Home » Мақалалар » Жаңартылған білім беру бағдарламасы аясында белсенді  оқытудағы мұғалімнің рөлі

Жаңартылған білім беру бағдарламасы аясында белсенді  оқытудағы мұғалімнің рөлі

Бүкіл әлемнің білім беру жүйелерінің келешек  ұрпаққа қандай білім беретіні туралы мәселе қайта қаралуда. Осы мәселе аясында « Балалар ХХІ ғасырда табысты болу үшін нені үйренеуі керек?» және « Оқытудың тиімді әдістері қандай?» деген сияты негізгі сауалдар туындайды. Бұл сауалдар білім беру бағдарламасымен және білім беру бағдарламасын жүзеге асыруда пайдаланылатын педогогикалық тәсілдермен тығыз байланысты.

Қазіргі кезде Қазақстанда жоғарыда сипатталған жаһандық проблемаларға жауап бере алатындай деңгейде ұлттық мәнмәтіндегі жұмыстар жүргізілуде. Білім беру бағдарламсындағы ұлттық стандарттарға, бағалауға, оқулықтар мен оқыту әдістеріне қатысты білім беру саласындағы өзекті құндылықтар мен мақсаттар мектеп оқушыларының жалпы үлгерімін арттыруды, сондай-ақ инновация  мен көшбасшылықты енгізу үшін талап етілетін дағдыларды дамытуды, мектеп мәнмәтіні арқылы ұлттық сананы қалыптастырып іске асыруды және ауқымды халықаралық тәжірибемен өзара әрекеттесуді көздейді. Жаңартылған білім беру бағдарламасы мен бағалау жүйесін енгізу аталған міндеттерді шешу үшін қабылданған шаралардың бірі болып табылады.

Рухани құндыдылықтар:

-шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау;

-коммуникативтік қабілеттер;

-өзгелердің мәдениетіне және көз қарастарына құрметпен қарау;

-жауапкершілік

-денсаулық, достық және айналадағыларға қамқорлық көрсету;

-өмір бойы оқуға дайын болу;

Дағдылар:

-сын тұрғысынан ойлау;

-білімді шығармашылық тұрғыда қолдана білу қабілеті;

-проблемаларды шешу қабілеті;

-ғылыми-зерттеу дағдылары;

-коммуникативтік дағдылар (тілдік дағдыларды қоса алғанда) ;

-жеке және топпен жұмыс істей білу қабілеті;

АКТ саласындағы дағдылар.

Оқу бағдарламаларында жоғарыда келтірілген құндылықтар мен дағдылар ескеріліп, пән бойынша білім деңгейі, дағдылар мен құзіреттіліктер қарастырылады. Бұларды осы құндылықтар мен дағдылардың барлығы қарастырылған бастауыш сыныптарға арналған оқу бағдарламаларынан көруге болады: қазақ тілі,сауат ашу,әдебиеттік оқу, математика, жаратылыстану және дүниетану. Жалпы алғанда, оқу бағдарламалары білім беру бағдарламасының негізінде әзірленген (оқушылар нені білу керек және нені істей білулері керек екендігін жан-жақты көрсететін критериалды бағалауға негізделген сынып сайын күрделеніп отыратын оқу мақсаттары).

Жаңартылған білім беру бағдарламасының мазмұнын сараптай отырып сыни ойлау дағдыларын қалыптастырудың нақты бағытын, білім алуда шығармашылық қабілетін, проблемаларды шешу, жеке және топта жұмыс жасау, ғылыми -зерттеу дағдыларын, коммуникативтік дағдыларын, АКТ аясында дағдыларын бекітуге болады. Жоғарыда қарастырылған дағдыларды оқушыларды тиімді ұйымдастару үшін белсенді оқытудың әдістерін қолдануға болады. Нұсқаулықта, осы бөлімде бастауыш сынып мұғалімдеріне белсенді оқыту стратегияларын қолдану мен коллаборативтік оқытуды ұйымдастыру әдістерін ұсынылған.

Белсенді оқу оқушының мұғалімді енжар тыңдап қана қоймай, белсенді жұмысқа тартылуын көздейтін оқыту және оқу әдістерінің бірі болып табылады. Бұл тәсілдер оқу үрдісі жаттығудың алдында емес, оны орындау барысында жүзеге асырылатын құбылыс екендігін түсіндіреді. Сыныпта қолданлатын бұндай тәсілдерге топтық жұмыс, ойынның «баламалары» және пән бойынша белгілі тақырыптағы ойындар кіреді. Бастауыш сыныптарда ойын шынайы өмірдің белгілі бір аспектілерін модельдеу және зерттеу үшін ұсынылған мүмкіндік болып табылады. Домино және карта сияқты дәстүрлі ойындар математика сабақтарындағы кездейсоқтықпен ықтималдық мәселесін қарастыруда оңтайлы болмақ. Шарада, тақтада сөздерді біріктіру немесе  сөздерді жіктеу сияқты ойындар-тіл үйренуді қамтамасыз етудің және оны көрсетудің бірден-бір қызықты әрі тартымды тәсілдерінің бірі.

