнайтын бала көп.
Тәрбиеші: Қыз  балалар  көбіне қандай  ойыншықпен  ойнайды ?

Балалар : — қуыршақпен.
Тәрбиеші: -Дұрыс    айтасыңдар.Қуыршақпен .  Қуыршақтың   әдемі   шашы,   әдемі   көйлегі   бар  екен.  Қуыршақтың   көй-легінің     түсі   қандай ?
Балалар:  — гүлді, күлгін. — Балалар ойыншықтар өзі әр түрлі заттардан жасалады: пластмастан, матадан, резинкадан, ағаштардан, темірден.
— Бір қуыршақты — қуыршақ деп айтамыз, ал егер бірнеше қуыршақты «қуыршақтар» деп айтамыз.
Тәрбиеші: Балалар, мұнда қараңдаршы мына жерде мен қуыршақтың сұлбасын көріп тұрмын. Қуыршақ сондай көңілсіз, үстінде киімі жоқ екен. Қәне балалар, қуыршақты киіндірейік. (балалар қуыршақты киіндіреді).
Тәрбиеші: -Ал, ұлдар көбінесе  қандай ойыншықпен   ойнайды ?
Балалар: машинамен  ойнайды.
Тәрбиеші: —    Ал,  машинаның   түсі   қандай?
Балалар: балалардың жауабы.
Ойын: Боулинг.
Шарты: Екі машинаға салынған боулингті тізіп, доппен құлатады.
Шығармашылық жұмыс: Әр баламен жеке жұмыс. (жабыстыру, мүсіндеу, құрастыру).
Тәрбиеші:  — балалар дүкенді аралап шаршаған боларсындар, бір серігіп демалып алайық.

 Сергіту сәті:
«Біз көңілді қуыршақтар» әні.
— Біздерде бар қуыршақ,
— Бұзау, қозы, құлыншақ
— Ойыншықтар ұйықтайды
— Ақыл айтсақ, бұйырсақ.
— Балалар жұмыстарын жалғастырады.

Аю:  — Балар мен сендермен «Ғажайып қоян» ойын ойнағым кеп тұр, ойнаймыз ба?
Балалар: — Иә.
Ойын: «Ғажайып  қоян». (ішінде ойыншықтар)
Ойын  шарты:  көздеріңді   жұмып  қоржыннан  кез  -келген  ойыншықты  аласыңдар. Алған  ойыншықтарыңның  атын,  түсін, қатты, жұмсақ  екенін айтып, жақсы мейірімді  тілек  білдіресің Шарты: көздерін жұмып қоржыннан кез келген ойыншықты алып, ойыншықтың атын, неден жасалғанын түсініп, қатты, жұмсақ екенін айту.
Тәрбиеші: — Балалар Аюдың ойыны сендерге ұнады ма?
Балалар:  — Иә.
Тәрбиеші:   — Балалар қалай ойлайсындар Машаға қандай ойыншық сыйлыққа алсақ болады? Аюға таңдауға көмектесейік.
Балалар:  — Қуыршақ.
Тәрбиеші: – Неге? Қуыршақты таңдадыңдар
Балалар: – қыздар қуыршақпен ойнағанды жақсы көреді.
Тәрбиеші:  — Жақсы балалар, менде солай ойлаймын ендеше қуыршағымызды сыйлайық.
Сатушы: -Аю рақмет сізге, ал мына қуыршақты Машаға табыс етіңіз.
Аю:  -Рақмет балалар, Маша қуанып қалатын болды.
Аю: Сауболындар балалар деп, қоштасып шығып кетеді.
Тәрбиеші: Балалар, Машадан видеозвонок келді.
Маша: Сәлеметсіңдерме достарым, сендердің сыйлыққа берген қуыршақтарың қатты ұнады. Рақмет сендерге.
Қорытындылау:
Тәрбиеші: — Балалар бүгін біз қайда саяхатқа бардық?
Балалар: — Ойыншықтар дүкеніне бардық?
Тәрбиеші: — Бізге кім келді қонаққа?
Балалар:  — Аю келді.
Тәрбиеші: — Сендер Машаға не сыйладыңдар?
Балалар:  — Қуыршақ.
Тәрбиеші: — Қандай ойын ойнадыңдар?
Балалар:  — Ғажайып қоян ойынын ойнадық
Тәрбиеші:  Қоржының ішінде не болады?
Балалар:  — Ойыншықтар.
Тәрбиеші: — Дұрыс ай
Бағалау, мадақтау:
— Сеңдер бүгінгі сұраққа өте жақсы жауап бердіңдер, жарайсындар.
Сатушы: Балалар сендер маған қатты ұнадыңдар, барлық тапсырманы дұрыс орындадыңдар. Ендеше дүкенімнен құр шықпаңдар менің сендерге сыйлығым бар. Міне алақойыңдар деп, өз сыйлығын береді.
Тәрбиеші: — Балалар біздің топқа қайтатын уақытымыз болыпты, Сатушы апайлармен қоштасып, тобымызға барайық.
Балалар автобусқа отырып топқа келеді.
Күтілетін нәтиже:
Орындайды: ойыншықтардың аттарын атап, ойыншық тұратын сөреге жинады;
Түсінеді: ойыншықтарды ұқыпты күтіп ұстау керектігін;
Қолданады: сұрақ – жауап арқылы диалогпен сөйлеуді.

One comment

  1. Анаргуль Тагибергеновна

    Шығармашылық табыс тілеймін!

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.