Home » Жаңалықтар » «Кедергісіз келешек» жобасы

«Кедергісіз келешек» жобасы

30 қаңтар күні «AMANAT» партиясы Астана қалалық филиалының ұйымдастыруымен «Кедергісіз келешек» жобасы аясында Пара Азия ойындарының жеңімпазы Сиязбек Дәлиев студенттермен кездесті. Мотивациялық кешке Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің 60-тан аса студенті қатысты.

Сиязбек Дәлиев балалық шағында болған жазатайым оқиға салдарынан екі қолынан айырылған. Тағдырдың сынағынан сүрінбей, жігері жасымай, екі қолынан айырылса да алға ұмтылған спортшы жастарға қоғамның мүгедектігі бар азаматтарға деген көзқарасы, отбасының қолдауы мен паралимпиада ойындарына дайындығы жайлы әңгімелеп берді.

«Ең бірінші қатысқан халықаралық жарысым – 2009 жылы Токиода өткен жасөспірімдер арасындағы Азия ойындары. Бұл жарыста мен 2 күміс, 2 қола жүлде иелендім. Жеңістің дәмін татқаннан кейін менде үлкен мотивация пайда болды. 12 жасымда қос бірдей қолымнан айырылып, жырты жыл үйде жаттым. Сол кезде ата-анам аяушылық танытпады, мүсіркеген жоқ. Соның арқасында қоғамнан өз орнымды таптым деп ойлаймын. Бүгінде 2 баланың әкесімін. Жарым Эльвирамен осы университетте таныстым. 2015 жылы үйлендік. Елордадағы Л.Н.Гумилев атындағы университетте (дене шынықтыру және спорт) білім алдым. Мен үшін нағыз мотиватор – Криштиану Роналду. Сондай мықты спортшылардың деңгейіне жетсем деп армандаймын», — деді Сиязбек.

Бүгінде Сиязбек Қазақстандағы жүзу бойынша паралимпиада құрамасының мүшесі, 2009, 2011 жылдары «Жыл спортшысы» аталымы бойынша «Жыл адамы» атанған. 2011 жылы Біріккен Араб Әмірліктерінде өткен әлем ойындарының чемпионы, 2009 жылы Токиода өткен Азия ойындарының күміс және қола медаль иегері, 2014 жылы Кореяда өткен Азия ойындарында қола медаль иегері, сондай-ақ 2015 жылы Сочиде өткен жарыста күміс және қола медаль иегері атанған.

«Экология» мамандығы бойынша 4-курс студенті Ұлжан Кусетова кездесуден алған әсерімен бөлісіп, «AMANAT» партиясы Астана қалалық филиалының ұйымдастыруымен еркін форматта тағлымы мол тұлғалармен жиі кездесу өткізілетінін жеткізді.

«Сиязбек ағамыз еңбекқорлықтың, табандылықтың арқасында кез келген жетістікке қол жеткізуге болатынын дәлелдеді. Әлеуметтік әділеттілікті ту етіп, өзін қоғамның ешкімнен кем емес бір мүшесіндей сезінуіне жағдай жасалуын мақсат тұтқан бұл жобаның жастарға берері мол. Спортшының 12 жасында басынан өткен қайғылы оқиғасы бәріміздің жүрегімізді елжіретті. Қиындыққа мойымай, қоғамнан өз орнын табуы жігер сыйлады» деді Ұлжан Кусетова.

Айта кетейік, «Кедергісіз келешек» жобасы ерекше қажеттіліктері бар қазақстандықтардың өмір сүру сапасын жақсартуға жәрдемдеседі. Атап айтқанда, басты мақсат — мүгедектігі бар азаматтар үшін «кедергісіз орта» құру, инклюзивтік білім беру, мүгедектігі бар азаматтардың өз бетінше табыс тауып, жұмысқа орналасуға көмектесу мен еліміздің осы саладағы заңнамасын жетілдіру.

 

Проект «Кедергісіз келешек»

30 января в рамках проекта «Кедергісіз келешек», организованного Астанинским городским филиалом партии «AMANAT», состоялась встреча победителя Пара-Азиатских игр Сиязбека Далиева со студентами. В мотивационном вечере приняли участие более 60 студентов Евразийского национального университета им. Л.Гумилева.

Сиязбек Далиев потерял обе руки в результате несчастного случая в детстве. Энергичный и целеустремленный спортсмен рассказал молодежи об отношении общества к инвалидам, поддержке семьи и подготовке к Паралимпийским играм.

«Первым международным соревнованием, в котором я участвовал, были азиатские юношеские игры 2009 года в Токио. В этом соревновании я завоевал 2 серебряные и 2 бронзовые медали. После того, как я попробовал вкус победы, у меня появилась большая мотивация. Сегодня я отец 2 детей. Для меня настоящий мотиватор – Криштиану Роналду. Я мечтаю достичь уровня таких сильных спортсменов» сказал Сиязбек.

Сиязбек является членом паралимпийской сборной Казахстана по плаванию, в 2009, 2011 годах стал «Человеком года» в номинации «Спортсмен года». В 2011 году стал чемпионом мира в Объединенных Арабских Эмиратах, серебряным и бронзовым призером Азиатских игр 2009 года в Токио, бронзовым призером Азиатских игр 2014 года в Корее, а также серебряным и бронзовым призером соревнований 2015 года в Сочи.

Студентка 4 курса специальности «Экология» Улжан Кусетова поделилась впечатлениями от встречи.

«Сиязбек доказал, что благодаря трудолюбию, упорству можно добиться любого успеха. Этот проект, призванный обеспечить социальную справедливость и дает молодежам много возможностей. Трагедия, пережитая спортсменом в 12 лет, тронула сердца всех нас. Не признавая трудностей, он нашел свое место в обществе» сказала Улжан Кусетова.

Отметим, что проект «Кедергісіз келешек» содействует улучшению качества жизни казахстанцев с особыми потребностями. В частности, главная цель – создание «безбарьерной среды» для граждан с инвалидностью, инклюзивное образование, помощь гражданам с инвалидностью в самостоятельном заработке и трудоустройстве, совершенствование законодательства страны в этой сфере.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.