Home » Мақалалар » Көркем еңбек пәні арқылы оқушылардың эстетикалық сауаттылығын қалыптастыру

Көркем еңбек пәні арқылы оқушылардың эстетикалық сауаттылығын қалыптастыру

Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласы
 Б. Момышұлы стындағы №1 мектеп-гимназия
көркем еңбек пәнінің мұғалімі
Казкенова Айнаш Айтореновна

      Көркем еңбек пәнінің басты мақсаты –  оқушылардың шығармашылықпен жұмыс жасауына ықпал ете отырып, қазіргі заманғы технологиялық мәдениетіне, яғни бұйымдарды көркем жобалауға, өңдеп, өндіруге бейімдеу болып табылады. Сондай-ақ, оқушылардың техника мен технология әлемін зерттеп, зерделеуін, кәсіптік іс-әрекет элементтерінен практикалық тәжірибе алуын қарастырады.

Осы мақсатта мектебімізде Қарағанды облысы білім беруді дамыту орталығының басшылығымен ұйымдастырылған «Шеберлер әлеміне саяхат» атты эстетикалық сауаттылық апталығы болып өтті. Апталықтың мақсаты: көркем өнер әлеміне қызығушылығын арттыру арқылы оқушылардың функциональдық сауаттылығын арттыру. Апталықтың жұмыс жоспары бекітілді, іс-шараларды ұйымдастыруға жауапты сыныптар мен сынып жетекшілерге тапсырмалар беріліп, безендіру жұмыстары жүргізілді. Кіре беріске апталыққа арналған банер ілініп, шығармашылық жұмыстардың көрмесі қойылды. Апталықтың 1-ші күні «Өнер әлемі» деп аталды. Бұл күні бастауыш, жоғарғы сыныптарда апталықтың ашылу жиындары өтті. 5-7 сыныптарға арналып әлем мұражайларына вертуальды саяхат жасалды. «Білгір іскер»  атты зияткерлік- танымдық ойын, «Әлем балалар көзімен» атты постерлер сайысы, «Өнердің жаңа бағыттары» атты сынып сағаттары өтті.  Апталықтың 2-ші күні «Шеберлер қаласы» деп аталды. 1- сынып оқушылары «Күзгі сый» атты табиғи материалдардан жасалған заттар көрмесін ұйымдастырды. «Мәдени мұралар» атты сынып сағаттары өтті. «Алтын күз» табиғи материалдардан жасалған бұйымдар байқауы ұйымдастырылды. Күзгі пейзаж плэнер сабағы 5-сынып оқушыларымен  өткізілді. «Моншақтан кәдесыйлар дайындау» шебер- сыныбы,  «Менің сүйікті қалам» атты постерлер сайысы  өткізілді. «Болашақ архитекторлар» атты видеороликтер байқауы ұйымдастырды. 8-9 сынып ер балалары арасында «Жігіт сұлтаны» сайысы өтті. Апталықтың 3-ші күні «Әдептілік күні» деп аталды. «Түстер сыры» атты 2 сынып оқушылары арасында арт-терапия сабағы өтті. «Тілдік этикет» сынып сағаты өткізілді. Табиғи материалдардан бұйымдар жасау сыныптан тыс сабағы, 6 сынып қыздары арасында «Ал, кәнеки, қыздар» ұйымдастырылды. 4-ші күн «Шеберлер күні» деп аталды. «Жүннен жасалған бұйымдар» атты сыныптан тыс сабағы өткізілді. «Әлем халықтарының тағамдары» атты буклеттер сайысы, 7 сынып қыздарының арасында «Алтын күз» атты әртүрлі қалдық материалдардан киім үлгілерін жасау дефиле байқауы өтті. «Шеберлер күнбағысы» атты жобалар байқауы ұйымдастырылып, 9 сыныптарда «Мамандықтар әлемі» атты сынып сағаты өтті. 5-ші күн «Күз бояулары» деген айдармен өтті. 3-сыныптар «Сыйқырлы күз» атты сыныптан тыс іс- шаралар ұйымдастырды. 9-сыныптар арасында « Күзгі бал» кеші өтті. 6-шы күн «Бұл әлем  қандай әдемі» деп аталды. 4-сынып оқушылары құстарға арналған ұялар жасады, оны ағаштың басына орналастырды. Апталықтың қорытындысы шығарылып, апталық кезінде  іс-шараларға белсене қатысқан сыныптар мен оқушыларды  марапаттау  жиыны ұйымдастырылды. Апталық барысында 25 іс- шара өтіп, оған 700 оқушы қатысты.

Іс- шаралар  өткізу барысынды оқушылардың шығармашылық қабілеттері, оқушылардың адамдармен, қоғамдық орында өздерін ұстау талаптары дамыды, эмоциональды көңіл-күй мен оқуға деген ынтасы қалыптасты. Сонымен қатар, көркем және шығармашылық жобалық іс- шаралар шеңберінде оқушылардың ынтымақтастығы артып, оқушыларға мамандық таңдауға бағыт-бағдар берілді. Алдағы уақытта осындай апталықтарды  ұйымдастыру, балалардың көркем еңбекке деген қызығушылықтарын арттыра беретініне үмітіміз мол.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.