Home » Балабақша » Дыбыстар әлемі

Дыбыстар әлемі

Агайдарова  Феруза Кидиралиевна
Астана қаласы әкімдігінің
№ 96 «Аяла» арнайы балабақшасы МКҚК
Логопед

Дыбыстар әлемі
Ересек  «Мерей» тобындағы
Ұйымдастырылған ашық оқу-іс әрекетінің конспектісі
Сабақтың тақырыбы: Дыбыстар әлемі
Сабақтың мақсаты: Дыбыстар туралы түсінігін кеңейту, тілдік емес дыбыстарды ажырату, сөздік қорын молайту, ауызша байланыстыра сөйлеу тілін дамыту.
Түзету дамытушылық: Есту арқылы қабылдауын, дыбыстарды ажырату қабілеттерін арттыру. Өз бетімен ойлауын және логикалық ойлау қабілетін дамыту, дұрыс тыныс алуын қалыптастыру, ұсақ қол моторикасын дамыту, танымдық белсенділіктерін көтеру. Баланың қоршаған табиғатты қаншалықты, қалай, қабылдайтынын зерттеу, дамыту.
Мотиватциялық -қозғаушылық.
Педагоктің іс – әрекеті:
— Қайырлы таң балалар !
-Балалар , бүгін ерекше күн .
-Балалар бүгін бізге қонақтар келіп отыр,қонақтармен амандасайық .
Балалар: Үлкенгеде сіз,
Кішіге де сіз.
Үлкендерді  құрметтеп ,
Бас  иеміз  біз!
Бір – біріне  жылулық, жақсы көңіл күй сыйлайды.
Сабақ түрі: саяхат жасау, бекіту, қорытындылау, кіріктірілген сабақ
Сабақтың өткізу әдісі: арт терапия элементтері (құм терапия, ойын терапия)
Көрнекілігі: …. құм ( құмық ботқа)
Сабақ барысы:
Ұймыдастыру бөлімі.
— Балалармен амандасу.
— Балалардың назарын ұйымдастырылған іс әрекетке аудару.
— Сөйлеу ережесі (сөйлегенде асығыстық жасама,әрдайым деміңді шығарып сөйле.)
— техникалық қауіпсіздік ережесі
Дауыс жаттығуы Әуен ырғағымен босаңсу және тыныс алу жаттығуларын орындату.
Артикуляциялық жаттығу:
Жымиямыз, аузымызды кең ашамыз, тілдің ұшын таңдайға апарып тақылдатамыз.
Тыныс жаттығуы «Көпіршікті үрле», «Қарды үрлеп ұшыр» жаттығуы.
Жаңа сабақ
-Балалар, бүгінгі ұйымдастырылған іс әрекімізде «Дыбыстар әлеміне» саяхат жасаймыз.
-Ендеше, балалар дыбыстарды тыңдайық. (үнтаспадан дыбыстарды тыңдату)
-Қандай дыбыстарды естідік?
-Біз әр түрлі дыбыстарды естідік. а) (судың сылдыры,құстардың үні, желдің гуілдеуі т.б.) ә) ( найзағайдың соғуы, машинаның гүрілдеуі, ұшақтың дауысы, поездың тарсылы)
-Осы дыбыстарды қай дене мүшемізбен тыңдадық? (құлақпен).
— Дыбыстарды айтамыз және естиміз.
— Ал, енді мен сендерге «Қоңыр қошақан» атты шағын әңгімені сурет бойынша әңгімелеп берейін. Зейін қойып, мұқият тыңдаймыз.
Аңсар күнде қоңыр қошақанына сүт беріп,көк орай шөпке жайып,қамқорлық жасап жүреді. Бір күні қоңыр қошақаны тоғайда жүрген қойларға қосылып кетеді. Аңсар  қошақанын іздеп тоғайға келеді. Қатты жел соғады.

  • Жел соққанда қандай дыбыс естіледі?
  • Жел уілдейді: у-у-у-у-у-у-у-у-у-у-у
  • Желдің әсерінен ағаштың жапырақтары шулайды.
  • Қандай дыбыс естіледі?
  • Ш-ш-ш-ш-ш-ш-ш-ш-ш
  • Тоғай ішінде жүру өте қиын. Маса да ызыңдап мазасын алды.
  • Маса қандай дыбыс шығарады?
  • З-з-з-з-з-з-з-з-з-з-з-з-з
  • Аңсар артынан еріп келе жатқан иттің ырылдаған дауысын естиді.
  • Ит қандай дыбыс шығарады?
  • Р-р-р-р-р-р-р-р-р-р-р

Аңсар айналасына қарады. Шөп арасынан басын көтеріп,итке қарай айбат шегіп тұрған жыланды байқады. Жылын итке ысылдап тұр екен: -с-с-с-с-с-с-с-с.
Жыланды көрген Аңсар қорқып кетіп қарағаш түбіне тығылды. Жоғарыдан ыжылдаған дыбысты құлағы шалды. Ол қарағаш бұтағына орналасқан араның ұясын көрді.

  • Аралар қандай дыбыс шығарады?
  • Ж-ж-ж-ж-ж-ж-ж-ж-ж-ж
  • Жақын жерден қошақанның маңыраған дауысы естілді.
  • -мә-мә-мә-мә-мә.
  • Сөйтіп, Аңсар қошақанын тауып, үйіне апарады.

Сұрақтармен жұмыс:

  • Жел соққанда қандай дыбыс естіледі?
  • Желмен шайқалған ағаш жапырақтарының дыбысы қандай?
  • Маса қалай ызыңдайды?
  • Ит қалай ырылдайды?
  • Жылан қалай ысылдайды?
  • Ара қалай ыжылдайды?
  • Қошақан қалай маңырайды?

Жарайсыңдар, балалар!
Қане, енді дыбыстарға байланысты тапсырмаларды орындайық.
Арт терапия арқылы орындалатын тапсырмалар ұсынылады.

  1. «Ойланайқ,табайық, анық айтайық, суретін салайық»- құмтерапия ойыны (алдын ала дайындалған тақтайшаларға күріш таратылады)

Суретте бейнеленген заттың жарты бейнесін және сол зат атауындағы жоғалған дыбыстың әріптік таңбасын табу, құмда салу

  1. «Мазмұнды сурет құрастырып әңгімеле…»- изотерапия ойыны

Шарты: алдарыңа берілген заттық суреттерден мазмұнды сурет құрастырып әңгімелеп беріңдер. ( қыс қызықтары)

  1. «Тында да айт»- үнтерапияойыны Мақсаты: айналадағы заттардың дыбыстарын бір-бірінен ажырата білуге үйрету, фонематикалық есту қабілетін дамыту. Құрал: қасықтар, доп, қағаз, суы бар стақан, кілттер.

Құрал: барабан, сыбызғы, қоңырау
Қорытынды.
— Қандай дыбыстарды тыңдадық?
— Әңгімеде не туралы айтылды?
— Сабақ ұнады ма?

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.