Белсенді оқудағы мұғалімнің рөлі

Бастауыш сыныпқа арналған білім беру бағдарламасының мақсаты оқушыларға еркін ойлануды үйрету болып табылатындығына қарамастан, мұғалімдердің немқұрайлық танытпауы аса маңызды. Сондықтан оқушылар өздігінен белгілі бір жетістіктерге қол жеткізген нүктеден өздерінің жақын арадағы даму аймағынан аймағына дейінгі «өздерінің қамалын тұрғызады». Оқушылар өз ЖАДА-сында жұмыс жасағанда оларға қолдауға қажет. Мұндай қолдау мұғалімдер — тәуелсіз сарапшылар жұмыс парақтары, кітаптар немесе басқа да көздерден көрсетілуі мүмкін. ЖАДА қағидаты – оқушы және оқу кезінде қол жеткізгенімен салыстырғанда, сабақ үстінде неғұрлым көбірек үйренуге тырысуы керек.

ЖАДА қағидаты оқушылар жалғыз жүмыс істегеннен гөрі, мұғалім қолдау көрсететін сабақта анағұрлым жақсы үйренеді деген ойға негізделеді. Мысалы, оқушыларды зерттеу сұрағын анықтау және тапсырма таңдау үдерісіне қатыстыру олардың оқу үдерісіндегі белсенділік дәрежесін арттырады, себебі белгілі бір деңгейде зерттеу бағытын олар өздері бақылайды. Бастауыш сыныптарда зерттеу сұрағын келісу үдерісі мұғалімнің көмегімен жүргізілуі тиіс.Мысалы, мұғалімдер оқушылар ұсынатын сұрақтарды келесі түрде жіктеуге көмектесе алады: білген қызық, білгім келеді, зерделенетін негізгі тақырыпты түсіну үшін маңызды. Бұл жіктеу жүйесі алдағы уақытта оқушыларға зерттеуге арналған тиісті сұрақты таңдауда тірек бола алады. Нақы айтқанда, мұғалім сай келмейтін сұрақтарды болдырмау мақсатында, оқу мақсаттарына сәйкес келетін сұрақтардың ғана қамтылуын қамтамасыз етуі қажет. Егер оқушыларға өзі білетін дағдыларды ғана қолдануды рұқсат етілсе, оларды ештеңе үйренбейді деуге болады. Терең білім алу мұғалімдердің дағдыларына да байланысты, яғни олар оқушылардың жаңа білімдерін бұған дейінгі білімдерімен ұштастыра алуын бақылай білулері маңызды. Бұл үдеріс әр оқушының жеке дағдысы мен қабілеттеріне байланысты әртүрлі болады. Сол себепті мұғалімдер әр оқушы үшін оқу үдерісінің келесі қадамдарын анықап, әрі қарай ілгерілеуіне септігін тигізу үшін жекелеген оқушыларды үнемі бағалап отыруы керек. Бақылай отырып, оқудың келесі қадамдарын анықтау үшін ақпаратты пайдалану тәсілі метаталдаудың көмегімен білім беру шараларының табысты түрлерінің бірі ретінде танылып, соңғы 20 жыл ішінде халықаралық деңгейде мойындалып отыр.

Тұлғаға бағытталған білімдер жүйесі білім стандартына сай тұлғаның жан-жақты дамуына негізделген, алған білімін өмірдің қандай бір жағдаяттарына қолдана алатындай дәрежеде ұсыну педагогтің құзыреттілігіне баланысты болады. Бүгінгі күн талабына сай бейіндік оқыту барысында педагогтің атқарар жүгі салмақты болып тұрғандығы белгілі.

Қорыта айтқанда, мұғалімнің басты қызметі жаңа қоғамға сай білімді, көкірегі ояу, тәрбиелі, әр уақытта еліне қызмет ететін, оңды-солын білетін жақсы азамат қалыптастыру. Ал, мұғалімнің негізгі міндеті қазіргі кездегі жаңа оқытумен тәрбиелеу технологияларын меңгеріп, өз кәсібін әрі қарай дамыту.

Жезқазған қаласы №10 ЖББМ КММ
Бастауыш сынып мұғалімі
Жакенова Актолкын Абилкасмовна

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.